Эмиль Кенжесариевтің алаңға оралуы екіталай
Бір айға жуық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан ақтөбелік футболшы Эмиль Кенжесариев кеше есін жиды.
Дәрігерлердің айтуынша, спортшы орнынан қозғалып, бірінші рет өз қолымен ас ішкен. Алайда, Эмель 10-шы тамыз күні өзін аяусыз соққыға жыққан қаскөйлердің есімдерін айта алмай отыр. Есін енді жия бастаған футболшы сол күні орын алған оқиға туралы ештеңе есінде қалмағанын ишарамен түсіндірген.
Алматылық дәрігерлер Эмиьдің басынан алған жарақаты тым ауыр болуына байланысты есте сақтау қабілетінің төмендеп кеткенін, алайда бұл жағдай уақытша екенін алға тартып, науқасқа әлі де емделу керектігін айтып отыр.
"Ақтөбе" футбол клубының аяқдоп шебері тек бірнеше айдан соң ғана тергеушілермен тілдесе алады. Жуырда футболшының басына тағы ота жасау жоспарда тұр. Бәрі сәтті өтті дегеннің өзінде Кенжесариевтің үлкен футболға жақын уақытта келе қоюы екіталай",- деді Емиль Кенжесариевті емдеуші дәрігер Ерлан Рахаділов КТК телеарнасына берген сұхбатында.
Естеріңізде болса, Эмиль Кенжесариевті соққыға жықты деген күдікпен Алматыдағы мейрамханалардың бірінде күзетші болып жұмыс істейтін 20 жастағы жігіт қолға түскен болатын. Алайда күдікті бұл қылмысқа қатысы жоқтығын алға тартып отыр.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Эмиль Кенжесариевтің алаңға оралуы екіталай, Эмиль Кенжесариев туралы жаналык, Эмиль Кенжесариев туралы жаңалық