Салық кодексі | Мүлiк салығының салық жүйесi

 Салық кодексі | Мүлiк салығының салық жүйесi

Мазмұны
Кiрiспе……………………………………………………………………………
I. Мүлiк салығының салық жүйесiнде алатын орны
1.1. Мүлiк салығының пайда болу тарихы…………….....……………………
1.2. Салықтардың экономикалық мәнi және маңызы………………..............
1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесi………………….......……….
II. Мүлік салығын есептеу және жеңілдіктерді қолдану ерекшеліктері
2.1. Мүлiк салығының объектiсi мен субъектiсi…………….......…………….
2.2. Заңды тұланың мүлiк салығының ставкалары………...………………….
2.3. Заңды тлғаның мүлiк салығының жеңiлдiктерi және есептi кезеңi…..…
2.4. Заңды тұлғаның мүлiк салығын есептеу тәртiбi мен механизмi ………
Қорытынды………………………………………………………………….....
Әдебиеттер………………………………………………………………………

Кiрiспе
Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды қатардағы еңбек адамынан бастап салықшылардың өздерiне дейiн қағидаға айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыланды-ру қызметi және аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активтi тұрде қатыса алады. Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар, мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру денгейiн минималды денгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкiндiгi бар.
Кез келген мемлекет өзiнiң қаржылық базасы болғанда ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң аппаратын ұстауға және өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана өмiр сүредi.
Салық- мемлекеттiң бекiтуi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi, азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси ѕкiмет саяси субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.
Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады: бiр жағдайда мемлекет зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражаты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.
Салықтар- мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер.
Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi.
Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.
Өркениеттi елдердiң қай-қайсысында болмасын мемлекеттiк бюджет, яғни халықтың ортақ қалтасының қаражаты салық арқылы құралатындығы белгiлi.
Демек, әлеуметтiк экономикалық дамуға әркез дем берiп, қан жѕгiртiп, отыратын бюджеттiң түзiлiмiнде, iрiлi-кiшiлiгiне қарамастан, барлық салық төлеушiлердiң мән маңызы мен рөлi өте үлкен. Осы тұрғыдан келгенде бiз әрбiр салық төлеушiге, құрметпен қарауымыз керек, әрi олардан тиiстi салық төлемiнiң уақытылы толық көлемде түсiп тұруын қамтамасыз етуге, оның барысын ѕздiксiз бақылап, қадағалауға мiндеткеремiз.
I. Мүлiк салығының салық жүйесiнде алатын орны
1.1. Мүлiк салығының пайда болу тарихы
Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күнiн анықтау мүмкiн емес. Салықтардың прототипi адамзат қоғамымен басқарудың ең алғашқы формаларымен бiрге пайда болған.
Алғашқы қауымдастықтың өзiнде, қоршаған ортаның қатаң шарттарына амалсыз бейiмделуге, сыртқы жаудан қорғау үшін, сонымен қатар асаршылық жағдайна азық- тұлiк қоғамдық запастарын сақтау үшін, бiрнеше адамдардың қолдауын түсiнген.
Осыдан келiп, мынаны айтуға болады, салықтардың алғашқы пайда болуына қоғамның осы немесе басқа да қызығушылықтардың қанағаттандырылуының ұжымдық тұтынуы болды. Байлар өздерiн адал әрi байыту үшін кедейлерден салықтарды ұстайтынын ұмытпау керек. Бұл тұрде салықтар ұзақ уақыт бойы әрекет еттi және де қоғам бұны объективтi қажеттiлiк ретiнде түсiндi.
Тек XV ғасырдан бастап қана, ғалымдар ақшалай қатынастар жүйесiн, сонымен қатар мемлекеттiң экономикалық негiзi мен экономикалық функцияларын зерттей бастағаннан кейiн, салықтардың қайта маңыздылығының алғашқы әрекеттерi пайда болды.
Салықтар қоғамдық өнiмнiң бiр бөлiгiн мiндеттi төлемдер ретiнде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс жағының негiзi қайнар көзi ретiнде құрылуы ертеден келе жатқан дәстұрдiң бiрi. Және бұл дәстұр нарықтық экономика жағдайында, нарықтық емес экономика жағдайында да әрекет етедi. Сондықтан, салықтар мен салық салуды адамзат цивлизациясының айырмас бiр бөлiгi ретiнде қарауға болады.
Жалпы салықтардың iшiнде мүлiк салығының алатын орны ерекше. Мүлiк салығы толығымен дерлiк жергiлiктi бюджетке барып түседi. Мүлiк салығы нақтылай тiкелей салықтардың қатарына жатады. Мүлiк салығының сомасы салық төлеушiнiң табыс көлемiне қарай емес, мүлкiнiң қарқына қарай анықталады.
Салықтардың даму тарихын мыңжылдықтармен өлшеуге болады. Салықтардың ең алғаш пайда болуы -мемлекет пен қоғамның әр тұрiн кластарға бөлiнуiмен бiрге пайда болды. Салық салудың қалыпты теориялық негiздерiнiң пайда болу тарихы көне ғылым түрiне жатпайды. XVII ғасырға дейiн салықтар жайлы барлық көзқарастар кездейсоқ сипатта болды, яғни ғылымдардың, ешқандай салаларында ешкiм өзiнше ғылым ретiнде мойындамады.
Салықтардың теориялық негiздерi тек ғылым ретiнде тек XVII ғасырдан бастап қана қалыптасты және оның негiзгi қатысушысы шотландиялық философ Адам Смит болды.
Қазiргi мемлекеттердiң көптеген жақтары Ежелгi Римде пайда болды. Рим провинцияларында ең негiзгi табыс көзi жер салығы болды. Оның орташа ставкасы жер учаскесi табысының оннан бiр бөлiгiн құрады. Салық салудың негiзгi формалары да қолданылған, мысалы жемiс ағаштары және жүзiмнiң көлемiне салынатын салық.
Басқа да құндылықтарға салық салынатын қозғалмайтын мүлiк, тiрi инвентарь (iрi қара мал, сондай-ақ құлдар), құндылықтар.
Провинцияның әрбiр тұрғыны бәрiне ортақ жанбасылық салықты төлеуi керек болды. Келесiдей жанама салықтар әрекет еттi: айналымнан салық 1% ставка бойынша құл сату-сатып алу айналымына салынатын салық 4% ставка бойынша және құлдарды босату салығы, олардың құнына 5 % бойынша.
Мұраға салынатын салық тек Рим тұрғындарына ғана салынады. Салық мақсатты сипатта болды. Алынған қаржылар мамандандырылған әскердi зейнетақымен қамтамасыз ету үшін жұмсалған.
XII ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында адам қоғамында iрi қалалар ѕлкен рөл атқара бастады. Сол iрi қалалардың табыстары неден құралды? Мысалы: Мәскеу қаласындағы 1890-1891 жж. салықтық түсiмдер барлық табыстардың 60 %-тiн қамтамасыз еттi. Ал егерде негiзгi кәсiпорындар мен қалалық ғимараттың алымдарын қосатын болсақ, онда ол барлық табыстың 70-75 % құрайды. Тiкелей салықтар барлық табыстың 57% құрады. Тiкелей салықтардың iшiндегi ең негiзгiсi қозғалмайтын мүлiкке салынатын салық болды. Айтылған кезең аралығында ол 9% ставка бойынша алынды. 1890 жылы салықтың бұл тұрi 4,14 млн. тiкелей салықтардың iшiнен 2,3 млн.руб. болды. Бұл өсiм салық ставкасының жоғарлауын немесе қозғалмайтын мүлiктiң тез өсуiне емес, Мәскеу қалалық басқармасындағы қозғалмайтын мүлiктi қайта бағалауға байланысты болды.
Қозғалмайтын мүлiктi сатудан түсетiн салық 1890 жылы 7785 рубль болса, ал 1891 жылы 6340 рубль болды, яғни ѕлес салмағы 0,1%.
1900 жылы қозғалмайтын мүлiкке салынатын салық ставкасы заңмен бекiтiлген максимумға дейiн, яғни 10%- ке дейiн өстi. 1901 жылы ол 9 %- ке дейiн төмендедi. 1902 жылы 9,5%-тi құрады, 1903 жылы қайтадан 10% көмiнде қалыптасты. 1890-1913 жж. қозғалмайтын мүлiк құны екi есеге дейiн өстi.
Дамыған мемлекеттерде капиталға және меншiкке салық салу келесi салық топтары арқылы жүзеге асырылады: жеке әлауқат салығы, мұрагерлiкке және сыйға салық салынатын, капитал өсiмiн салық, мүлiктiк нақтылай түрлерiне салынатын салық (жерге, құрылысқа).
Жеке әл-ауқат салығына – мүлiкке ие болуына байланысты туындайтын жеке тұлғалардың мүлкi табылады. Мүлiктiң бағасы нарық құны бойынша туындайды. Потенттер, аннуитеттер, салықтандыру полюстары (өнiмдердi сақтандыру бойынша ғана), либель және басқа да үй жиїаздары, өнер туындылары, жеке коллекциялардың белгiлi бiр түрлерi, автомобильдер және басқа да салынатын бiтпеген жер учаскелерi, егер оларға арнайы салықтар салынатын болса, онда олар салық салудан босатылады.
Бiрлiк сатвка бойынша Бельгияда (1), Данияда (2,2), Германияда (0,5 жеке тұлғалар үшін, 0,6- корпорациялар үшін), Исландияда, Люкембургте жеке әл-ауқат салығы салынады. Прогрессивтi салық салу Финляндияда, Норвегияда, Испанияда, Щвецияда және Щвецарияда әрекет етедi. Ал басқа дамыған мемлекеттерде салықтың бұл тұрi әрекет етпейдi немесе әкiмшiлiк территориялық бiрлiк денгейiнде жүзеге асырылады. Айтарлықтай жоғары сомма және салық салу кезiндегi жеңiлдiктер бұл салықтық ерекшелiктерi болып табылады.
Мұрагерлiктен салық – бұл мұраға алу құқығы бойынша жаңа иегерге өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын және жылжымайтын). Сыйға салынатын салық –бұл меншiк иесiнен екiншiсiне сый тұрiнде өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын немесе жылжымайтын).
Көптеген елдерде салықтың бұл түрлерi жеке –жеке әрекет етедi, ал кейбiр мемлекеттерде мұрагерлiкке және сыйға салынатын салық бiр салық ретiнде қарастырылған. Бiрақ, бiрiншi жағдайда салықтар ереже бойынша жалпы нормалармен реттеледi және салық ставкалары мен салық салынатын соманы анықтау тәртiбi бiрдей.
Барлық дамыған мемлекеттерде мұрагерлiк және сыйға салынатын салық орталық (федералды) денгейде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттерде мұрагерлiкке және сыйға салық салу ставкалары кѕрделi прогрессия бойынша қалыптасады. Мұрагерлер мен сый алушылар туыстық денгейiне байланысты топтарға бөлiнедi (I-тiкелей мұрагер, II-ерлi-зайыптылар, III- ағалары мен қарындастары, iнi, әпкелерi, IV-алыс туысқандары және тағы да басқа). Әрбiр топқа салық ставкаларының жүйесi белгiленген. Салықтық класқа салық салу сомасы көлемi де тәуелдi.
80-шi жылдары дамыған мемлекеттерде салықтық түсiмдердiң жалпы сомасында мұрагерлiк пен сыйға салық салудан түсiмдер сомасы айтарлықтай қысқарды. Тек Жапонияда ғана салық салудың бұл тұрi бойынша түсiмдер елдегi жалпы салықтың түсiмдердiң жалпы сомасының 1%-iн құрады (1985 жылы 1,19). Ал басқа мемлекеттерде салықтың бұл тұрi 1-тен төмен болды.
Францияда мұрагерлердiң ѕлесi тiкелей мұрегерлер немесе ерлi-зайыптылар үшін 275 мың фр. франкiнен асса, Австрияда 30 мың кроннан (ерлi-зайыптылар үшін), Грецияда –901 мың драхмадан, Ирландияда –150 мың ирл.фунтынан, Жаңа зеландияда –450мың ж.з. долларынан асқан жағдайда ғана салық салуға жатады.
Жылжымайтын мүлiктердiң жекелеген түрлерiне салықтар әрқалай болып келедi. Барлық мемлекеттерде бұл салықтар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметкерлерiнiң қатарына жатады.
Құрылыстарға салынатын жер салығы. Мемлекет территориясында барлық құрылыстарға жер салығы салынады (жер салығын төлеуден босатылғандардан басқа). Құрылыстың фундаментi ғимараттың өзi қандай материалдардан салынғанына байланыссыз, цементтен, кiрпiштен және бетоннан салынуы тиiс. Ғимараттардың негiзгi түрлерiне келесiлердi жатқызуға болады: адамдар үшін ғимараттар мен баспаналар, жабдықтар мен запастар (шеберханалар, ангарлар, кез келген тұрдегi өндiрiстiк құрылғылар және тағы басқа); қоймалар (сүрленген шөптi сақтау орындары, резервуарлар); қатты және мықты жабыдқталған құбырлар; архитектура және өнер туындылары (көпiрлер, жағалаулар, тоннельдер, виадуктер және тағы да басқалар); өндiрiстiк мақсаттағы жарнама үшін орындар.
Қоғамдық ұжымдық меншiктегi құрылымдарға салық салынбайды. Оларға мемлекет меншiгiндегi ғимараттар мен құрылымдар, территориялық ұйымдар, ұжымдық бiрлестiктер жатады. Сондай-ақ қоғамдық меншiкте яғни ұжымдық мақсаттарға пайдалануы керек және меншiк иесiне табыс әкелмеуi тиiс.
Ұйымның ұжымдық меншiгiндегi құрылымдар үшін нақтылай жеңiлдiктер бекiтiлген. Ұйымның қоғамдық меншiгiне ғимараттарды коммерциялық емес және өндiрiстiк емес жағдайларда пайдаланылған жағдайларда салықтың толық ставкасында жеңiлдiктер берiледi.
Франция заңдылылығында ғимараттар мен құрылыстардың келесi түрлерiне салық салынбайды: теледидарлық байланыс үшін пайдаланылатын құрылыстар; коммуналдық шаруашылық құрылымдары (ауылдық жерлерде коммуналдарда да; дiни культтық мекемелер).
Соғыс және еңбек инвалидтерiнiң ғимараттары; бомбапаналар; құтқару қызметiнiң құрылыстары; әскери iс-әрекеттер нәтижесiнде бұзылған ғимараттар мен құрылыстарды қайта қалпына келтiрумен айналысатын кәсiпкерлер одағының жылжымайтын мүлiктер; әскери әрекеттер жағдайына мемлекетпен құрылған резервтiк құрылымдар.
Салықтан тез арада босатуға жататындар: бiрiншiден, құрылыс салынған жылдан кейiнгi келесi жылдың 1 қаңтарына дейiн барлық құрлыстар; екiншiден, жергiлiктi ѕкiмет органдарының шешiмi бойынша тұрғын үй, өндiрiстiк, өнеркәсiп және коммерциялық қызмет мақсатында пайдаланылатын құрылыстар 2 жылға дейiнгi мерзiмге; үшіншiден қолөнер қызметiмен айналысу үшін құрылыстар; төртiншiден, 1983 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1988 жылдың 31 желтоқсаны аралығында құрылған жергiлiктi кәсiпорындар 1973 жылдың 1 қаңтарнан кейiн салынған ғимараттарға 15 жылға жеңiлдiк берiлуi мүмкiн. Егер бұл –тұрғын үйлер болса және муниципалды меншiкте, яғни төменгi бағадағы пәтерлер сондай-ақ құрылысының 50 -тi мемлекеттiк дотациямен жабылса. Егер бұл құрылыстың 50 -тен жоғарғы бөлiгi мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылса, ол келешекте тұрғын үй мақсатында пайдаланып және жеке меншiкке өтетiн болса, онда салық төлеушi салықты төлеу мерзiмiнен он жылға дейiн босатылады.
Салық бойынша ставка көлемiн анықтау, құрылыстық жер салығының ставкасы меншiктi басқару шығындарын, сақтандыруды, амортизацияны және ремонтты есептегенде 50 мөлшерiнде белгiленген. Кадастрлiк инспекция органдары тұрғын үй құрылымының құнын мемлекеттiң барлық территориясында әрекет ететiн жалпы әдiстеменi пайдалану арқылы анықтайды. Негiз ретiнде салық төлеушiнiң есептiк берiлгендерi қабылданады. Құндылықтың қайта есептелуi бағаның өзгеруiмен ғана емес, сондай-ақ проценттiк ставкаменде жүзеге асырылады. Бiрақ жалпы әдiстеменi қолдану құрылымының пайда болу көзiне байланысты әр түрлi болуы мүмкiн.
Жерлер мен құрлыс алаңдары. Салық салу объектiсiнiң құны мiндеттi тұрде екi түрлi өзгерiстi қамтуы тиiс:
- 1970 жылдың 1 қаңтарына дейiн берiлген тұлғаның меншiгiндегi әрбiр өткен толық жыл үшін 3 -ке жоғарлату;
- 1959 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi меншiкте болған жер учаскелерi.
Францияның салық кодексiндегi 21 бапта көрсетiлген коэффициенттердi пайдалану арқылы. Осындай жолдармен есептелген проценттiк ставка 8  құрайды.
Құрылымдар мен қондырғылар, салық салынатын объектi 1959 жылдың 1 қаңтарына дейiн сатып алынған болса, олардың өзiндiк құны қайта есептелiнедi. Оларға байланысты проценттiк ставка 12  көлемiнде бекiтiлген, бiрақ база 25 -ке (егерде құрылыс 1976 жылдың 1 қаңтарына дейiн сатып алынса) немесе 1/3 (1976 жылдң 1 қаңтарынан кейiн) қысқаруы мүмкiн.
Осыған байланысты iс- тәжiрибе жүзiнде 1976 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi құрылғылар үшін 9, және 1976 жылдың 1 қаңтарынан кейiн 8 құрайды.
Ерекше жағдайлар Атомдық кәсiпорындар, аэропорттар үшін ставка 1/3 төмендетiледi. Ұйымның қоғамдық қызметiн тоқтату барысындағы қозғалмайтын мүлiкке салық салу базасы ұйымның өзiндiк қаражаттарының өзiндiк құны арқылы анықталады. Ал коммерциялық, өндiрiстiк және басқа да өндiрiстiк құрлыстардың салық салу базасы министрлiк денгейде бекiтiлген арнайы есеп кестелер бойынша анықталады. 1890 жылы қозғалмайтын мүлiк құны 1978 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2/3 жоғарлатылды.
Жер салығы. Салықтың бұл тұрi Франция территориясындағы жеке меншiктердiң барлық түрлерiне жыл сайын салынады. Яғни құрылыстың жер салығы бойынша салық салуға жатпайтындар: қоғамдық мақсатқа пайдаланылатын темiр жол жер уаскелерi, карверлер, рудниктер, ауыл шаруашылық мақсаттарға пайдаланылатын тоғандар, батпақтар. Жер салығына Ѕлттық (мемлекеттiк) меншiктегi барлық объектiлер толығымен босатылады: мемлекеттiк және департаменттiк тас жолдар, коммуналдық темiр жолдар, сондай-ақ телекоммуникациямен айналысатын компаниялардың меншiгiнде мемлкетпен берiлген жер учаскелерi. Ерекше жағдайларда жер салғынан мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерi босатылады: қоғамдық бақтар, молалар тағы да басқа. ІЅрылыстық жер салығын төлеуден босатылған соғыс және еңбек мѕгедектерi қоғамына жататын ғимараттардың жанындағы саябақтар мен бақтарға жер салығы салынбайды. Сондай-ақ әскери әрекеттер нәтижесiнде бұзылған профсоюздiң, бiрлестiктердiң жер учаскелерiне салық салынбайды. Салықтың бұл тұрi жер учаскесi коллективтi меншiкте болса және тұрғындардың саны 5 мыңнан асатын коммуналдарға салынады.
Құрылыстың жер салығын төлейтiн барлық учаскелерi жер салығын төлеуден босатылады.
Уақытша босату. Келесiлер салықтан босатылады: тал отырғызылған кезеңнен бастап (немесе егiстiк егу) жер учаскелерi 30 жылға; кеуiп кеткен батпақтар 20 жылға; ауыл шаруашылық мақсатында әрекет еткен игерiлмеген жерлер және жемiс ағаштарын отырғызумен айналысатындар-10 жыл.
Тұрғын үй салығы. Бұл салық негiзгi және қосымша өмiр сүру жерi ретiнде пайдаланатын (ғимараттар мен құрылыстарға) жеке тұлғалардың кез келген меншiгiне салынады. Меншiк иесi мен пайдаланылмайтын үйдiң немесе пәтердiң құрамына кiретiн құрылыстар салық салудан босатылмайды. Сондай-ақ қзметтiк мақсаттарға пайдаланылатын құрылыстар да салық салуға жатады. (гараждар, паркингтер, қосымша бөлмелер және тағы да басқа).
ґндiрiстiк мақсаттағы құрылыстар тұрғын үй құрылыстарының ажырамас бөлiгi болып табылатын болса (пәтердегi немесе үйдегi бөлме және тағы да басқа) салық салуға жатады. Жеке және өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылатын құрылыстарға (мысалы, дәрiгердiң жеке тәжiрибелiк қабылдау бөлмесi және пәтер холлы) тұрғын үй салығы немесе кәсiпшiлiк салынады.
Салық салу ставкасы құрылыстың заңды иесi немесе жалға алушы заңды және жеке тұлғаларға байлансты бекiтiледi. Берiлген тұлғаның құрылысты өзiне ыңғайлы кез-келген уақытта және өз мақсаттарына пайдалануы салық салу негiзi болып табылады.
Салық салудан келесi құрылыстар босатылады:
- әлеуметтiк мақсатта пайдаланылатын және меншiк иесi кәсiпшiлiк салық төлейтiн құрылыстар (яғни, өндiрiстiк, қол өнерлiк және коммерциялық құрылыстар);
- мектеп оқушылары, лицей, коледж және пансионаттардың оқушлары үшін белгiленген, сондай –ақ оқу өткiзу үшін белгiленген құрылыстар;
- мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар мекемелерi (соттар, мунициналиметтер және тағы да басқа).
Салықтың бұл тұрiнен ғылым, бiлiм беру саласында әрекет ететiн заңды тұлғалар (медициналық, әлеуметтiк және тағы да басқа), сонымен қатар шетел дипломатиялық өкiлдiктерi, сауда және консулдық қызметтер босатылады. Тұрғын үй салығының ставкасы үйдiң құнына сәйкес анықталады және құрылыс тұрiне қарай тұрақты болып табылады. Тұрғын үй құрылысының бағалануы ең соңғы рет 1970 жылы жүргiзiлдi, оның негiзiне нақтылай бектiлген құндылық кестесi бойынша нақтылық құндылық табылады. Жыл сайын франк курсымен бағасының өзгеруiне сәйкес бұл......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру