Педагогика | Эстетикалық тәрбие

 Педагогика | Эстетикалық тәрбие

Мазмұны
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І Бөлім Қазіргі қоғамдағы эстетикалық тәрбиенің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
1.1. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен түрлеріне сипаттама................................8
1.2.Тәрбие мәні мен оның түрлеріне байланысты ұлы ғұлама педагогтардың айтылған пікірлері..................................13
1.3. Эстетикалық тәрбие туралы түсінік және оның мазмұны мен міндеттері....................................18
ІІ Бөлім Эстетикалық тәрбиенің негіздерін оқу –тәрбие процесінде қолдану әдістемесі
2.1.Эстетикалық тәрбиені оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану ..............................21
2.2 Эстетикалық тәрбиенің халықтық педагогикамен ұштасуы ........................................................24
2.3.Сыныптан тыс кезінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін арттыру жолдары....................................28
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................33

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие.
Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деді.
М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» - деп жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатынасынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау;ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, П.П.Болонский, С.Т.Шацкий, В.Н.Шацкая, А.И.Буров секілді өкілдері қатысты.
Қазақтың ағартушысы –демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т.б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.
Халықтық тәлім-тәрбие оның тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет-ғұрпы, ой-санасы халық тағдырымен ұштасып жатады.
Қазақ халқында өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Ғалым А.Э.Измаилов халықтық тәлім-тәрбие жайында: «Қазақ халқының тәрбие саласындағы тәжірибесі көбінесе ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде жалғасып халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттың салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады», - дейді.
Тұрмыстық мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан, сана-сезімінен туған бата сөздерінде, төрт түлікке сай өлең жырларында ерекше маңызға ие болған. Жұмбақ айтысының өзінде қанша тапқырлық, ақыл-ой тәрбиесі барын көруге болады.
Сонымен қатар қазақ халқы өзінің өмір тіршілігі, күн көріс кәсібімен байланысты жыл мезгілі құбылыстарының ерекшеліктерін бақылау, табиғатқа және жұлдыздарға қарап ауа райын алдын-ала болжау қасиеттерінің арқасында дараланған. Осының бәрі ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне қатысты алатын орны ерекше болған.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде ақыл-ой тәрбиесінің алатын орны мен оның түрлерін сабақта пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: ақыл-ой тәрбиесінің негіздерін ұйымдастыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде ақыл-ой тәрбиесінің түрлері мен құралдарын пайдаланудың тиімділігі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен түрлеріне сипаттама;
- Тәрбие мәні мен оның түрлеріне байланысты ұлы ғұлама педагогтардың айтылған пікірлері;
- Эстетикалық тәрбие туралы түсінік және оның мазмұны мен міндеттері;
- Эстетикалық тәрбиені оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану;
- Эстетикалық тәрбиенің халықтық педагогикамен ұштасуы;
- Сыныптан тыс кезінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін арттыру жолдары.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Қазіргі қоғамдағы эстетикалық тәрбиенің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы» деп аталатын бөлімде қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен түрлеріне сипаттама, тәрбие мәні мен оның түрлеріне байланысты ұлы ғұлама педагогтардың айтылған пікірлері және эстетикалық тәрбие туралы түсінік және оның мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
«Эстетикалық тәрбиенің негіздерін оқу –тәрбие процесінде
қолдану әдістемесі» деп аталатын бөлімде эстетикалық тәрбиені оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану, эстетикалық тәрбиенің халықтық педагогикамен ұштасуы және сыныптан тыс кезінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін арттыру жолдары қарастырылады.
І Бөлім Қазіргі қоғамдағы эстетикалық тәрбиенің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
1.1. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен түрлеріне сипаттама
Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Тәрбиенің мақсаты – бұл жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады,
Тәрбме мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекет қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игеру білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қаситтерін барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатта сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен, спортпен үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбилеу, т.с.с.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асрылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады. Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісіе бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Тәрбие мақсаты сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салалары: ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, мінез-құлық тәрбиесі, экономикалық тәрбие, патриоттық тәрбие, экологиялық тәрбие, жыныстық тәрбие т.б. көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады (1-сызбанұсқа)........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру