Ербол Бейілхан (Көлеңкелер...)

 Ербол Бейілхан (Көлеңкелер...)

Асқақ - іңір мұң арқалап келеді,
Көлбеңдейді көлеңке!
«Көлеңкелер» түнге сіңіп өледі,
Өлмейтің тек Өлең ше!..

Көлеңкелер, көлеңкеге сенеді,
Мансап, мақтан күн үшін.
«Көлеңке ғой, көлеңкенің көлемі»
Көрген күні құрысын!

Көлеңкелер, көлеңкеден қорқады,
Күн көзінен жасқанып.
Көлеңкелер көлбең-көлбең жортады,
Бір күніне мастанып...

Керуен - тарих таусылмайтын парақты,
Өлшенді Ақ, Қараң.
Мақтаменен бауыздайтын талантты,
Көлеңкеден сақтанам!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру