Салт-дәстүр | Ұлыстың ұлы күні
Мазмұны
Жоспар
І Кіріспе
1. “Ұлыстың ұлы күні – ұлы күн”
ІІ Негізгі бөлім
а) Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
б) Наурыз туралы түсінік.
в) Айтыңыз құтты болсын.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
„Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн"
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты жаз ("йас") бен алты ай қысқа ("қыш") бөлінген. Тіліміздегі „алты ай жаз бойы", „ала жаздай", „алты ай қыс бойы", „ала қыстай" секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан мойып босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан — „жағымды", ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан — „жағымсыз" саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда көптеп сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті „Авеста" кітабында, XI ғасырдағы түркі тілдерінің энциклопедиясы—„Диван лугат-ат-түрк" сөздігінде, сондай-ақ қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар жақсылыққа „Ахуромазда", жамандыққа „Ахирман" деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты „Кие", жамандықты „Кесір", қысты „Зымыстан", жазды „Табысқан" деп атаған.
Бүл күіі — аспан денелері өздерінің „ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді „Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн" дсп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Наурыз сөзі иран тілінің ноу — „жаңа", руз — „күн"деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде „наурыз" сөзі, біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, наурыз айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер „Патрих", бирмалықтар „Су мейрамы", тәжіктер „Гүл гардон", „Бәйшешек", „Гүлнаурыз", хорезмдіктер „Наусарджи", татарлар „Нардуган", буряттар „Сагааи сара", соғдалықтар „Наусарыз", армяндар „Навасарди", чуваштар „Норис ояхе" деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар һайям еңбектері арқылы жетіп отыр.
ҚАЗАҚ ЕЛІ НАУРЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛҒАН?
Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықтан аттап үйге енгенде, "жалғыз шала сәуле болмас" деп терге қос шырақ жағылып қойылады. "Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады" деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз мүліктің шаны қағылып, жуылып, тазартылады. "Береке басынан басталады" демекші, "жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады". "Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын" деп Қызыр түні ыдыс атаулыны ырысқа (бидай , тары, арпа, сұлы, жүгері т. б.) аққа (сүт, айран, шұбат, уыз т. б.) және кәусар бұлақ суына толтырады.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн "Қызыр түні" деп аталады. Қызыр — адамдарга дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қызыр аты даланы кезе жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібіеді, ат тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себезгілеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді, сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 3-те қарсы алады.
Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соқты етін уызға салып пісіріп. "ұйқыашар" деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен бозбалалар болса, қыздардың қолақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын "селт еткізер", “дір еткізер” сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна — пәктік пен жастықтың, тарақ — әдемілік пен сұлулықтың, иіссу — бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырып жайнай түсудің белгісі.
Наурыз күнінің бір ерекшелігі — бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптаскан дәстүрі бар, кісілер бір-бірімен кездескеңде:
Өмір жасың ұзақ болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Пәле-жала жерге енсін!—
НАУРЫЗ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Наурыз — парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, "жаңа күн" деген сөз. 22 наурыз күнін "Жаңа күн" деп атаудың мәнісі не? Оның мәнісі мынау: 21-нен 22-не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы бола бастайды. Күн жылыға айналғаны — жазға айналғаны. Сондықтан 22 наурыз жаз айы болып табылады. Жаз болса, дүние жаңаланады: ағаш бүршік атып, жердегі шөптер қылтиып, малдар төлдейді. Жылдың төрт тоқсанының ішінде дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны — жаз. Сол тоқсанның басы 22 март болғандықтан бұл күн "Наурыз'' яғни "жаңа күн" дел аталады.
Айтыңыз құтты болсын
Ұлттың болмысын, тіршілік ету тәлімін, өмірге деген көзқарасын, рухани өресін, танымы мен нанымын жалпақ жұртқа жайып, өзін-өзі жұрағаттап танытатын әрі мәшһүр ететін халықтың ежелден келе жатқан ескі салт-дәстүрлері меп әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғылары болса керек. Талай ұрпақтардың ұлан-ғайыр көшін ұзатып салып, тар жол, тайғақ кешуді замана зобалаңдарынан өткен өрісті тарихымыздың өнбойында өшпей, өскін жайып, халық тірлігінің өзегімен өріле жасасып келе жатқан бұл қасиетті қазыналарымыз өзінің өміршеңдігімен тәнті етеді. Өйткені мұніда бәріміздің бас иер киелеріміз, халықтың тілі, діні, ділі жатқанын көреміз. Халқымыздың бағы да, бары да, құты мен құдіреті де осыларда жатыр. Бұларсыз баянды болашақтың көкбайрағы көтеріле алмайды, емін-еркін тыныстап еңсесін тіктеу де қиынға түседі, танымы мен сеніміне сеніп, болашағына батыл бет бұрған рухани түлеуге де қолы жетпейді. Ұлттық дәстүрді сақтай білу — ұрпақтардың өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі, иманды тірлігінің ұятына сенуі.
Әр халықтың пеншенесіне жазылған тағдыры болады.
Ұлттық келбетіміз жайлы ой қаузағанда, сол тағдырдың сан сүрлеулі соқпағына түскен халқымыздың қилы-қилы өмірі, заманалық эволюциясы көз алдымызға келеді. Оның түйінді тораптары, ілкімді арналары тереңдерге жетелеп, тарих қатпарларынан сыр сабақтағанда, халқымыздың даналығына, қайсарлығына, төзімділігіне, кеңпейілдігіне, қарапайым-дылығына қайран қалып, көңілге мақтаныш толады. Ал халық басына түскен зауалдар тақсіреті неше қилы өкініштер мен опыныстарға да бөлейді.
Осы тарихқа қарап тұрсақ, қазақ халқының көрмегені де, кешпегені де аз емес екен. Отаршылдықтың, империялық өктем саясаттың ноқтасынан басын көтере алмаған халықта не хал болушы еді? Бүгежек-тірлік белін жаздырмай, адымын аштырмады, рухани жағынан әбден тұралап, жүдеп-жадап, жарық дүниеге келгеннен қасаң қағида - жат уағыз миына тықпаланды, өткеннің бәрін жоққа шығару саясаты мәңгүрттікке алып келді, ақыр соңында танып-білгенімізден — ұмытқаымыз, тапқанымыздан жоғалтқанымыз көп болып шықты. Оны енді ғана ашық айтып жатырмыз. Қазіргі біздің кеудеміздегі қорқынышты жеңіп, еңсемізді тіктеген серпілісіміз мәңгірген жанның есін жиған алакөбең әлпетін елестетеді. Егеменді ел болып етек-жеңімізді жиып, ертеңгі күнімізге алаңдай бастауымыз соның айғағы. Жадымыз бен қанымызда қалған ұлттық болмысымыз-оянып, санамызға сәуле шуағы тарап, салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың, тіліміздің, дініміздің жоғалтып алған өмірлік нышандарын жаңғыртып, жандандырып, қайта оянып жатқан жайымыз бар. Халықтық нәрсенің бәрі де жермен, елмен, халықпен бірге біте қайнасып, бірге жасайтынына, оны ешбір қатал қысым да, заң да, зорлық та өшіре алмайтынына көз жетіп, көңіл қаныққандай болады.
Ғасырлар бойы өмірдің өткелдерінен өтіп, қилы-қилы кезеңдерінде бір кұлап, бір тұрумеи келе жатса да,, бар өнеге-өсиетін, әдет-қасиетін, ғұрып пен рәміздерін сақтап қалуға ұмтылып баққан халқымыздың маңдайы енді жарқырады, бағы енді ашылды. Өмірге қайта орала бастаған ұлттық үрдістеріміз бен салт-дәстүрлеріміздің көбейе түскені соның айғағы.
Солардың ішінде халқымыз бен қайта қауышып жатқан, өзінің болмысында халықтық сипаты мол, ізгілік пен мейірімділікке үндейтім, ел ішіне кең тараған салт- дәстүрлеріміздің бірі.— ораза тұту, айт, құрбан айт мерекелері.
Пайдаланылған әдебиеттер
1) Бейбіт Сапарұлы. “Той”. Алматы, 1994.
2) Жақау Дәуренбеков. “Қазақ халқының әдет ғұрыптары”.
Алматы, “Өнер” 1993
3) Б.Әлімқұлов., Е.Әбдіраманов. “Күйеу келтір, қыз ұзат”.
Алматы “Санат” 1994.
НАУРЫЗ СӨЗДІГІ
1. ӘЗ — халык аңызындз күн мен түннің дәлме-дәл теңелер сәтіиде кекті жарып ерекше бір гуіл етуге тиіс. "Оны кой ғана біледі. Егер күкдіз етсе, қой аркылы койшы ғана анғаруы мүмкін" деген соз бар. Осы гуілді наурыздьщ 22-сіне дейінгі үш күннің ішшде өтеді деп есептеген халқымыз: "Әз болмай, мәз болмайды", деген 82
тәсіл қалдырган. Сол үш күннің ішінде гырнақ пен шаш алуга болмайды. Әз өткенде өсімдік әлемінен бастап, күллі тіршіліктін түла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнак, шашпен бірге киылып кетсе, адамның колы мен басы селкілдейтін бо-лады-мыс.
2. ИАУРЫЗ — парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдын бірінші күні — жана күн. Қазақ халқында қалыптаскан түсінік бойынша, осы мағыналармен қоса, жаңа жылдын алғашкы айының атын да толық қамтиды.
3. НАУРЫЗ БАТА — наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі — сүрленген казы-қарта, жал-жая... берілетш арнаулы бата.
4. НАУРЫЗ ЖЫРЫ — казақ халкының жана жыл, Наурызға арнап айтатын түрмыс-салт жырынын бір түрі.
5. НАУРЫЗ КӨЖЕ — келер жылғы молшылықтын жоралгысы ретівде әр шанырак міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегенде, жеті түрлі (бидай, тары, конақ, бүршақ, сүт, су, түз сиякты) азықтық за-ттар қосылуға тиіс. Так санын сактап, тағам түрін көбейте беруге болады. Қүрт пен катықтың қай-кайсысы да сүттін орньш толықтырады. Наурыз көжені халық арасында "тііеу көже", "көп көже" деп те атай береці.
6. НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ (наурыз тойы)— күн мен түннің теңелетін күні —22 наурызды атап өтетін үлы мереке. Үлттық дәстүр-салтымыз бен ойьш-сауығымыздын бәрі де тегіс қамтылатын жыр-думан.
7. НАУРЫЗ ЖҮМБАҚ — наурыз айындағы жүлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің тенелуіне, табиғат күбылысына, бұл айдағы амалдар імен ауа райының өзгерісіне байланысты айтылатын жүмбақ өлең.
8. НАУРЫЗ ТІЛЕК — наурыз күнгі бет көрісіп, амандасу рәсімімен қүттықтау негізінде такпақпен айты-латын қуанышты тілек.
9. НАУРЫЗ ТӨЛ — наурыз айында туған бота, қүлын, бүзау болса, наурыз төл деп аталады. Осы түліктерге тән төл басы.
10. НАУРЫЗША — наурыз қырбак, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жүка кар..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Ұлыстың ұлы күні курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар салт-дәстүр жобалар курстық жұмыстар