Өнер | Театрдын шыгу тарихы

 Өнер | Театрдын шыгу тарихы

Мазмұны
1 Кіріспе
Театрдың пайда болу сипаты
2 Негізгі бөлім
а) Театрдың даму кезеңі
ә) Қазақ театрының қалыптасуы
3 Қорытынды бөлім
Театрдың замануи даму жағдайы

Кіріспе
Театрдың пайда болу сипаты
Театр – грек сөзінен аударғанда ойын-сауық деген мағынаны білдіреді. Театр өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнеленетін сымбатты өнердің бір түрі, ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келіп тууымен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасап келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық характердегі дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту секілділері бой көрсетті. Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, қаһарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-саыққа айналдыру әдеби дарамалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлермен көрермендерге жіктеліп бөліну театрдың аса маңызды қоғамдық функциясын айқындай түсті. Бұл процесс европаның театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған. Ежелгі Греция театрында айқын көрініс тапты.
Негізгі бөлім
Театрдың даму кезеңі
Театрдың дамуы кезеңдерінің бірі көне замандағы театр мәдениеті. Ежелгі Грецияда халық дәстүрі мен гуманистік ойға негізделген театр ұйымдасты. Б.з.б. 5 ғ-дың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет қалаларында театр қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауықтар бүкіл халық мерекесі саналады. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға оң мыңдаған көрермендер жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ал мұндай ойын-сауықтар маман актерлерден басқа хорға қатысатын барлық көрермен азаматтардың өздерін де қамтитын болған. Бірақ музыка мен би ойын-сауық әрекетінің қажетті элементі болып қалды.
Ежелгі Грецияда өз техникасы мен дәстүрі бар әр түрлі театрлар өмір сүрді. Драматург Эсхил, Сафокл мен Европид тргедияларында аңыз құдайлары мен қаһармандарының образы жасалды, қайсыбір саяси-әлеуметтік игі мұраттар қорғалып, азаматтық пен мораль нормалары тұжырымдалады. Аристофан комедияларында ежелгі дәуірдің саяси және әлеуметтік күресі бейнеленіп, қоғамда орын тепкен кемшіліктер мен орынсыз жайлар өткір күлкі отына ұшырады. Б.з.б. 5 ғ-да импровизациялық халық театры түрінде пайда болған мемлекет қала мен деревнядағы төменгі тап өкілдерінің өміріне байланысты күлкілі жайларды бейнеледі, кейіннен ол Таяу Шығыс елдері мен Ринго таралып, өзінің әдеби драматургиясын туғызды. Грек театр мәдениетінің дәстүрі жаңа қоғамдық өмірдіңт ерекшелігіне орай Ежелгі Рим ттеатрында спектакльді қою мен театр техникасы едәуір дамып, сахна түрлері өзгерді, ойын-сауықтың жаңа түрлері, оның ішінде мифологиялық сюжетке құрылған музыка-би сауығы – пантомима. Бұл империя дәуірінде гүлденіп, 5 ғ-ға дейін негізгі театр жанрларының бірі болып қалады. Ойын-сауықтың көптеген алуан түрлері Ежелгі Шығыс елдерінде де, соның ішінде Жапонияда, Индонезияда, Қытайда, Үндістанда т.б. елдерде туып, өрістей бастады. Эпикалық түрдегі халық поэзиясының мазмұнымен байланысты туған мұндай ойын-сауықтар халық шығармашылығының барлық трлерінің (би, музыка, пантамима) басын қосып, оларды өзара бір-бірімен шендестірді; мұның өзі кейннен театр жүйелерінің көркем тәсілдері бар оригиналды драматургия жасауға алып келді. Ерте кезеңдегі Театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маскатиптердің тууына себепші болды. Мұндай принцип орта ғасырдағы халық театр сауықтарына да тән болатын. Орта ғасырда халық Батыс Европадағы театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен феодалдардың діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық Театры қала мен село бұқарасының әуесқойлар шығармашылығының тағы бір өкілдері кезбе актерлар – гистриондар деп саналса, Ежелгі Русьте өз өнерлерімен көрермендермен тікелей байланыс жасап әрі алғашқы синкретизм мен импровизацияны қайта жаңғыртқан скаморохтар деп саналды.
Орта ғасыр Театрындағы ең ірі жанр болып табылатын Миракль мен Мистерия сауықтарының (15-16ғ.) діни мазмұнынан өмір әуендері кең көрініс тапты және әуесқой актерлердің өнері арқылы келген шіркеуге қарсы элементтер тұрмыстың реализм мен стихиялы халықтық боулар да бой көрсетіп қалып отырды. 15-16 ғ-дағы аллегориялық драма сауығы – моралитте өсиет пен мораль айтушылықтан аспады. 14-16 ғ-да бірқатар елдерде (Италияда, Францияда, Германияда т.б.)фрас секілді орта ғасыр Театрының ең демократиялы бір түрі өркен жайды. Бұл алаң жанры жалпы феодалдыққа қарсы кзклген бағытымен, жарқын сатиралық және өткір әлеуметтік-тұрмыстық бояуының молдығымен ерекшеленеді. Дәстүр мен импровизацияны шендестіру секілді халық алаң театрының алуан түрлеріне тән тәсілдер осы фарс арқылы қайта өркендеу дәуіріндегі алғашқы европалық профессионалды театр болып саналатын италянның дель арте комедиясына (16-17 ғ.) ауысты, ал мұныңспектаклі тұрақты маска образдар мен сценариилерге негізделген ұжымды актерлік шығармашылық бойынша жасалды. Бұл спектакльдер актерлердің көрермен-көпшілікпен емін-еркін қарым-қатынас жасап отыруына құрылды әрі олар жарқылдаған буффонада, гипербола, гротескіге құрылған өткір сатираға, нәрлі юморға, динамика мен жарқын бояуға толы болды. Фарстық ойын-сауықтар сияқты бұлар да қалың көрермендерге арналып, көбіне алаңдарда, ағаштан тұрғызылған сахналарда көрсетіліп отырды. Әдеби драматургия қайта өркендеу дәуірінде өмірге келді. Театр әдебиеттік негізге құрылып бұдан былай ол қаланың орталықтарына, тұрақты мекен жайларға қарай ойысады. Жалпы мәдениеттің даму процесінде Театрдың шығармашылық міндеттерінің ұлғайып өсуі оның алуан түрлерінің жіктеліп, әрқайсысының жеке, өз алдына дамуына себепкер болды. Мысалы, 16 ғасырда опера, 18 ғасырдың ортасында балет, 19 ғасырдың ортасында оперетта жеке жанр түрінде бөлініп шығып, қалыптаса бастады.
Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік мәдениеті көне замандағы Театр дәстүрін қайта жаңғыртып оны халықтың ұлттық дәстүрімен ұластырды. Әсіресе көне заман драматургиясының драма теориясы (Аристотель, Горации) мен театр архитектурасының (Витрувий) осы дәуірдегі сахна өнеріне ықпалы мол болды. Қайта өркендеу дәуіріндегі У.Шекспир, М.Сервантес, Лопе де Вега, П.Кольдерон т.б. секілді ұлы драматургтар пьесаларында тарих мәселесі өткір әлеуметтік және саяси талас-тартыстар үстінде ашылды; олар өздерінің өмірлік мақсат-мұратын орындауға ұмтылған, ойлау мен әрекет жасау қабілеті жойқын, кесек мінезді ерен жандардың бейнесін алдыңғы қатарға шығарды. Жоғары адамгершілік пен қаһармандық негізінің болуы, өмірге деген философиялық көзқарас, поэзиялық, қайырымдылық пен зұлымдықтың ымырасыз кереғарлығы, арлылықтан арсыздыққа, трагедиялықтан комедиялыққа табиғи түрде ауысып отырушылық т.б. қайта өркендеу дәуірі драмасының ерекшелігін айқындады және оның барлығы сол дәуірдегі сахналық мәдениеттің де, ерекшеліктерін қалыптастырды. Драматургияның халықтығы Театрдың да халықтық сипатын айқындады.
Спектакльдерді қою өнері жөнінен театр негізінен алаң ойын-сауығына тән қарапайымдылық пен шарттылық тәсілдерін ұстанды. Драмалық әрекетте музыка, ән менби табиғи тоғыстығын тапты. Европа елдерінде кезбе актерлер труппасынан басқа театр антрепренерлері басқараған жеке меншікті немесе актерлер жолдастығы типіндегі тұрақты кәсіпорындар пайда бола бастады. Көптеген Театрлары ұйымдасты. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басындағы феодалистік-католиктік реакция қайта өркендеу дәуірі реализімінің даму өрісін тарылтып, Театрдағы демократиялық ағымдарға тұсау салды. Театрдың жаңадан қайта өрлеуі классициззмнің кең өріс алуымен тығыз байланысты; ал классициззмнің қоғамдық негізі 17 ғасырдағы бірқатар европалық елдерде абсолюттік тәртіпті нығайту және бітұтас ұлттық мемлекеттер құру мақсатымен феодалдық дворяндық бытыраңқылыққа қарсы күрес жүргізу болды. Жан төзгісіз қиыншылықтарды, әсіресе қоғамдық игіліктер талабы мен жеке бастың қамын күйттеуден туатын адам бойындағы шарпылысқан екі ұдай сезімді жеңе білетін қаһармандар бейнесін жасау театр міндетіне айналды.
Классицизм тұсында замани мәселелер дерексіздікпен қатар жалпы маңызды сиапт алды. Осы кезеңде Францияда қатаң ережеге құрылған театр жүйесі Буалоның «Поэтикалық өнер» атты теорикалық поэмасы, 1674ж. т.б. жасалды.
18 ғасырдың аяғында дауыл мен тегеурін драматургиясының (Германия), мелодрамалар мен сатиралық ағымдағы водевильдерінің өмірге келуі Театрдың демократиялық негізін кеңейте түсті. 19 ғасыр аралығындағы өткен саяси-әлеуметтік процесс нәтижесінде көрермендер молайды да оның өзі жалпы Театр жүйесінің демократияландыру мен Театр жүйесінің толассыз өсуіне ықпал етті.
Театрдың бүкіл көркемдік құралдары мен репертуарын қозғаған жаңа сахналық реформа пісіп жетілді. Бұл алдыңғы қатарлы Театрдың көркем әдебиетпен (проза мен поэзия саласымен), жаңа драмалармен (Чехов, Ибсен, Гауптман, Шоу, Горький, Л.Н.Андреев т.б. драматургиясы) және ондағы ізденістермен белгіленеді. Театр 20 ғасырдың басындағы күрделі өмір көріністерінің қайшылықтарын, мүдделерін жан-жақты аша отырып, шынайы бейнелеуге ұмтылды. Бостандық театрлары деп аталатын Театрлар реализмнің жаңа бір қырларын табу жолында күрес жүргізді.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында азаттық қозғалысының өрлеуімен байланысты. Россияда да Театр өнері бойынша жаңа эксперименттік ізденістер жүргізілді. Әсіресе режиссер К.С.Станиславский мен В.И.Немирович-Данченконның спектакль қоюдағы тың ізденістері өте жемісті болды. Осы кезеңде сахналық образжасау мен актерлерді тәрбиелеутәсілі, яғни кеңес дәуірінде одан әрі даму жолын тапқан Станиславский жүйесі қалыптасып, іс жүзінде қолданыла бастады. Төңкерістен бұрынғы орыс Театрындағы идеялық күрес аса күрделі шиеленіскен жағдайда өтті. 1917 жылғы қазан төңкерісі театрдың жаңа перспективалық дамуына кең жол ашты. Кеңес үкіметі жылдарында бұрын болмаған немесе алғашқы сахналық белгілері ғана болған халықтардың (қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен т.б.) театр мәдениеті туып дами бастады. Өзара үнемі шығармашылық тәжірибе алмасып отыру көркеғмдік процесті байытып, жаңа үлгідегі театрдың қалыптасуын қамтамасыз етті. Осы кездегі Европа мен АҚШ елдеріндегі театрдың жаңа үлгі-түрлерінің даму процесі күрделі де алуан жағдайдыбастан кешірді. Италияның неореалистік театры соғыстан кейінгі қаусаған өмір тіршілігін, бұқара көпшіліктің арман-мүддесін көрсетуді мақсат тұтты.
50 жылдардың ортасында демократиялық қозғалыстың өрлеуіне орай Ұлыбританияда режиссер Дж. Литлвуд жетекшілік еткен «Ройял Корт» театры және «Уоркшоп» театрлар «ашу-ыза кернеген жастардың» драматургиясы өмірге келді.
60 жылдардың аяғында жарқын саяси бояуға толы экспериментті Театрлар қозғалысы кең етек алды. Шекспир трагедиялары мен комедиялары негізінде ағылшындар қойған постановкалар (Корольдік Шекспир театры, реж. П.Брук, актерлер П.Скофилд. Д.Тьютин. т.б.) дүние жүзіне танылды. АҚШ-та көркем қолтума туындылары (Ю.О.Нил, Т.Уильямс, А.Миллер т.б.) кейбір сәті түскен жағдайларда болмаса, көбіне мьюзиклдер мен эстрадалық жеңіл ойын-сауықтар қоюдан аспайтын Бродвей театрларына қарама-қарсы бағытта прогресшіл идеялық ағымдағы, көркем репертуары бар «Бродвейден тыс» аталатын театрлар кең өріс алды. 60 жылдары хеппингтер, саяси шолулар мен мьюзикл жанрының жаңа түрлерін қоятын «Бродвейден тыс» шағын экспериментті тетрлар өрістеді. АҚШ театр мәдениетінің даму жолында университеттік театрлар роль атқарды.
Театр шығармашылығына ден қою жалпы бұқаралық сипат алды. Жастар спектакльдері цирк, жәрмеңкелік серуен мен қуыршақ Театрының элементтерін бойына сіңіріп, пантамима, поэзиялық және деректі Театр, буффонада, фарс, балаған, дель арте комедияларысының үрдіс тәсілдерін молынан пайдалану негізінде қойылды. Спектакльдер қала алаңдарында, цехтар мен фермаларда, курорттық жағажайларда қойылып, Театр өнері қалың көрермендер тобын кеңінен қамтыды. Дүние жүзі елдерінің барлығында дерлік жастар Театры бар. Спектакльді қоюшы ғана емес, бүкіл ұжымға жетекшілік ететін режиссерсіз театрдың болуы мүмкін емес. Осымен байланысты қазіргі уақыттағы театрда режиссер қызметінің және сценография мен музыканың ролі бұрынғыдан да арта түсті. Сахналық өнерде ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі қыруар көркемдік тәжірибе жинақталып, ұлттық Театр шығармашылығының мол дәстүрі қалыптасады. Осы тәжірибе мен демократиялық дәстүр 20 ғ-дың сахналық мәдениетінде одан әрі пайдаланып, сәтімен игерілді. Романтизм мен реализм жаңа тарихи даму сатысынан өтіп, тың түр табуда. Бұған өткен кеңес Театрының тәжірибесі толық дәлел. Бейнелі шешімге ұмтылу, көркемдік тәсчілдерді ұтымды қолданып, оның мазмұнды болу жағын қарастыу – қазіргі пргресшіл Театр ағымын айқындайтын белгілер.
Қазақ театрының қалыптасуы
Ұлттық театр өнерінің элементтері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (бет ашар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ,.............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру