Журналистер марқұм Ерасыл Әубәкіровтің өмірінің соңғы минуттары өткен коттеджді тапты
Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Ғаламторда студентті өлтірді деп күдікке ілінгендердің қылмысты атқару кезіндегі рөлдері анық көрсетілген тергеу сызбасы жарияланды.
Оған сәйкес, 23 жасар студент өскемендік бай баласы Аян Мейірбаевтың тапсырысымен, өлтірілген деп хабарлайды КТК арнасы.
Интернетке тарап кеткен ақпарат бойынша, студентті қинап, азаптап өлтірген үйдің мекен жайы да көрсетіліпті. Бүгін осы қанды қылмыс болған үйді КТК арнасы іздеп тауып, көріп келді.
Марқұм Ерасыл Әубәкіровтің өмірінің соңғы минуттары Астананың шетіндегі коттеджде өткен. Екі қабатты үйде 23 жастағы студентті бірнеше күн қамап ұстап, кейін азаптап өлтірген. Қанды қылмыс болса да, коттедждің есігіне қара құлып салынбапты. Жантүршігерлік оқиғаның ізін жасыру үшін қожайыны қан болған төсек пен жердегі кілемді алып тастап, шаршы метрлерін жын-ойнаққа жалға беруін жалғастыруда.
Ал Ерасылды өлтіріп, кейін қарға көміп тастады деген күдікке ілінгендердің барлығының аты-жөндері белгілі болды. Тіпті, ғаламторда тараған кестеде Аян Мейірбаев бастаған күдіктілердің адам өлтіру кезіндегі рөлдері мен бір-біріне шалған қоңыраулары анық көрсетілген. Мәселен, қылмыстың үстінен түсіп, барлығын таспаға түсірді делінген Нұрбек Әжімбай қылмыстың ұйымдастырушы ретінде аталыпты. Ал, оған тапсырыс берген Аян Мейірбаев. Полицейлер құрастырды делінген сызбаға қарағанда, Ерасылды Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко есімді Оңтүстік Қазақстанның тумалары өлтірген болуы мүмкін. Тергеу аяқталғанға дейін сот бұл төртеуді 2 айға қамауға санкция берді.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: студентті, Әубәкіровтің, күдікке, ілінгендердің, кезіндегі, рөлдері, көрсетілген, өлтірген, Ерасыл, делінген, қылмыстың, арнасы, кейін, азаптап, Мейірбаев, қылмыс, болған, Ерасылды, жарияланды, жатыр