Серікбай Маханов (ДҮНИЕ КЕРУЕН)
Барасың қайда асығып ,
Төбеден Күнді жасырып ?
Таң нұры жылжып биіктен
Сәулесін жатыр асырып !
Тізгілеп барқыт сай – сала ,
Өзгерді аймақ айнала .
Қазанын жуып көк нөсер
Төгеді қаймақ тап – таза .
Жап – жасыл желек жамылған ,
Қырлардан гүлдер тағынған .
Дүниең жалған керуен
Жылжиды алтын тағынан .
Айнала толған шаттық үн ,
Айналып өтті Күн мен Түн .
Табиғат сырын түсінгін
Жадырап тұр ғой ашық күн .
Бояуға малып маңайды ,
Тоғайда бұлбұл сайрайды .
Теңеліп бәрі тамаша
Заманым гүл – гүл жайнайды .
Төбеден Күнді жасырып ?
Таң нұры жылжып биіктен
Сәулесін жатыр асырып !
Тізгілеп барқыт сай – сала ,
Өзгерді аймақ айнала .
Қазанын жуып көк нөсер
Төгеді қаймақ тап – таза .
Жап – жасыл желек жамылған ,
Қырлардан гүлдер тағынған .
Дүниең жалған керуен
Жылжиды алтын тағынан .
Айнала толған шаттық үн ,
Айналып өтті Күн мен Түн .
Табиғат сырын түсінгін
Жадырап тұр ғой ашық күн .
Бояуға малып маңайды ,
Тоғайда бұлбұл сайрайды .
Теңеліп бәрі тамаша
Заманым гүл – гүл жайнайды .
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: серікбай маханов ДҮНИЕ КЕРУЕН өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, ДҮНИЕ КЕРУЕН, дуние туралы олен, дүние туралы өлең