Бауыржан Әліқожа (Наз)

 Бауыржан Әліқожа (Наз)

Үлде мен бүлдеге қымтанып,
Жалғанда жүргендей бір өзі...
Отырсың тағы да мін тағып,
Құбылма жан ба едің мінезі.

Бұртия бересің қашанғы,
Кінәмшіл неліктен жас жаның?!
Қылықтан арылмай жасанды,
Айбарлы көрінбес асқарың.

Бойдағы сарқыдың сабырды,
Бұл сенің не еткенің қарағым?!
Жанымның әйнегі шағылды,
Өзіңді жек көріп барамын.

Шырылдап шарқ ұрды шыдамым,
Ызаға толғандай көкірек.
Баянсыз бақыттан ұғарым,
Сезімім боп қалды «жетімек».


Сырымды тұрғандай тыңдап күз,
Сап-сары алтыны жалтырап.
Жүрегім соғады шын бақсыз,
Жапырақ секілді қалтырап.

Көңілге қыс орнап, жаз кірмей,
Кеудемді торлады шұбар мұң.
Махаббат жолында Мәжнүндей,
Жынданып кететін шығармын!!!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру