file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ербол Бейілхан (Біз екеуміз...)

 Ербол Бейілхан (Біз екеуміз...)

Сен де жалғыз. Мен де жалғыз, Ол-жалғыз!
Мұң аңқытып бүр жарады Ой жалбыз!
Тамыры жоқ тасқа өскен гүл сынды,
Тағдырлы өлең ойсыз басты ойланғыз!

Сен де мұңлы, мен де мұңлы. Мұңдымыз!
Қазы қайтқан сыр шертеді сырлы Күз.
Өмір деген - үлкен қалып шектеулі,
Сол қалыпқа сыймайтұғын жындымыз...

Сен де қырсық, мен де қырсық. Қырсықпыз!
Қайыңдағы тым сезімтал бүршікпіз.
Жүректегі сағыныштың көз жасын,
Күз құлатқан жапырақпен сүртіппіз!

Сен де ойда, мен де ойда. Дарамыз!
Ақ параққа қалам түрткен қалады із.
Жалғыздықтан жалыққан күн ақыры,
Қол ұстасып Айға кетіп қаламыз!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру