file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

"Ғаламның үздік дауысы": Екінші келе жатқан Димаш 369-шы орынға бір-ақ түсті

"Ғаламның үздік дауысы": Екінші келе жатқан Димаш 369-шы орынға бір-ақ түсті

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов "Ғаламның үздік дауысы" деген америкалық шоуда бақ сынауда. Ол бір түн ішінде екінші орыннан 369 орынға түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

16 қаңтар күні кешкісін отандық әнші Димаш Құдайберген дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынға жайғасқан еді. Ол поп-музыка королі атанып кеткен Майкл Джексонды артқа қалдырған болатын.

Түнде қызық жағдай орын алып, Димаш екінші орыннан 369 орынға бір-ақ сырғыған. Отандық әнші аз уақытта 16 мыңдай лүпіл жинағанымен, 113 мыңнан астам дизлайк басқан.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген америкалық шоуға қатысып жатқандықтан, оған отандастардың қолдауы қажет.

Қатысушыларға дауыс беру ranker.com сайтында жүргізілуде.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру