Серікбай Маханов (КҮЗ САРҒАЙЫП)
Кеттің бе күзім сарғайып .
Барамыз біздер қартайып ?
Жасыма дейсің ой салып
Жатыр –ау өмір ортайып !
Жап – жасыл тұрған тал еді ,
Жарасқан күнім «бал» еді .
Өзіңмен тұрған сөйлесіп
Қартайған жігіт шал еді .
Енді жоқ жаздың ыстығы ,
Басталар қыстың суығы .
Әніңе салма жылауық
Долы жел соққан былтырғы ?
Көңілсіз неге жасыл бақ ? ,
Бояуын қайда жасырмақ .
Шашылды қоқыс күл болып
Өртеніп жатыр жапырақ !
Дүркіреп бұлттар өтеді ,
Жаңбыр мен құйын кезеді .
Құлазып дала абыржып
Алыстан сәуле өшеді .
Табиғат көзі тіршілік .
Тағдырға еттім шүкірлік .
Мезгілмен есік ашылды
Тек қана ұқпас бір шірік .*
Қартайма көңіл қартайма ,
Ұқсамай түрғын қайнарға .
Сарғайған күзде өлең көп
Шабытым әсте ортайма ? !
Барамыз біздер қартайып ?
Жасыма дейсің ой салып
Жатыр –ау өмір ортайып !
Жап – жасыл тұрған тал еді ,
Жарасқан күнім «бал» еді .
Өзіңмен тұрған сөйлесіп
Қартайған жігіт шал еді .
Енді жоқ жаздың ыстығы ,
Басталар қыстың суығы .
Әніңе салма жылауық
Долы жел соққан былтырғы ?
Көңілсіз неге жасыл бақ ? ,
Бояуын қайда жасырмақ .
Шашылды қоқыс күл болып
Өртеніп жатыр жапырақ !
Дүркіреп бұлттар өтеді ,
Жаңбыр мен құйын кезеді .
Құлазып дала абыржып
Алыстан сәуле өшеді .
Табиғат көзі тіршілік .
Тағдырға еттім шүкірлік .
Мезгілмен есік ашылды
Тек қана ұқпас бір шірік .*
Қартайма көңіл қартайма ,
Ұқсамай түрғын қайнарға .
Сарғайған күзде өлең көп
Шабытым әсте ортайма ? !
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: серікбай маханов КҮЗ САРҒАЙЫП өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, КҮЗ САРҒАЙЫП, куз туралы олен, күз туралы өлең, стихи на казахском языке про осень