Ербол Бейілхан (Торғын – күндер...)
Торғын – күндер қолдан шықса сусыды,
Астары жоқ уақыт-ай, Тігіссіз.
Сола ма айтшы, гүл сезімнің бүршігі,
Күндер қайда, түндер қайда күдіксіз?...
Жүрегімде бар әдемі – мұнара,
Арманымды кете алмайды жел қуып.
Тым болмаса, хат жазып тұр күн ара,
Сенсіз күнге кеткенімше көндігіп...
Пенделік-ай, тас секілді қыналы,
Қызыл қына – езіледі жүрегім!
Періште едік...уақыт қой кінәлі,
Жылап тұрып, өп-өтірік күлемін...
Жырдан – көйлек тікпек едім әдемі,
Өрнегімді жүрген едің ұнатып.
Махаббаттың көп екен-ау, әлегі,
Абайсызда алғанымды-ай, жылатып...
Астары жоқ уақыт-ай, Тігіссіз.
Сола ма айтшы, гүл сезімнің бүршігі,
Күндер қайда, түндер қайда күдіксіз?...
Жүрегімде бар әдемі – мұнара,
Арманымды кете алмайды жел қуып.
Тым болмаса, хат жазып тұр күн ара,
Сенсіз күнге кеткенімше көндігіп...
Пенделік-ай, тас секілді қыналы,
Қызыл қына – езіледі жүрегім!
Періште едік...уақыт қой кінәлі,
Жылап тұрып, өп-өтірік күлемін...
Жырдан – көйлек тікпек едім әдемі,
Өрнегімді жүрген едің ұнатып.
Махаббаттың көп екен-ау, әлегі,
Абайсызда алғанымды-ай, жылатып...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Ербол Бейілхан Торғын – күндер... өлең олен ербол бейлхан стихи на казахском, стихи на казахском языке, ербол бейілхан өлеңдері, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно