Аңшы, саятшы
Қаршыға салғанның, қанжығасы тоқ,
Ителгі салғанның етегі боқ.
Ителгі салғанның етегі боқ.
Қиядағы қызыл түлкіні
Қияннан соққан бүркіт алады.
Қияннан соққан бүркіт алады.
Құсбегісі келіссе,
Күйкентай құс қаз алар.
Күйкентай құс қаз алар.
Саятшының сұңқары
Салған жерден іледі.
Салған жерден іледі.
Тауындағы түлкіні
Бабындағы бүркіт ғана алады.
Бабындағы бүркіт ғана алады.
Қыран жүйрік пе,
Қиял жүйрік пе?
Қиял жүйрік пе?
Доссыз — өмір тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.
Махаббатсыз — өмір тұл.
Қолмен бергенге құс тоймас.
Ителгінің баласы ілмейқалмас.
Қаршыға қазан қайнатар
Ителгі иығыңды талдырар.
Ителгі иығыңды талдырар.
Қаршыға қаз алса,
Ителгі етек қабады.
Ителгі етек қабады.
Қыран қияда өледі.
Қыран қияда түлейді.
Ит иесі үшін алады.
Бүркіт жемі үшін алады.
Бүркіт жемі үшін алады.
Топтанып ұшқан торғайға
Тұрымтай да бата алмас.
Тұрымтай да бата алмас.
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
Ат бегі —аттыңтұяғына қарар
Құс бегі — құстың қияғына қарар
Құс бегі — құстың қияғына қарар
Қиядағыны қыран ғанакөреді.
Ұядағыны жылан ғана көреді.
Ұядағыны жылан ғана көреді.
Құс бағу да бір қызық,
Құс салу да бір қызық.
Құс салу да бір қызық.
Екі сұңқар таласса,
Бірқарғаға жемтүсер.
Бірқарғаға жемтүсер.
Құстың бәрі сұңқар болмас,
Аттың бәрі тұлпар болмас.
Аттың бәрі тұлпар болмас.
Сұңқар орманға тартар,
Тұлпар қорғанға тартар.
Тұлпар қорғанға тартар.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Пословицы на казахском языке Об охоте, Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Аңшылық, саятшылық туралы (Об охоте), Қазақша Мақал - Мәтел: Аңшы саятшы, Қазақша Мақал - Мәтел: Аңшы саятшы казакша макал мател