Ақпаратты есте сақтаудың тиімді тәсілі
Америкалық психологтар ақпаратты есте сақтаудың тиімді әдісін атады. Зерттеу нәтижелері Learning & Memory журналында жарияланды.
Мамандардың пайымдауынша, қабылданған қандай да бір мәліметті есте сақтап қалу үшін, оны біреуге айтып беру қажет. Нәтижесінде, бұл ақпарат пен оның егжей-тегжейлі мән-жайы тіпті бір аптадан кейін де адамның есінде тұрады.
Ғалымдар мұндай тұжырымға студенттермен өткізілген зерттеуден кейін келген. Оларға жарты сағат бойы 40 фильмнің 24-секундтық роликтері көрсетілді. Экспериментке қатысушылардың шарты — видеода көрсетілген жалпы сюжетті, сондай-ақ түрлі ұсақ-түйектерді, мәселен, дыбыстарды, түстер мен кейіпкерлердің қимылдарын есте сақтап қалу болды.
Соңында, видеоны қарап шыққаннан кейін онда қамтылған ақпаратты бір-біріне айтып беріп отырған студенттер берілген тапсырманы үздік орындап шықты.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ақпаратты, кейін, жарияланды, журналында, айтып, Америкалық, Learning, сақтап, Memory, әдісін, нәтижелері, сақтаудың, атады, психологтар, Зерттеу, тиімді, түйектерді, түстер, түрлі, кейіпкерлердің