География | ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша еріді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда.
XX ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81 -ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер — Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т.б. бар. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт казіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең Ресей, Австрия-Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), т.б. мемлекеттердің құрылуымен және социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болуымен сипатталады. Сонымен бірге осы кезең аймактың қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж.), әсіресе қазіргі кездегі аса беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945 ж.) құрылуымен ерекшеленеді.
1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92-ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада — Гана (1957 ж.) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл «Африка жылы» болып есептелінеді. Өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. Отаршылдықты жою процесі басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды.
Осы заманғы саяси картаның алғашкы кезеңі мен 1980 жылдардың соңғы межесіне дейінгі уақытты шартты түрде оның екінші кезеңі дейді. Бұл кезеңде отарлық империялар ыдырап, олардың орнында ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінде дамушы елдер деп аталынатын жүзден астам жас тәуелсіз мемлекеттер саяси картада пайда болды.
1990 жылы планетамызда егеменді ел 171-ге жетті. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық-этникалық құрамы негізінде екі Йемен — Солтүстік жәнеОңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет — Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екі Герман — Батыс және Шығыс Германия мемлекеттері бірікті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия Федерациялық Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991 жылдың қаңтары карсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169-ға дейін қысқарды.
1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері — Литва, Латвия және Эстония тәуелсіздіктерін алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін, оның орнында егеменді, жас тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.
Югославия Социалистік Федеративтік Республикасында басталған саяси науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында оның ыдырауына әкеліп соқтырды. Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың орнына келесі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония. Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана алғашқы — Югославия Одағына бірікті, кейіннен федеративтік құрылымдағы аталмыш республикалар атауымен қайта жаңғарды. Бірақ осы екі республика арасында, әсіресе Сербияның Косово және Метохия аймағында саяси даудамайлар әлі де өршіп тұр.
Сол сияқты Босния және Герцеговинадағы үш қауымдастықтың бір-бірімен қарама-қайшылықтары (серб, хорват және мұсылман қауымдары) мен екі жақты саяси кереғарлықтар (хорват мұсылман және серб топтары арасындағы) осы уақытқа дейін толық шешуін таппай отыр. Ал Македонияға келсек, оған Грекия үкіметі іштей өзінің қарсылығын өлі білдіруде. Оның басты себебі — елдің «Македония» деп аталуына келіспеушілігі. Жалпы, Македонияның Югославия құрамына ену кезінен қалған Болгариямен арадағы өзара түсініспеушіліктері тағы бар. Осы екі мемлекеттің Македонияның БҰҰ-ға мүше болып кіруінде дауыс беруде қалыс калуына байланысты Югославия құрамында болған басқа республикаларға қарағанда оның БҰҰ-ға мүшелікке енуі біраз кешеуілдеді.
1993 жылдың қаңтарында Чехо-Словакия Федерациялык Республикасы өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнында тәуелсіз екі мемлекет: Чехия және Словакия республикалары құрылды. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының осы үшінші кезеңіне өзіміз куә болып отырмыз. Біртұтас Кеңес Одағы, Югославия және Чехо-Словакия Федерацияларының бұрынғы республикаларының егемендік алуы, социалистік жүйенің ыдырауы мен басқа да тәуелсіз мемлекеттердің (Эритрея, Палау, Шығыс Тимор) пайда болуы және бүгінгі таңдағы дүние жүзі картасындағы кептеген саяси өзгерістерді осы соңғы кезеңге жатқызамыз.
Қазіргі кезде дүние жүзінің саяси картасында 200-ден астам егеменді тәуелсіз мемлекеттер бар. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына 194 мемлекет мүше. Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ-ның құрамына, оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешімі бойынша қабылданды. Мысалы: бұрынғы КСРО мен Югославия республикаларын БҰҰ-ға қабылдау рәсімі 1992 жылдың көктемінде жүзеге асты.
Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары. Егеменді мемлекеттермен қатар казіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршедігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол ав-тономиялық құрылымнан (1994 ж.) өлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.
Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1. Отарлар,яғни БҰҰ-ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді аумақтар, бұларға бостандық берілуі қатаң түрде талап етіледі.
2. Негізгі аумақтар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жер, бірақ олар БҰҰ-ның тізіміне кірмеген. Себебі оларды басқарушы мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар «теңізден арғы департаменттер немесе аумақтар», «еркін қауымдастықтағы мемлекеттер», т.б. болып табылады. Мұндай жерлер Мұхиттық аралдар мен Кариб теңізі алабында жиі кездеседі. Бұл елдердің барлығы дерлік жер аумағы және халқының саны жағынан шағын мемлекеттер.
Отарларды жою процесі өлі де жүріп жатыр, бірақ өткендегімен салыстырған-да — баяу. БҰҰ-ның тізіміндегі ең ірі отарлық иелік — Намибия 1990 жылғы наурызда (халқы 1,9 млн) өз саяси дербестігін алды. 1976 жылдың ақпанында Испания иелігінде болған Батыс Сахара жері өз тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Батыс Сахарада 15 жылға созылған қарулы қақтығыстан кейін (ұлт-азаттық. "Полисарио" майданы, Марокко жөне Мавритания арасындағы кақтығыс), 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап соғыс қимылдары ресми түрде тоқтатылып, келіссөз жүргізілді. Кейіннен Мавритания үкіметі өзінің оған деген аумақтық талаптарынан бас тартты. Бұл жерде енді БҰҰ-ның ұйымдастыруымен референдум (тәуелсіздік немесе Мароккомен интеграция) өткізілмекші. 1996 жылдан бастап "Полисарио" майданы мен Марокко арасында тікелей келіссөздер ендігі жерде БҮҮ мандаты жүйесі тұрғысынан қайта жанданды. Бірақ өлі де толық бір мөмілеге келген жоқ, екі арада жөне бүл мәселеде Марокканың көршілес елдермен (Алжир, Ливия) арасындағы келіспеушіліктер бар.
Ал Сянган (Гонконг) мен Аомыньның (Макао) тағдыры еткен ғасырдың соңында анықталды. «Бір мемлекет — екі түрлі жүйе» ұстанымы негізінде ҚХР-дың құрамына енді. Қытай үкіметі Тайваньға да жоғарыда аталған ұстаным негізінде біртұтас мемлекет болып емір сүруді ұсынуда.
Жалпы отарларға келетін болсак, олардың көбісін метрополия бірінші кезекте әскери-стратегиялык мақсатта пайдаланылуда, сол сияқты отарлар олардың баска да саяси-әлеуметтік және көліктік-экономикалық қызығушылық-тарын туғызуда. Сондықтан отаршыл-метрополиялар оларды мүмкіндігінше өз қолында ұстап тұруға тырысуда. Осы себепті де Испания мен Ұлыбритания арасындағы Гибралтардың мөртебесі туралы тартыстың шегі жоқ сияқты . АҚШ-тың көптеген әскери-әуе және әскери-теңіз базалары оның отар аралдарында және онымен қоса Ұлыбританияға қарайтын Үнді мұхитындағы Чагос архипелагының аралдарында (олардың ішінде Диего-Гарсия да бар) орналасқан. Сонымен қатар осы Гибралтар бұғазындағы Испанияға қарасты Перехилъ (арабша аты—Ләйла)аралдары үшін Испания мен Марокко арасындағы талас та, мароккондық аумақта орналасқан испандық -Сеута және Мелилья (бұларды 1640 жылы Испания жаулап алған) қалалары төңірегіндегі дау-дамай да өршіп тұр (тақырыптағы — Еуропаның қазіргі саяси картасын қараңдар).
Франция өзінен шамамен 17000 км арақа шықтықта орналасқан Полинезияны 1958 жылдан өзінің «теңізден арғы аумағы» деп жариялап, онда (Муруроа аралы) мұхит кеңістігінде өлі күнге дейін ракеталық-ядролық қаруын сынақтан өткізуін тоқтатпай отыр (жұртшылыққа осыдан он шақты жыл бұрын мұндағы полигонында Францияның бірнеше дүркін ядролық жарылыстар жасағаны белгілі). Ал Францияның Оңтүстік Америкадағы тағы бір отары — француз Гвианасы «теңізден арғы департамент» болып саналады. Оның Куру қаласы маңында 1968 жылы салынған ғарыш орталығы мен ғарыш айлағын Франциямен қоса бірнеше Батыс Еуропа компаниялары да Жердің жасанды серіктерін ұшыруға бірлесіп пайдалануда.
Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, дамуы, қалыптасуы немесе оның ыдырауы мен егемендігінің жойылуы, мемлекет атының өзгертілуі, астаналардың көшірілуі, шекаралардың өзгерісі, т.б. мөселелер аса күрделі тарихи-қоғамдық процесс болып табылады. Бұл процестер — саяси, әскери, әлеуметтік, экономикалық, діни, этникалық, т.б. көптеген ішкі және сыртқы факторлармен анықталады. Осындай жағдайда көптеген жылдар, кейде ғасырлар бойы, кейбір елдер мен халықтардың еміріндегі күрделі мәселелер қордаланып, шешілмей қалады. Солардың ішінде аумақтық және шекаралық келіспеушілік те аз емес .
Халықаралық, маңызы бар мұндай дау-шарлардың шығу себептері әр түрлі. Олар, негізінен алғанда, әр қилы таластартыстар, әсіресе соғыстар мен қакты-ғыстардың әсерінен немесе баска елмен шекара туралы шарт жасасқанда туын-дайды. Шекараны отаршылдардың, болмаса, жеңуші елдердің күшпен белгілеуі салдарынан олардағы этникалық жағынан біртекті халықтар тұратын аумақтар-дың белшектенуі де байқалып отырады. Сол сияқты шекараны табиғи шептер арқылы белгілеп жүргізудің қиындығы (Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда, т.б.) немесе олардың жаңадан игерілген аумақтар арқылы жасанды геометриялық, және астрономиялық түзу сызықтар мен географиялық координаттар арқылы ойша жүргізілуі (Канада, Австралия) себептерінен болады . Мұндай аумақтарды — дүние жүзінің қазіргі саяси картасынан анық кәруге болады. Осындай «түзу сызғыш немесе циркуль бойымен алынған аумақтар» шекара дауының басты себептері болып табылады. Мәселен, Африка елдерінің шекарасының 1/3-і геометриялық және астрономиялық сызықтармен, яғни түзу сызықтар, параллельдер мен меридиандар бойынша жүргізілген. Онда мәдени-ұлттық аумақтар мен табиғи шептер ерекшеліктері тіптен ескерілмеген.
Халықаралық проблемалар жөніндегі мамандардың тұжырымдауынша, планетамызда — аумақтық, шекаралық, т.б. дау-жанжалдар ошағы болып табы-латын шамамен 300-дей пункт бар деп есептелінеді. Ал оның 100-ден .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар География курстық жұмыстар, ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ