Бауыржан Әліқожа (Қалқатайым)
Жайт екен ғой ғашықтық әсте әурелі,
Сол сұлуды сағындым Мәскеудегі.
Көз алдымнан сырғуда нелер елес,
Тебірентіп тәтті шақ жас кеудені.
Аңсарымды аудырып қарашығың,
Келтіретін көңілдің жарасымын,-
Қалқам, қалай көтеріп жүр екенсің,
Келбетіңе қадалған дала сұғын.
Жылы ұшырап көзіне баурағасын,
Мұңды етесің талайдың сау баласын.
Сымбатыңа иманмен суғарылған,
Бар әлемнің назарын аударасың.
Ойымдағы өзіңсің асыл үміт,
Ардақтысын етер ме ғашық ұмыт.
Көрсетпеймін әзірше сені ешкімге,
Жұрт көзінен жүре тұр жасырынып...
Қалқатайым жаралған ізгі арманнан,
Жүрегімді қайтейін сыздар болған.
Соның бәрі өзіңді сағынғаннан,
Соның бәрі өзіңді қызғанғаннан.
Куә етердей бойды алар назыңа ертең,
Сағыныштың шертуде сазын өлкем...
Мендік күйді жүрсің бе сен де кешіп,
Нәркес жанар, наз үнді нәзік еркем.
Сол сұлуды сағындым Мәскеудегі.
Көз алдымнан сырғуда нелер елес,
Тебірентіп тәтті шақ жас кеудені.
Аңсарымды аудырып қарашығың,
Келтіретін көңілдің жарасымын,-
Қалқам, қалай көтеріп жүр екенсің,
Келбетіңе қадалған дала сұғын.
Жылы ұшырап көзіне баурағасын,
Мұңды етесің талайдың сау баласын.
Сымбатыңа иманмен суғарылған,
Бар әлемнің назарын аударасың.
Ойымдағы өзіңсің асыл үміт,
Ардақтысын етер ме ғашық ұмыт.
Көрсетпеймін әзірше сені ешкімге,
Жұрт көзінен жүре тұр жасырынып...
Қалқатайым жаралған ізгі арманнан,
Жүрегімді қайтейін сыздар болған.
Соның бәрі өзіңді сағынғаннан,
Соның бәрі өзіңді қызғанғаннан.
Куә етердей бойды алар назыңа ертең,
Сағыныштың шертуде сазын өлкем...
Мендік күйді жүрсің бе сен де кешіп,
Нәркес жанар, наз үнді нәзік еркем.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бауыржан әліқожа Қалқатайым өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Қалқатайым