Бухгалтерлік есеп | Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті

 Бухгалтерлік есеп | Ұйымның  қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті

Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................3
1. Аудиторлық тексерудің міндеті мен мақсаты..................................................5
2. Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті..............................7
3. Кредиторлық берешектердің аудиті..................................................................9
4. Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті.....................................14
5. Жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілермен есеп айырысу аудиті және аудит бағдарламасы...............................................................................................23
6. Салықтық міндеттемелерді аудиторлық тексеру ерекшеліктері..................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................33

КІРІСПЕ
Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қаржылық есептілік, аудиттің маңызды объектісі болып табылады, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған. Аудит ғылымның жаңа саласы ретінде пайдаланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді.
Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.
Кәсіпорын қаржылық – шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қызқа мерзімді міндеттемелері пайда болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қыскқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі.
1. Аудиторлық тексерудің міндеті мен мақсаты
Аудиттің негізгі мақсаты ұйымның бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның ең негізгі көзі болып бухгалтерлік құжаттар саналынады. Ақпарат көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп болса да есеп көрсеткіштері есеп жасау үшін кестелер арқылы бір жүйеге келтіріледі. Өз кезегінде есеп көрсеткіштері кестелер арқылы бір жүйеге келтіріледі. Өз кезегінде есеп көрсеткіштері кестелердің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады.
Аудит жұмысы барысында бухгалтерлік есеп кестесінің алатын орны ерекше. Себебі, есеп көрсеткіштері кестелер арқылы жүйеге келтіріледі. Есеп кестелерінің түрі, мазмұны есеп формаларына сәйкес әр түрлі болады. Қазіргі кезде комьютерлік есеп жүргізу көп қолданылғанымен алғашқы есеп құжаттарын жүйеге келтіру үшін есеп кестелері, кітап, ведомость ретінде қолданылып отыр. Ондағы мақсат сол есеп кестелері арқылы бухгалтерлік есеп ақпаратын бір жүйеге келтіру, олардың мазмұн-мағынасын есеп жүргізу талабына сәйкес келтіру, сонымен қатар заң талабына сәйкес есеп ақпаратын топтау.
Сондай жүйеге келтірілген есеп кестелері отчет жасауға, оперативтік анализ жасауға, әр жүйедегі информация көрсеткіштерінің арасындағы байланысты анықтауға тиімді есеп қүралы болады. Аудит барысында тиімді есеп кестелері үлкен қызмет көрсетеді. Дүрыс жүргізілген есеп кестелері арқылы аудиторлық тексеру жүргізіп қорытынды жасауға болады.
Аудит барысында алғашқы есеп қүжатымен жүмыс істеу өте күрделі. Себебі, есеп қүжаттары барлық информация көзі, қандай мөлімет болса да, ол тек бухгалтерлік қүжат арқылы ғана дәлелденеді. Сол бухгалтерлік қүжаттарының өзінде көптеген түрлі қателер жөне қылмыстық мақсатпен жөндеулер заңсыз жөндеу немесе санды жөндеу, қол қоюдың жасанды болуы, арифметикалық қате жіберілуі және сол сияқты көптеген кездейсоқ жағдайлар кездесуі мүмкін. Сондықтан, аудитор алғашқы есеп қүжатын тексеруде ерекше мүқият, ынталы, ерекше талаптанып қарауы қажет. Бухгалтер қүжаты тек қана сиямен немесе пастамен толтырылған болуы қажет.
Ақша операциясының бухгалтерлік қүжаттары ерекше мүқияттылықпен толтырылады, онда қате жіберілген жағдайда ондай қүжаттарда түзету жасауға болмайды. Ақша қүжаттары төртіп бойынша арнайы тіркеуден өткізіледі, сондықтан да бухгалтерлік қүжатта қате жіберілген болса ондай ақша қүжаттары жойылмай сақтауға алынуға тиісті. Ондай қүжаттарға «аннулированң деп қызыл сиямен жазылып сақтауға алынады. Касса операциясын жүргізу ережесі бойынша кіріс және шығыс касса ордерлерін үшінші қызметкер толтыруы қажет, оны әкім өз бүйрығымен анықтауы қажет. Касса ордерін толтыруға кассирдің де, аға бухгалтердің де қүқы жоқ.
Касса операциясында қате немесе ондай фактілер касса түгендеу, ревизия жасалған кезде анықталады. Ондағы қолданылатын ең сенімді тексеру әдісі — ол карама-қарсы қүжаттарды салыстыру өдісі. Мысалы, дүкенші кассаға нақты ақша өткізсе, кіріс касса ордері касса отчетына тіркеледі де, оның карточкасың ттіркеме үзіндісі дүкенші отчетына тіркеледі. Яғни кассир отчетымен дүкенші отчетының тіркеуінде бірдей сома көрсетілуі қажет. Немесе кассир банкіден чек кітапшпсымен нақты ақша алған болса, сол соманы банк выпискасымен (көшірмесімен) қарама-қарсы тексеріледі. Касса отчетында бір қүжат қайталануы да мүмкін (шығыс ордерлерінің немесе басқадай ақша шығыс қүжаттарының). Касса операциясын тексеруде касса ордерлерін тіркеу кітабын, касса кітабын, касса есебін мүқият тексеру қажет.
Материалдың алғашқы бухгалтерлік есебін қүжаттау процесі де өте күрделі. Бұл тексеру, материалға жауапты жұмысшылар отчетын тексеру арқылы анықталады. Материалды кіріске алі есебінде алғашқы қүжаттарды тексеру үшін, жабдықтаушылармен есеп айырысу журнал-ордері арқылы тексеру ерекше орын алады. Себебі, материалды кіріске алу, ол ушін төлем жасау қарама-қарсы тексеру жолын қамтамасыз етеді. Материалды шығысқа шығару есебінің қүжаттарын тексеру, материалды кіріске алған цехтардағы есеп арқылы қарама -қарсы тексеріледі.
Ұйымдарда алғашқы бухгалтерлік қүжаттар - есептеу кестелері болады. Оларды тексеру бухгалтерлік нормативтік қүжаттар арқылы жүргізіледі. Мысалы, жүмысшыларға еңбекақы төлемін есептеу немесе тауардың табиғи шығыс сомасын есептеу, өндірісте өндіріс өнімінің өзіндік қүнйн есептеу калькуляциясын тағы да басқа көптеген қүжаттар тексеріледі.
Қорыта келгенде, қандай алғашқы есеп қүжаты болмасын барлығы мемлекеттік бухгалтерлік есеп жүргізу заңының талабына сай болуы керек.
2. Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі қысқа мерзімді банк несиелері бір жылға дейінгі мерзімге беріледі. Яғни, есепті жылдың соңына дейін берілетін несиелер жатады, мәселен артылып жөнелтілген өнімдер мен тауарлар үшін, ол нақты құжат айналым уақытына тең болғандықтан, 30 күннен аспауға тиісті. Шаруашылықтың қысқа мерзімге банктен несие алуға ғана емес, сондай-ақ банктен тыс мекемелерден осындай мерзімге займдар алуына да құқық берілген.
Қысқа мерзімді несиелерді, займдарды (қарыздарды) алуға және оларды сөндіруге байланысты есеп айырысу- несиелеу операциялары, ұзақ мерзімді несиелерді (займдарды) алу және оларды сөндіру операциялары сияқты шаруашылықтың қаржы- шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің типтік жоспарының 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" бөлімшесінің 3010 "Қысқа мерзімді банк несиелері", 3020 "Қысқа мерзімге алынған қарыздар" және 3040 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі" шоттарында тиісті аралық шоттар ашу арқылы жүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым - қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым - қарызға алынған соманы көрсетеді.
Қысқа мерзімді несиелердің, займдардың аналитикалық есебі несиелердің, займдардың түрлері оларды берген банктер, мекемелер және басқа да несие берушілермен жүргізіледі.
Банктің сенімді клиенттерге олардың шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығынан жоғары сомаға қысқа мерзімді несие түрі - овердрафт және мерзімінде өтелмеген банк несиелері жеке көрсетеді.
3020 "Қысқа мерзімге алынған қарыздар" шотының аналитикалық есебі займ берушілер және займды сөндіру мерзімі бойынша жүргізіледі.
Қысқа мерзімді зайымдар көбінесе вексельдер түрінде коммерциялық несие және серіктестіктерге берешек қарыз міндеттеме сипатында болады.
Алынған қысқа мерзімді несиелердің, займдардың ұйымның есепті кезеңге жасаған балансында дұрыс көрсетілгендігіне аудит жүргізгенде, аудитор алдымен мынадай мәселелерді анықтап алуға тиісті:
- несие қандай мақсатқа жұмсалған және бұл мақсаттардың несие алу шартының талаптарына сәйкестігін;
- несиені қамтамасыз етуге немесе кепілдік құрамына енген ұйымның активтерін;
- несиенің толық және дер кезінде сөндірілгендігін (банк көшірмесі бойынша);
- жасалған шартқа сәйкес несиеге қойылған пайыздардың дұрыс төленгендігін;
- несие қойылған пайыздың өнімінің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына дұрыс ендірілу ережелерінің сақталғандығын;
- басқа мекемелерден, ұйымдардан алынған займның заңдылығын және негізділігін, олардың уақытылы толық және дер кезінде сөндірілгендігін;
- 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" аралық шот бөлімшесінің шоттары бойынша журнал-ордер № 4 және бухгалтерлік баланстағы жазулармен синтетикалық және аналитикалық есептегі жазуларына сәйкес дұрыс жүргізілгендігін.
Бухгалтерлік баланстың 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" бөлімінде 3040 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі" бабы келтірілген. Осы бап бойынша тексеру жүргізген кезде аудитордан ұзақ мерзімді несиелердің аналитикалық есеп бойынша, займдардың сөндірілу мерзімін және негізділігін анықтауды талап етеді.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің алынуы мен қайтарлуына байланысты операциялар 3010-3020 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» шоттарында жүргізіледі. Бұлар пассивтік шоттар болып табылады. Олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді. Субъект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар: 1040, 1050, 1070, ал кредиттелетін шоттар: 3010 – 3020. Несиенің қайтарылуы жағдайнда аталған 3010 – 3020 шоттар дебеттеліп, 1040, 1050, 1070 шоттары кредиттелінеді. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аналитикалық есебі міндеттемелерді берген банктердің .............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру