file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жылан

 Жылан

Жылан иреңдеп жүреді, сүйреңдеп күледі.

Жыланның сырты жылтыр, іші у.

Жылан иір-иір жүрсе де,
Ініне түзу кіреді.

Жыланның аузы жесе, құйрығы семіреді.

Жыланды өлтіргеннің сауабы бар.

Қазына бар жерде жылан бар.

Жыланның сүймес асы інінің аузынан шығар.

Жұмыртқадан қыран да, жылан да шығады.

Жыланның басына аң құйып шығарады.

Жыланға түк біткен сайын қалтырауың.

Жылан өз бойына қарамай,
Түйе мойнын иір дейді.

Жыланның үш кессе де, кесірткедей қауқары бар.

Көп жүрген жылан аяғын көрсетер.

Жатқан жыланның құйрығын баспа.

Биік таудың басына
Қиялап ұшып қыран да шығады,
Жер бауырлап, жылжып,
Жылан да шығады.

Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

Жыланның іні тік.

Улы жыланның терісі жұмсақ.

Жылан терісін тастаса да жылан.

Жылан жалбыздан қашар.

Іштен шыққан жыланның
Иреңдеуінің жақсысы-ай.

Ордалы жыланмен ойнама.

Жылқының жауы - бөгелек,
Жыланның жауы - дегелек.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру