Бухгалтерлік есеп | ТМҚ есебін ұйымдастыру

 Бухгалтерлік есеп | ТМҚ есебін ұйымдастыру

Мазмұны
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------
І тарау. ТМҚ сипаттамасы -----------------------------------------------
1.1. ТМҚ, олардың түрлері, бағалануы ---------------------------
1.2. МҚ қозғалысының құжаттық рәсімделуі -------------------
1.3. МҚ қоймадағы есебі ---------------------------------------------
ІІ тарау. ТМҚ есебін ұйымдастыру ------------------------------------
2.1. ТМҚ бухгалтериядағы есебі -----------------------------------
2.2. Кейбір ТМҚ-ң есепке алу ерекшеліктері --------------------
2.3. ТМҚ-ң түгендеу және есеп беруде ашып көрсету --------
2.4. аяқталмаған өндіріс есебі ---------------------------------------
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------
Әдебиеттер тізімі -------------------------------------------------------------
Қосымшалар -------------------------------------------------------------------

КІРІСПЕ
Көсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған он-діріс, басқаларға корсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пай-далануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне (процесіне) ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге оз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және болмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, олшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелсрінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке. алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
- бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық болімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін ондіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
І тарау. Тауарлық-материалдық қорлар сипаттамасы.
1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың олардың түрлері, бағалануы.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі — оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешсліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материал;
- көмекші материал;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып
бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші енер-кәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері — мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері — ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқ-талмаған өнімнсн айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында — бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда — шойын мен болатты жатқызуға болады.
"Шикізат және материалдар" шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін кемекші материалдар да есепке алынады.
"Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар және бөлшектер" шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өндеуге кеткен шығындар есепке алынады.
"Отын" мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады. "Ыдыс және ыдыс материалдары" ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепкеалынады.
"Запас бөлшектер" жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.) арналған запас бөлшектер есепке алынады.
"Басқа да материалдар" өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б есепке алынады.
"Өңдеуге берілген материалдар" шотында сыртқа өндеуге берілген материалдардың және өндеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.
"Құрылыс материалдары" құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субщоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады.
Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарды есепке алады (002, 003).
Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дүрыс бағалау болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толыктай ескіруі немесе олардың бағасынын төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.
Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте-тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған - есеп бағасы) көрсетіледі.
Егер субъект материалдық кұндылықтарды келісімді бағасымен есепке алса, онда олардың нақты өзіндік құнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері аркылы тасымалдау түрінде жарналардың барлық түрлері кіреді; жабдықтаушылардың теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іс-сапарлардың шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар және босалқыларды алумен тікелей байланысты басқа шығындар жатады.
Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған шығындарды аныктаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдықзапастардыңтаза сату қүнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін, онда тауарлы-материалдық запастардыңтаза сату құны пайдаланады:
- осы тауарлы-материалдық запастар біршама бүлінген;
- олар тұтастай немесе ішінара ескірген;
- олардың сату құны төмендеген.
Мысал. "Шығыс" ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдыктаушыға тапсырыс берген, оның 1дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасасқаннан соң, "Шығыс" ААҚ-натапсырысберген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35 555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы 3 200 004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800 000 теңге және түсіру шығыны (түсірушілердің жалақысы — 300 000 және әлеуметгік - 56 700 (300 000 -300 000 х 10%х21%) 356 700 теңге құраган. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау шығыны 630 000 теңге құраған. "Шығыс" ААҚ теріні өндеудің тәсілін жетілдіру дің арқасында, оның құнын 90теңгеден 75теңге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4 545 324 теңге немесе 1дм2-ты 127,84 теңге құраған:
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкін. Тап осындай онімді басқа кәсіпорын 90 теңгеден емес, оның бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан "Шығыс" ААҚ-на да сол бағада сатуына тура келген.
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шотгар корреспонденциясын қарастырілп көрейік.
Рет

Шаруашылық операцияларының мазмұны Сома
мың
теңге Шоттардың
корреспонденциясы
дебет кредит
1 2 3 4 5
1. ТМЗ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға
Аванс берілген 3 200 004 351 441
2. Жабдықтаушыдан сары тері алынды:
- материалдардың құнына
- ҚҚС-ның сомасына 2 758 624
441380 201
331 671
671
3. Тасымалдау шығыстары өтелді
Сақтау шығыстары төленді 800 000
630 000 687
687 441
441
4. Сары теріні алумен байланысты
шығыстары материалдық құнына қосылды:
- тасымалдау шыгысы
- артып-түсіруі бойынша кеткен
шығыстары
- сақгау шыгыстары 800 000
356 700
630 000 201
201
201 687
681, 634
"Әлеумет-
тік салық"
687
5. Жабдықгаушыныңқарызын өтеугс
бұрындары берілгсн авансы зачст жасалды 3 200 004 671 351
6. Таза сатылған құнына дейін
материалдардың құны есегтген шығарылды.
Өзіндік құны 4545324 тсңге болған.
Таза сатылған құны 2300447 (35555,6 х 64,7)
теңгс құраған (ҚҚС қоспағанда).
Материалдардың өзіндік құны оларды
алумсн байланысты шыгыстарын
қоспағанда 2758624 теңгс құраған.
Таза сатылған құны мен материалдардың
өзіндік құнының арасындағы айырмасы
458177 теңге құраған (2758624 - 2300447) 458177 845 201
Әдетте, өнеркәсіп өндірістерінде материалдың запастары озінің өзіндік құнынан төмен есептен шығарылмайды (сатылатын таза құнына дейін), егер де шығарылатын дайын өнімнің бағасы оның өзіндік құнына тең немесе жоғары бағаға сатылады деп күтілетін болса.
Егер де ондай мүмкіндігі болмаса материал қоры сатылатын таза құнына немесе одан да төмен бағаға сатылуы мүмкін.
Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құннан да төмен бағасы бойынша анықтау үшін ТМҚ-ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін:
- баптық әдісі — әрбір ТМҚ түрлерінің баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;
- иегізгі материалдар тобының әдісі — ТМҚ топтарының баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;
- жалпы запастар деңгейінің әдісі — барлық ТМҚ-дың баланстық және
сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 7-БЕС қарастырылған төртәдістіңбірін қолданамыз: арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі ("ФИФО"); қорларды соңғы сатып алу багалары бойынша бағалау әдісі ("ЛИФО").
Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны — ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.
Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:
"ФИФО" әдісі — босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген — бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдыққұны ең кейінгі сатып алынғанның құньша негізделеді. Біздің мәліметтің негізінде "ФИФО" әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдық құны мынаны құрайды:
Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі. Бұл әдіс запастардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.
Жоғарыда келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, ТМЗ бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысына да, тұтас табысына да, қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды тандағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақтау керек:
- шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;
- бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;
- дер кезінде ТМЗ қалдықтарына да және өткен жылдардың таратылмаған табысына да түзетулерді енгізу.
Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық ТМҚтиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің» қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.
Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері — номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда ТМҚ-дыңбары мен қозғалысы бойыншаберілген нөмірі қойылады. Номенклатуралык, нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.
1.2. Тауарлы-материалдық құжатпен рәсімдеу.
ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру