Құралай Омар (Көктемгі меланхолия)
Жүрек шіркін тапса деймін тез емін,
Қиялымды қанат қып кеңістікті кеземін.
Өзіңді іздеп… Қайдасың? Ұмыттың ба?!
Жо-жо-жоқ!
…Сағынышың екенімді сеземін.
Өзің ғашық гүл-өңім
Сарғаймасын, жайнасын деп
Жылап тұрып, күлемін…
Ойламауға тырысып, сызғаныңмен санаңнан,
Жүрегіңнің төрінде мен жүрмін ғой, білемін.
Өлшер ме еді сағыныштың салмағы мен көлемін?..
Өз өмірім өз қолымда, өзім ғана төремін.
Десем дағы… жете алмай,
Арманымның әлемінде жолығып,
Тек түсімде көремін.
Қиялымды қанат қып кеңістікті кеземін.
Өзіңді іздеп… Қайдасың? Ұмыттың ба?!
Жо-жо-жоқ!
…Сағынышың екенімді сеземін.
Өзің ғашық гүл-өңім
Сарғаймасын, жайнасын деп
Жылап тұрып, күлемін…
Ойламауға тырысып, сызғаныңмен санаңнан,
Жүрегіңнің төрінде мен жүрмін ғой, білемін.
Өлшер ме еді сағыныштың салмағы мен көлемін?..
Өз өмірім өз қолымда, өзім ғана төремін.
Десем дағы… жете алмай,
Арманымның әлемінде жолығып,
Тек түсімде көремін.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: құралай омар Көктемгі меланхолия өлең стихи на казахском языке куралай омар казакша олен, құралай омар өлеңдері, стихи на казахском языке куралай омар, куралай омар казакша олендер, Көктемгі меланхолия