Экономика | Қазақстан Республикасының салық жүйесі

 Экономика | Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Мазмұны

КIРIСПЕ ...................................................................................................................3

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСIН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ....5

1.1 Салық жүйесінің мәні және оның даму сатылары ............................5
1.2 Салық жүйесі, оның құрылымы мен құрамы, атқаратын
қызметтері ...................................................................................................9

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ .......................................................................................20

2.1 Салық комитеті және оның қызметтері ............................................20
2.2 Салықтан жалтару фактілерін жоюдағы салық комитетінің рөлі ..29


ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................36


1.1 Салық жүйесінің мәні және оның даму сатылары

Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
“Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы бюджет қорына белгiлi бiр көлемежәне белгiлi бiр уақытта түсетiн мiндеттi төлем ретiнде қарастырылады.
Салықтар дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде түсетiн мiндеттi төлемдер болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипатайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада:
1. Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағықаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн көрсетедi.
2. Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық қатынастарын көрсетедi.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңiнде салық салу саясатының негiзгi бағыттары - салық жүйесiн құру және оның тиiмдi қызмет етуiне мүмкiншiлк беретiн салық механизмiн iске асыру.
Салық салудың әдiстерi мен жолдары, салық салудың негiзгi қағидалары, салық салуды ұйымдастырут салық механизмiне жатады.
Қандай да бiр механизмнiң құрамына бiрнеше тетiктерi мен элементерi болады. Сол сияқты салық механизмi де белгiлi бiр салық элементтерiнен тұрады. Салық салу элементтерiне келесiлер жатады:
• Субъект;
• Объект;
• Салық көзi:
• Салық ставкасы;
• Салық өлшем бiрлiгi;
• Салық оклады;
• Салық жеңiлдiктерi;
• Салық төлеу мерзiмi мен тәртiбi;
• Салық төлеушiнiң және салық қызметi органдрының құқықтары мен мiндеттерi;
• Салық төлеуiн бақылау;
• Салықтық жазалау шаралары.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде рыноктық экономикаға өту кезінде салық жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез-келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъктілерден және халықтан жиналған салық болып табылады.
Салық ұғымы мен салық жүйесi ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерiнiң оны құру мен алудың нысандары мен әдiстерiнiң, салық қызметi органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттiң салық жүйесiн құрайды.
Салық жүйесiн мемлекет пен заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары анықтайтын салықтар, салық механизмi яғни, салық салу әдiстерi мен тәсiлдерi, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесiмдердiң, салық қызметi органдарының жиынтығын құрайды. Салық жүйесi мемлекет қаржы көздерiн жасаудың ең негiзгi құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтiк шаралардың толығымен iске асуына мүмкiндiк туғызады.
Қазақстан Республикасының салықтық қатынастардың дамып, салық жүйесiнiң дамуын төрт кезеңге бөлiп қарастыруға болады.
1 кезең, (1992 1995 жж.) – жаңа салық жүйесiнiң базисiнiң салық кезеңiнен өңделуi және iске қосылуы;
2 кезең, (1996-1998 жж.) – жаңа нарықтық экономика талаптарына сай келетiн салық жүйесiн құруды аяқтау;
3-кезең, (1998-2000 жж.) – барлық қағидалардың ескерiлуi арқылы салық жүйесiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгшiзу, салық жүйесiн одан әрi жетiлдiру:
4-кезең, (2001-2004 жж.) Жаңа салық кодексi қабылданып, iске қосылды және ол бүгiнгi таңда да өз қызметiн жалғастьыруда.
Қазақстан Рсепубликасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесi туралы Заңға тәуелсiз салық жүйесiн құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл елiмiздiң экономикасын реформалаудағы күрделi жұмыстардың бiрi болып саналады. Осы кезеңде елде көптьеген өзгерiстер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атап айтқанда меншiктiң көптеген түрлерiнiң дамуы, шаруашылық жүргiзушi субъектiмен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негiзде жүргiзiлуi және т.б. құбылыстар iске аса бастады. Осы алғашқы Заң бойынша Қазақстан Республикасында 42 салық түрi қызмет еттi, олар үш топқа бөлiндi:
1. жалпы мемлекеттiк салықтар – 10;
2. мiндеттi түрде төленетiн жергiлiктi салықтар мен алымдар – 11;
3. жергiлiктi салықтар мен алымдардың 18 түрi.
Бұл салықтардың негiзiн табыс салығы, пайдаға салынатын салық, қосылған құнға салынастын салық, акциз салығы, жер салығы және т.б. салықтар құрады.
Салық iсiн тиiмдi ұйымдстыру мақсатында салықтарды белгiлi топтарға бөлiп жiктеймiз:
1. Салық салу объектiсiне байланысты;
2. Қолданылуына қарай;
3. Салық салу органына байланысты;
4. Экономикалық ерекшелiгiне байланысты;
5. Салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай;
Салық салу объектiсiне қарай салықтар тiкелей және жанама салықтар болып бөлiнедi.
Тiкелей салықтар тiкелей табысқа немесе мүлiкке салынады. Тiкелей салықтарға мынадай салықтар жатады:
• корпорациялық табыс салығы;
• жеке табыс салығы;
• жер салығы;
• көлiк құралдарына салынатын салық және т.б.
Жанама салықтарды тұтынушы төлейдi. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгiзiлгендiкте, iс жүзiнде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама салықтарға мыналар жатады:
• Қосылған құнға салынатын салық;
• Акциздер;
Аталмыш концепцияны iске асырудағы негiзгi кезең болып Қазақстан Республикасы Президентiнiң 24.04.95 жылы қабылдаған “Салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы” Заң күшi бар Жарлығы табылады. Ол заң 1995 жылдың шiлде айынан бастап iске қосылды. Соның нәтижесiнде бұрын қызмет еткен 42 салық түрiнiң орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет етеiн болды. Бұл салық Заңдылығы бойынша елiмiздiң салық жүйесi нарықтық қатынастар талабына бiршама бейiмделiп, халықаралық тәжiрибеге мейлiнше жақындатылады.
1999 жылы салық жүйесi 5 рет қайта күрделi өзгерiстерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында 17 салықьар мен алымдар түрлерi қызмет еттi.
4-шi кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында Жаңа салық Кодексi қабылданып, 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан бастап ол iске қосыла бастады. Бұл салық кодексiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттiк баж, 4 кедендiк алым белгiлендi.

1.2 Салық жүйесі, оның құрылымы мен құрамы, атқаратын қызметтері

Жаңа Салық Кодексi 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:
• корпорациялық табыс салығы;
• жеке табыс салығы;
• қосылған құн салығы;
• акциздер;
• жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
• әлеуметтiк салық;
• жер салығы;
• көлiк құралдары салығы;
• мүлiк салығы.
Мұндағы қосылған құнға салық пен акциздер жанама салықтарға жатады. Ал қалған салықтың жетi түрi тiкелей салық салу болып табылады. Ендi осы салық түрлерiне және олардың ерекшелiгiне тоқталып өтейiк:
Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Негiзгi шектерде бұл механизм заңдамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның iшiнде кәсiпкерлiк қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салудың көрiнiсi келесi суреттегiдей көрiнiс табады:
Мыналар – салық салынатын табыс, төлем көзiнен салық салынатын табыс және Қазақстан республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.
Салық салынатын жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексiне сәйкес жасалған түзетулердi ескере отырып, заңнамалы түрде белгiленген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық заңнамасына сәйкес түзетiлуге тиiс.
Резидент-заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс табыстардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталып, оған тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты табыстардың барлық түрлерi жатады.
Салық кодексiне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегiлердi қоса, салық төлеушiнiң табыстарының барлық түрлерi қамтылады:
1. тауарларды (жұмысты, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн табыс;
2. үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;
3. мiндеттемелердi есептеп шығарудан түсетiн табыс;
4. күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс;
5. мүлiктi жалға беруден түсетiн табыс;
6. борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
7. кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған табыстар:;
8. шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар;
9. кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығыстар сомасын кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;
10. ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;
11. бұрын негiзсiз ұсталып, бюджеттен қайрылған айыппұлдардың басқа борышкерлерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, санкциялардың басқа да түрлерi, егер сомалар бұрын шегерiп тасталмаған болса;
12. дивидендтер;
13. сыйақылар;
14. ұтыстар;
15. роялти;
16. әлеуметтiк сал объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артығынан пайда болған табыстар.
Корпорациялық табыс салығын салудың көрiнiсi 1-шi суреттегiдей көрiнiс табады:
Мыналар – салық салынатын табыс, төлем көзiнен салық салынатын табыс және Қазақстан республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру