Медицина | Микробтың инфекциядағы маңызы

 Медицина | Микробтың инфекциядағы маңызы

Мазмұны
Кіріспе................................................................................ 7
Инфекция және жұқпалы ауру......................................................................... 8
Микробтың инфекциядағы маңызы және оның зардаптылық қасиеттері... 11
Макроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы..................... 16
Микробтың жануар денесіне еніп, таралуына байланысты
инфекцияның түрлері........................................................................................ 19
Өзіндік жұмыс................................................................................................... 24
Қорытынды........................................................................................................ 25
Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 26

Кіріспе
Ауруға бейімділіктің түпкі негізінде әртүрлі молекулалар мен клеткалардың бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі ауру қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін оған жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтың белгілі бір ұлпада мекендеп, өсіп-өне бастауын колонизация, немесе отарлау деп те атайды. Биологиялық тану микробтың экзотоксинының (мысалы, ботулизм токсинының) сезімтал торшаларды табуы үшін маңызы аса зор. Макро және микроорганизмдер торшаларының бірін-бірі тануы олардың беткі макромолекулалық құрылымдары арқылы іске асады. Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы болулары қажет. Бұларды тану бірлігі (сайт узнаванмя) деп атайды. Олар лиганда - рецептор жүйесін құрайды (рецептор - қабылдаушы, ал лиганда - жалғаушы деген мағынада).
Бейімділікке қарама-қарсы жағдай, организмнің инфекция қоздырушысының зардапты әсеріне төтеп беретін мүмкіндігі төзімділік немесе табиғи резистенттілік деп аталады. Резистенттілік көптеген факторлардың нәтижесі болып табылады. Олардың ішінде организмнің өзіне де қатысты (морфологиялық ерекшеліктері, физиологиялық жағдайлар, конституциялық өзгешеліктері, жынысы, жасы, иммунитет жүйесінің қызметі) және сыртқы жағдайларға да (азыктандыру, суару, күту, стрессорлардың әсері) байланысты болады. Төзімділік зиянды жағдайға тікелей қарсы тұру ғана емес, оған бейімделу арқылы да төтеп бере білу. Зиянды жағдайға организмнің икемделу қасиетін - реактивтілік деп атайды. Реактивтіліктің ең көрнекті бір құбылысы - иммунологиялық реактивтілік, яғни организмнің бөгде антигендерге, оның ішінде зардапты микробқа, қарсы иммунологиялық жауап реакциясы.
Инфекция және жұқпалы ауру
Инфекция (лат. infectio – жұқтырамын) - жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.
Алғаш рет ғылымға бұл терминді 1842 ж. Хуфеланд енгізді. Бастапқыда оны сифилис және басқа да мерез ауруларына ғана қатысты пайдаланды. Ал «инфекциялық аурулар» деген атау және оларды жеке топқа бөліп қарау белгілі патолог Вирховтың ұсынысымен болды. Топли 1946 ж. инфекцияны тоғышар паразит пен оның иесінің бірлесітігі және оның нәтижесінде иесінің зардап шегуі ретінде қарастырды. Бұл пікір инфекция туралы осы заманғы көзқарастың қалыптасуына негіз болды.
Енген зардапты микроб өсіп-өнген кезде, оған жауап ретінде организмде бірсыпыра өзгерістер болады. Олар дерттің денеге жайылуының белгілері болуымен қатар организмнің өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) сақтауға бағытталған әрекеті болып табылады. Бұл жауап рекакциясы биохимиялық, морфологиялық және функциялық өзгерістер арқылы білінеді. Тіпті енген микроб өсіп-өнбеген жағдайдың өзінде де организмде бірқатар өзгерістер болады.
Жалпы биологиялық тұррғыдан қарастыратын болсақ, инфекция дегеніміз - макро және микроорганизмдердің арасындағы тірішілік үшін күрестің көрінісі. Бұл күрделі биологиялық процесс үш түрлі факторлардың өзара әсерінен туындайды. Олар: макроорганизм (жануар), қоздырушы микроб және сыртқы орта жағдайлары. Сыртқы орта жануарларға да, микробқа да әсер етеді. Тағы бір ескеретін жан-жануар организмі микроб үшін сыртқы орта болып табылады да, оны табиғи ортамен жалғастыратын қосымша бір буын қызметін атқарады.
Зардапты микробтың организмге енуі нәтижесінде оған қарсы организмнің реакциясы қаншама сан алуан болғанымен, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - инфекциялық-патологиялық өзгерістер. Олар - микробтың организмге тигізген зардаптарының тікелей нәтижесі. Екіншісі - иммундік-қорғаныс процестері. Олар организмнің зақымданған қызметі мен құрылысын қалыпты жағдайға келтіруге бағытталған. Осы бір-бірімен тығыз байланысты қарама-қайшы құбылыстар инфекциялық процесс деп аталады және олар жұқпалы аурудың патогенездік мәнін яғни дерттің дамуын құрайды.
Жоғарыда аталған үш фактордың (макро және микроорганизмдер, қоршаған орта) ара қатынасы мен олардан туындайтын қарама-қайшы инфекциялық–патологиялық және иммундік-қорғаныс процестерінің өзгешеліктеріне байланысты инфекциялық процесс үш түрде байқалады. Олар - инфекциялық ауру, микроб алып жүру және иммундеуші субинфекция.
Инфекциялық ауру - инфекцияның ең айқын көрінісі. Ол организмнің қалыпты тірішілігінің бұзылғандығының сыртқы белгілері арқылы білінеді. Мұндай жағдайда жануар организмінің қызметі бұзылып, онда морфологиялық өзгерістер байқалады. Айта кететін бір жай «жұкпалы ауру» және «инфекциялық ауру» деген ұғымдар бір-бірінің, дәл баламасы емес. Жұқпалы ауру ұғымының инфекциялық ауру деген ұғымнан мағынасы кең. Жұқпалы ауруларға микробтар қоздыратын инфекциялық аурулармен қатар паразиттер қоздыратын инвазиялық аурулар да жатады. Әлбетте қалыптасып кеткен дәстүр бойынша инфекциялық ауруларды жұқпалы аурулар деп атай береді.
Жұқпалы аурулар айқын клиникалық белгілері болуымен қатар симптомсыз, білінбей жасырын түрде де, өтуі мүмкін.
Микроб алып жүру деп денесінде микроб болып, ол өніп-өссе де жануардың ауруға шалдықпауын айтады. Аурудан жазылған соң да малдың микроб алып жүруі мүмкін, бірақ бұл жерде мәселе ауруға байланыссыз инфекцияның жеке бір түрі туралы болып отыр. Микроб организмге енген соң оның ешқандай зардаптылығы байқалмай, өніп-өскен қоздырушы ешқандай дерт белгісін бермейтін жағдайлар да болады. Мұндай жағдай инфекдияның дербес бір түрі - микроб алып жүру болып табылады. Оны микроб тасымалдаумен шатастырмау керек. Орысша микроб алып жүру - микробоносителъство, ал тасымалдаушы - нереносчик. Екеуі екі түрлі дербес мағыналы ұғымдар.
Микроб алып жүру кезінде аурудың кленикалык белгілері болмайтындығынан ондай жануарларды анықтау қиынға түседі. Мұндай жағдайда серология, аллергия сияқты иммуниологиялық, зерттеулер нәтиже бермейді. Тек қана бектериологиялык немесе вирусологиялық тексеру арқылы микроб алып жүруші жануарларды анықтау мүмкін. Микроб алып жүру толеранттылық пен микробиоз құбылыстарының нәтижесі болып табылады.
Иммундеуші субинфекция дегеніміз енген микробтың өсіп-өнбей тіршілігін тоқтатуының нәтижесінде организмнің дертке шалдықпай, онда иммунитеттің қалыптасуы. Мұның нәтижесінде организмнің қызметі бұзылмайды және ол ауру қоздырушысының бастауына айналмайды. Сонымен клиникалық сау малда бактериологиялық немесе вирусологиялық зерттеулердің теріс нәтижесі кезінде иммунологиялық реакциялар (аллергиялық, серологиялық) байқалады. Иммундеуші субинфекция микроб алып жүру тәрізді табиғатта кеңінен тараған. Мысалы сиырда қарасан негізінен 4 жасқа дейін ғана байқалады. Ол одан жоғарғы жаста иммундеуші субинфекцияның әсерінен ауруға шалдықпайды. Осыны ескеріп 4 жастан асқан ірі қара бұл ауруға қарсы егілмейді.
Инфекцияның әр түрінің бір-бірінен негізгі айырмашылықтары 1 кестеде көрсетілді.
Инфекцияның түрлері және олардың негізгі белгілері
1-кесте
Инфекцияның түрлері Микробтың организмде
өсіп - өнуі Инфекциялық патологиялық өзгерістер Иммундық қорғаныстық өзгерістер
Инфекциялық ауру
Микроб алып жүру
Иммундеуші субинфекция +
+
- +
-
- +
-
+
Ескерту: (+) бар, (-) жоқ.
Микробтың инфекциядағы маңызы және оның зардаптылық қасиеттері
Эволюциялық даму жолында әрбір биологиялық түр табиғат жағдайларына ғана емес, өзін қоршаған басқа да организмдерге бейімделеді. Әртүрлі түрлердін ұзақ уақыт бойы бірігіп тіршілік етуге бейімделген бірлестігі - симбиоз деп аталады. Мөлтек организмдерде симбиоздың 2 түрі кездеседі. Олар - эктосимбиоз және эндосимбиоз. Эндосимбиоз кезінде микроб өзінің иесінің ішінде, ал эктосимбиоз кезінде иесінің сыртында тіршілік етеді. Симбиоздың симбионттарға (симбиозды құраушыларға) пайда-зиянына қарай бірнеше түрлері болады. Мутуалистік симбиоз, немесе мутуализм, симбионаттардың әрқайсысы үшін пайдалы болып табылады. Мысалы, күйісті жануарлардың алдыңғы қарындарындағы микробтар иесі арқылы күн көреді, бірақ олар қатаң азықтарды ыдырату арқылы иесіне пайда да келтіреді. Симбиоздың басқа түрі - коменсалдық симбиоз, немесе коменсализм. Мұндай симбиоз кезіңде симбионаттардың бірі екінішісіне зиян келтірмей-ақ соның есебінен тіршілік етеді. Коменсалдарға мал мен адам организмінде (теріде, тыныс жолдарында, ас қорыту мүшелерінде) тұрақты кездесетін санитариялық көрсеткіш болып табылатын мөлтек организмдер: ішек таяқшасы, энтерококтар, т.б. жатады. Қалыпты жағдайда бұл микробтар зиянсыз болғанымен организм әлсіреген кезде олардың зардабы да болуы мүмкін.
Симбиоздың үшінші түрі - паразиттік симбиоз, немесе паразитизм симбионттың бірінің екіншісіне тоғышарлық етуі болып табылады. Тоғышар микроб иесінің есебінен күн кәріп қана қоймайды, өзі тіршілік ететін организмді зақымдап, зиян келтіреді.
Паразитизмнің тарихи қалыптасуы ғылымда микроорганизмдердің эволюциялық дамуымен байланысты қарастырылады. Микробтар әлеміндегі тоғышарлықты олардың қоректік ерекшеліктері арқылы түсіндіреді. Микроорганизмдер эволюциясының алғашқы сатысында еркін тіршілік ететін прототрофтар (автотрофтар) ғана болса керекті. Олар қоректік заттарды қарапайым бейорганикалық қосылыстардан синтездейді (темір, азот бактериялары).
Эволюцияның келесі сатысында еркін тілшілікпен қатар тірі организмде де өмір сүре алатын микробтар - метатрофтар пайда болған болуы керек. Олардың арасында өлі органикалық заттармен қоректенетін сапрофиттер және тоғышар паразиттер кездеседі. Олардың арасында жартылай сапрофит, жартылай паразит болып табылатын факультативті паразиттер де кездеседі. Факультативті (жарым-жартылай) паразит сыртқы ортада да өмір сүре алатын болса, облигатты (міндетті) паразит тек қана иесінің организмінде өсіп-өнеді. Мұндай микробтар қоректік ерекшеліктеріне байланысты паратрофтар деп аталады.
Эволюцияньщ үшінші сатысында тек қана тірі организмде өсіп-өне алатын гетеротрофтер пайда болады. Олар - вирустар, риккетсиялар, хламидиялар және микоплазмаяар. Бұл микробтар сапрофиттік тіршілікке бейімділігінен мүлде айрылған. Табиғи және жасанды жағдайларда тек қана ұлпа торшаларында (микоплазмалардан басқасы) өсіп-өнеді.
Эволюциялық тұрғыдан салыстырғанда жіті өтетін аурулардың қоздырушылары созылмалы аурулардың қоздырушыларына қарағанда «жас» болып есептеледі. Паразитизмнің қай түрі бұрын пайда болған, торша ішіндегі паразитизм бе, әлде торша сыртындағы тоғышарлық па деген сауал әлі де талас тудырып келеді. Торша ішіндегі тоғышарлықтың бұрын пайда болғандығын жақтаушылар торша митохондрийін торшаның ішіндегі бактерия типтес паразит деп есептейді. Паразитизмнің эволюциясы дегеніміз, екінші сөзбен айтқанда паразит пен оның иесінің ара қатынасының эволюциясы деген сөз. Қалай болған жағдайда да эктопаразитизмнен гөрі эндопаразитизм тоғышарлықтың, жетілген түрі, ал оның ең «биік шыңы» -вирустың торшада тоғышарлық етуі. Сөз жоқ, бұл құбылыс паразиттік қатынастың дами келе күрделенуінің нәтижесі. Тек қана паразиттің эволюциясын қарастырып, ал паразиттің иесін тек паразит пен ортаны жалғастырушы буын ретінде ғана қарау кертартпа көзқарас празитоцентризмнен туындайды.
Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері. Зардаптылық (патогенность) ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру мүмкіндігі. Бұл микробтың ұжым қуалайтын генотипіне тән қасиеті. Зардапты микробтың әрбір түрі белгілі бір ауруды қоздырады. Әрбір ауру қоздырушысының өзіне ғана тән зардаптылық ауқымы бар. Жанурлардың бір ғана түрін зақымдайтын қоздырушыны унипотентті (бір ғана мүмкіндікті), ал жануарлардың көптеген түрлерін зақымдайтын микробты полипотентті (көп мүмкіндікті) деп атайды: Мысалы, шошқа обасының вирусы унипотентті де (мұндай ауруларды уникварлы деп те атайды), аусылдың вирусы - полипотенті болып табылады.
Зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі, уыттылық (вирулентность) деп аталады. Зардаптылық - микробтың белгілі бір түрінің ортақ қасиеті болса, уыттылық - оның жекелеген штаммдарының дара қасиеті Бұл енді зардаптылықтың фенотиптік көрінісі. Уыттыллық шартты өлшем төменгі өлтіретін дозамен (DLM - dosis lotahs minima) және төменгі жұқтыратын дозамен (DIM - dosis infеctiosis minima) өлшенеді. Олар белгілі бір әдіспен жібергенде массасы мен жасы бойынша саралап алынған жануарлардың 95-100%-ін өлтіретін не ауыртатын микробтың ең аз саны. Ал бұл көрсеткіштерді дәлірек анықтау үшін жұқтырылған жануарлардың 50% өлтіретін (LD50), немесе ауыртатын (ГО50) шаманы алады.
Уыттылық микробтардың уыттылық факторлары деп аталған қасиеттерінен туындайды. Бұл факторлар екі топқа бөлінеді: инвазиялылығы және улылығы (токсигендігі).
Инвазиялылығы - микробтың денеде ұлпаларға бойлап еніп, даруы, онда өніп-өсіп, организмнің қорғаныс қабілетін тежеуі. Микробтың тиісті торшаларға жабысу қабілетін адгезиялылығы, ал организмнің қорғаныс күшін әлсірету қабілетін агрессиялылығы деп атайды. Қоздырушылардың мұндай қасиеттері олардың морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне негізделген. Мысалы энтеробактериялардың.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру