Серікбай Маханов (КҮЗ БЕЛГІСІ)
Күз белгісі , тал жапырақ сарғайған ,
Жел еседі гуілдеп кеп шалғайдан .
Боз қыраулар ізін салған бұтақтан
Ән естіледі шырылдаған торғайдан .
Үн қатады тылсым күз тықырлап ,
Аласұрып жаздың тағын сиқырлап .
Сан алуан шимайлаған бояуын
Құйып жатыр құйын келіп ұрғылап .
Кең даланың көзін тауып аптығып ,
Сілкінеді бар ашуын лақтырып .
Зуылдайды алға қарай ілгерлеп
Күздің жолын табиғатқа таңдырып .
Шаң көтеріп будақтайды қыр сызып ,
Асықтырып күн сәулесін сырғытып .
Құлап жатыр гүл шоқтары қуарған
Солып бітіп , аяқ асты булығып .
Шатқалдардан нар қамыстар шулайды ,
Жүрегінің ар – намысы тулайды .
Білеуленіп тамырыңнан соққан қан
Бір ұраға жастық шақты жинайды.
Өткен күндер көрінбейді ойлаймын ,
Болашақты арманым деп жырлаймын .
Түн ішінде күз ауласын қызықтап
Өлеңменен уақытымды ұрлаймын !
Жел еседі гуілдеп кеп шалғайдан .
Боз қыраулар ізін салған бұтақтан
Ән естіледі шырылдаған торғайдан .
Үн қатады тылсым күз тықырлап ,
Аласұрып жаздың тағын сиқырлап .
Сан алуан шимайлаған бояуын
Құйып жатыр құйын келіп ұрғылап .
Кең даланың көзін тауып аптығып ,
Сілкінеді бар ашуын лақтырып .
Зуылдайды алға қарай ілгерлеп
Күздің жолын табиғатқа таңдырып .
Шаң көтеріп будақтайды қыр сызып ,
Асықтырып күн сәулесін сырғытып .
Құлап жатыр гүл шоқтары қуарған
Солып бітіп , аяқ асты булығып .
Шатқалдардан нар қамыстар шулайды ,
Жүрегінің ар – намысы тулайды .
Білеуленіп тамырыңнан соққан қан
Бір ұраға жастық шақты жинайды.
Өткен күндер көрінбейді ойлаймын ,
Болашақты арманым деп жырлаймын .
Түн ішінде күз ауласын қызықтап
Өлеңменен уақытымды ұрлаймын !
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: серікбай маханов КҮЗ БЕЛГІСІ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, КҮЗ БЕЛГІСІ, куз туралы олен, күз туралы өлең, стихи на казахском языке про осень