Саясаттану | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ТМД

 Саясаттану | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ТМД

Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
А) ТМД мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы.
Б) Экономикалық Одақ.
III Қорытынды.

Кіріспе.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы КСРО-ның соңғы жылдардағы өмір сүру оқиғаларымен тығыз байланысты.
Бүгінгі күні анық болып отырғандай жанталаса қарулану және блок болып тайталасу жағдайындағы экономикалық, этникалық, саяси, идеологиялық, технологиялық және әлеуметтік дағдарыс Кеңестер Одағының ыдырауына сөзсіз әкеліп соқты. Шиеленістің нақты әлеуметтік және ұлтаралық дау-жанжалға өршіп кету қаупі кейбір аймақтарда шыңдыққа айналды. Орталық басшылықтың ел дамуының жаңа үрдістерін дұрыс бағалай алмауы жағдайды күрт тұрақсыздандырып жіберді. Осындай жағдайларда тоталитарлық жүйені қалпына келтіру және одан кейін оқиғалар 1991 жылғы тамызда КСРО-ның тіршілігін жойды.
Осындай жағдай посткеңестік аумақта жаңа қатынастар орнату және оларды ұйымдық рәсімдеу процесі қиындықпен әрі қарама қайшылықта өтті.
1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белорусь басшылары Беловеж келісіміне қол қойды.Одақтың ыдырауы славян және түркі туыстас республикаларды өзара қарсы қою жолымен этникалық негізде болжауға болмайтын жағдайларға әкеп соқтыру мүмкін еді. Ондай жағдайлар барлық посткеңестік аумақтағы ішкі мемлекетаралық қатынастың жоқтығынан онша жақсы болмады. Сонымен бірге ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынас жүйесінің болмауы да жағдайды қиындатты.
Алматы декларациясының негізінде Қазақстан президентінің ТМД мүшелерінің қарым қатынасы тең құқықтың негізі арқылы өзара аумақтық тұтастықты құрметтеу және бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы шекаралардың тұтастығын сақтау. Тепе-теңдік негізінде құрылған халықаралық стратегиялық тепе-теңдікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірігіп қорғану аумақты сақтау және ядролық қаруды бірігіп қадағалау туралы пікірі алынды. ТМД-ның үйлестіріу институттары мемлекет басшылары кеңесі және үкімет басшылары кеңесі туралы келісім шарт қабылдады.1993 жылдан Минскіде ТМД-ның атқару хатшылығы жұмыс істеді. Сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің қорғаныс министрлерінің кеңесі, салалық ынтымақтастық органдары-сыртқы экономикалық ведомствалары басшыларының Кеңесі құрылды. Президент Н.Ә. Назарбаев анықтаған Қазақстан Сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Қазақстанның сыртқы негізгі бағыттары Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясы» атты еңбегінде анықталған. Республиканың сыртқы саясатындағы байланыстардың және стратегиялық мүдделердің қазіргі жағдайын ескерсек, мына бағыттардың алар орны ерекше, олар:ТМД;АТА; Азиялық, Еуропалық, Америкалық бағыттар.
ТМД. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы КСРО кезіндегі соңғы уақиғалармен тікелей байланысты. Кеңестік қоғамның экономикалық және саяси жүйесін мүлдем қайта құру қажеттігін алғашқылардың бірі болып терең сезінген Президент Н.Ә. Назарбаев еді. Принципті мәселелерде әрқашан батылдық танытатын ол, қоғамды қоғамды демократиялық жолмен қайта құру үшін, нарықтық экономикаға көшу үшін нақты жол бар екендігін басқалардан бұрын көрегенділікпен көре білді, ақылға сай пайымдады. Бұл бағытқа бет бұрғанда солшылдаққа жол берілмеу керек екендігін қатаң әрә дер кезінде ескертті. «Былық пен анархияның рынокке апармайтынын» ашық айтты, кейбіреуділердің нарықтық қатынастардың қажетті алғышарттары құрылғанға дейін мемлекет басшылығы мен экономикалық процестерге жүргізілетін бақылауды бірден жойғысы келетіндігінің аса қауіпті екендігін де ескертті.
Н.Ә. Назарбаев өзінің ТМД бойынша әріптестеріне Достастықтың біртұтас халық шаруашылығы кешенінің не екенін (КСРО тарағанға дейінгі), ондағы еңбекті бөлу және мамандандыру жүйесінің қандай екенін пайымдап ой елегінен өткізу қажеттігін айтты. Бұл кешен, шындығында, түбегейлі өзгертуді қажет еткенімен, өндіріс пен өнім тұтыну теңдестірілген, планетамыздың алтыдан бір бөлігінде тұратын халықтың сұранымен қамтамасыз еткен кеңістік, деді ол.
Бұрынғы кеңес кеңістері елдері басшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстан Президенті жалпыәлемдік дамудың сара жолы ерекшелену, бөліну арқылы емес, интеграция, қосылу процестері арқылы өтетіндігін түсінді, соны берік сеніммен дәлелдей бастады.
Мысалы, ТМД-ның пайда болу процесін алып қарйық . 1991жылы 8 желтоқсанда Ресей,Украина,Белорусь басшылары Беловеж келісіміне қол қойды. Одақ бөлінетін болса,қалыптасқан жағдай славян және түркі тілдес республикалардың біріне бірінің қарсы тұруына, этникалық негіздегі тайталасуға әкеп соғуы, болжап болмайтын салдарға соқтыруы мүмкін еді. Оның үстіне, барлық кеңес кеңістігінің өз ішінде мемлекетаралық қатынастар жүйесі,сондай-ақ ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары жоқ еді.
Уақиғаның теріс бағыт алмауы үшін 1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабад қаласында Орта Азия мемлекеттерінің басшысы-Н.Ә.Назарбаев, С.Ниязов,И.Каримов,А.Ақаев,Р.Набиев бас қосты. Өте қиын келіссөздердің барысында Н. Назарбаевтың позициясы ең дұрыс позиция деп танылды, оны И.Каримов қолдады, онда ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру үшін, славян мемлекеттерінің басшыларымен сұқбаттасу ұсынылды.
Етек алып келе жатқан ықпалдаспаушылықты тоқтатып, араға күйрейтіндей жік түсірмеу Н.Ә.Назарбаев барлық мүдделі мемлекеттердің Қазақстанда бас қосуын талап етті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан,Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина басшыларыҚзақстан астанасында бас қосты, Алматы Декларациясына және Тәуелсіз елдердің достастығын құру туралы Хаттамаға қол қойды.
Алматы Декларациясы негізінде Қазақстан Президентінің халықаралық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ортақ қорғаныс кеңістігін және ядролық қаруға ортақ бақылауды сақтау мақсатында бірқатар үйлестіруші органдар құру жөніндегі, ТМД-ға қатысушылардың өзара қарым қатынасы тең құқылық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын және осы шекарасының мызғымастығын құрметтеу принципі негізінде жүзеге асырылуға
тиіс деген идеясы алынды. Мемлекет басшыларының Кеңесін құруды көздеген ТМД-ның үйлестіру институттары туралы Келісім және басқа да құжаттар қабылданды. 1993 жылдан бері Минскіде Достастықтың атқарушы хатшылығы жұмыс істеуде. Сонымен қатар сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, қорғаныс министрлерінің Кеңесі, салалық ынтымақтастық органдары-сыртқы экономикалық ведомстволар басшыларының Кеңесі, мұнай және газ бойынша Парламентаралық кеңес, экономиканың көптеген салалары басшыларының Үкіметаралық кеңестері құрылды(80-нен астам).
Достастықтың негізгі мақсаты-саяси,экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өзара тиімді жағдайда бірлесіп шешу мақсатында бұрынғы кеңес кеңістігі республикаларының интеграциясын қамтамасыз ету.
Достастықтың алғашқы күннен бастап-ақ Президент Н.Ә.Назарбаев ТМД-ны беделді не қабілетті бірлестікке айналдыру әрекетіне кірісті. Жалпы экономикалық кеңістікті сақтап қалу, шаруашылық байланыстарын дамыту, ұжымдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша атқарылатын шараларды үйлестіру органдарын құрудың қажеттігін бірден түсінген ол, барлық күшін осы бағыттағы жұмыстарға жұмсады. 1993 жылдың өзінде-ақ Достастық
мемлекеттерінің өзара байланысын нығайтатын және іс-әрекетерін үйлестіретін бірқатар маңызды құжаттар дүниеге келді.
Жылдың басында Минск қаласында ТМД Жарғысы қабылданды, ол Достастықтың ынтымақтасуға құқықтық негіз беретін басты құжаты болып табылады.
1993 жылғы мамырда Мәскеуде өткен кездесуде ТМД-ның үйлестіру –консультациялық комитеті мен Атқарушы хатшылығы құрылды, бұлардың қажет екендігі жайында Н.Ә.Назарбаев ТМД-ның алғашқы күндерінен бастап айтқан болатын. Бұл органдар қазір мемлекет басшылары Кеңесі мен үкімет басшылары Кеңесінің мәжілістерін өткізу мәселесімен айналысады, дайындық, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
1994 жылғы қазанда Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитеті(МЭК) құрылды.
Оның міндеті Достастықтың ұйымдық құрылымын нығайту, негізгі күш-жігерді ықпалдасуды және оның тетіктерін жетілдірудің тиімді, төте жолдарын табуға бағыттау еді.
Еркін сауда аймағын құру туралы, ал 1995 жылы мемлекетаралық валюта комитетін құру туралы шешім қабылданды.
1995 жылғы 20 қаңтарда Ресей,Белорусь және Қазақстан қатысқан Кеден одағы туралы үшжақты Келісім жасалды.
1996 жылғы наурызда Ресей, Белорусь; Қазақстан және Қырғызстан арасында жасалған жан-жақты жақындасу және ықпалдасуды тереңдету туралы Шарт экономикалық ынтымақтастықты жамыту жолында жаңа қадам болды.
ТМД елдері арасындағы нарықтық, бұрын беймәлім, экономикалық байланыстарды реттеу үшін келісім-шарттар жасасу қажет .........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру