Педагогика | МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТЫҒЫН ОРНЫҚТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМ РОЛІ
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 . Халықтық дәстүр және отбасы тәрбиесі
2. Баланы отбасында рухани дамытудың кейбір қырлары
3. Ынтымақтастық педагогикасы
4. Ұстаз - бала жанының тамыршысы
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Елiмiздiң үкiметi соңғы жылдары қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлқы қалыптастыру тұжырымдамасы Жалпы бiлiм беретiн мектептер тұжырамдамасыЭтникалық мәдени бiлiм беру тұжырымдамасы сияқты тарихи құжаттарда қандай азамат тәрбиелеу керек жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек деген мәселе күн тәртiбiне қойылып оған ғылыми дәйектi жауап iздестiрiлгенҚазiргi жалпы бiлiм беретiн орта мектеп оқушыларын тәрбеилеудiң үлгi бағдарламасында жоғарыда көрсетiлген тарихи тұжырымдамалар мен ел басшысы ННазарбаевтың ¤асырлар тоғысында ғылыми – теориялық еңбегiне негiздей отырып тәрбиенiң түпкi мақсаты-қоғамның нарықтық қарым –қатынасқа көшу кезiнде саяси-экономикалық және рүхани дағдарыстарды жеңiп шыға алатын iзгiленген 21 ғасырды құрушы iскерөмiрге икемделгiшжан-жақты мәдениеттi жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасалғанСоған орай тәрбие бағдарламасының жаңа жобасында көзделген басты принциптер: бiрiншiден-қоғамдық қатынастардың өзгеруiне байланысты тәрбиенi таптық тұрғыдан қарастырып әсiресе саясаттандыруға негiздемейжалпы адамзаттық мәдениетпен ұлттық мәдениеттiң озық үлгiлерiн кiрiктiре пайдалану мәдени байлық барлық қоғам мүшелерiне бiрдей ортақ деп санаутәрбие мәселесiне культурологиялық тұрғыда қарау үшiншiден-жеке тұлғаны тәрбиелеп жетiлдiру iсi қоршаған орта арқылы iске асырылатындықтан оқушының дүниеге көзқарасын қарым-қатынаспен тәрбиелеп қалыптастырудың жолын қарастыру болып отырТөртiншiден-бұрын баланы тек тәрбиеленушi объек деп қарап тәрбиешi-ұстаздар қауымы өз беделдерiмен ықпал етiп келсеендi оларды тәрбие iсiне белсене қатыстыра отырып әрi тәрбиенiң объектiсi ә„рi өзiн-өзi тәрбиелеушi саналы субъект деп қарау баланың жеке басын бағалау онымен санасу сенiм бiлдiру ынтымақтаса iс- әрекет етубесiншiден-адам тәрбиесi әрi биологиялықәрi психологиялық процесс болғандықтан тәрбие iсiн баланың жас және жеке басына тән даралық ерекшклiктерiн ескере жургiзу алтыншыдан-оқу-тәрбие iсiн iзгiлендiру демократияландыру жеке тұлғаны дамыта тәрбиелеужетiншiден- тәрбиенiң түрлерi өтпелi кезең талаптарына сай қайта қаралыпоның мiндетi мақсаттарын нақтылау мәселесi ойластырылдыСегiзiншiден-әр сыныпта оқу-тәрбие жүйесiнде берiлетiн бiлiмбiлiкдағдылар көлемi ескерiлiп сыныптан тыс тәрбие жұмысында мумкiндiгiнше кеңейтiлiп жалғасын тапты Тоғызын- жеке тұлғаны тәрбиелеп жетiлдiрудiң нәтижесiнтәрбиелiк деңгейiн анықтаудың iшкi механизмiн ашуға зер салынды
Тәрбие iсiнiң адам туғаннан о дүниеге аттанған дейiн үздiксiз және кешендi түрде жүргiзiлетiн үрдiс екенiн ескере отырып нарықтық қарым-қатынасқа бейiмiскержан-жақты жетiлген азамат тәрбиелеуде азаматтық мәдениет қорынан бастау алатын өркенииеттi әлемдiк мәдениет пен жергiлiктi ұлтық мәдениеттi кiрiктiре iске асыру көзделдiЯғни жеке тұлғаның ақыл-ой мәдениетi адамгершiлiк мәдениетi кәсiби бағдар беру мен политехникалық-еңбек мәдениетi эстетикалық мәдениет дене мәдениетiсаяси және құқықтық мәдениетiэкологиялық мәдениетi бүкiл адам заттың қолы жеткен бұрын-соңғы рухани мәдениет пен әлеуметтiк-экономикалық материалдық мәдениет атаулының байлықтарына сүйене отырып қалыптастырылады
1. Халықтық дәстүр және отбасы тәрбиесі
Ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптар және рәсімдер халық педагогикасының маңызды көзі екені белгілі. Педагогикалық ой-пікірлердің дамуына назар аударсақ, дәстүрлер өз мәніне қарай көп қырлы және қарама-қайшылықты болып көрінеді. Әрбір ұрпақ дәстүрді қажетіне қарай қабылдап, “озығы мен тозығын” таңдауды өзі шешеді.
Дәстүрлердің құндылығы тұрмыстағы, күнделікті өмір барысындағы қадір-қасиетіне, жаңа ұрпақ қалай қабылдап жатқанына байланысты. Дәстүрлерге немқұрайдылықпен жанасу қоғам өміріне кері әсер етуі мүмкін. Ал оған мән бермеу-қоғамдық тәрбие мен ұрпақтар мұрагерлігінің бұзылуына алып келеді. Бұл әдіснамалық заңдылықты есепке алмау өз кезегінде әлеуметтік және отбасылық тәрбиені жүзеге асыруға айтарлықтай зиянын тигізеді.
Дәстүр-әрбір ұлттың өзіне тән әлеуметтік және табиғи ортасы, тұрмыс көрінісі, күнделікті тіршіліктен келіп шықса да, оның түбінде еңбекқорлық, отансүйгіштік, адамгершілік сияқты барлық халықтарға тән идея алға тартылғандықтан жалпы адамилық мағынаға ие. Дәл осы мағына бала тәрбиесінде жетекші орын алуы керек. Себебі, бала санасындағы өз халқына тән ұлттық дәстүрлерді мақтан тұту ұлтшылдық көзқарас дәрежесіне өтпей, қайта әрбір ұлттардың дәстүрі өздері үшін қымбат екенін оларды кемсітпеу керектігін де түсіндіру қажет.
Бүгінгі күнде ұлттық дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып жатқанымыз олар тек бұрынғы ата-бабаларымыздың мәдени мұрасы болғандықтан ғана емес, ұлттық тәуелсіздігімізге пайдалы қызмет көрсететіндіктен, жас ұрпақты еркін рухта тәрбиелеуге жәрдемдесетіндіктен болып отыр.
Халықтың өзі бір идея көтерсе, оны белгілі мақсат көздемей тұрып ортаға тастамайды, яғни арман-тілек ретінде өрнектеп, әлеуметтік идеалға айналдырады, сол идеалдарды перзенттерінен көруді қалайды. Міне, осының өзі дәстүрлердің әлеуметтік-тәрбиелік маңызын айқындайды. Ал әрбір ата-ана өз перзенттерінің ақылы толысқан адам болуына тілейді, өздері жетпеген арман-тілектерге балалары жетсін дейді. Балаларының әрбір жетістігіне олар қуанады, кемшілігіне қайғырады. Ата-ананың осындай үміт-арманы да дәстүр сипатында ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келеді. ”Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада” деген сөз де бекерге айтылмаған. Перзент ата-ана алдындағы қарызын ешқашан толық өтей алмайды, керісінше, бұл қарызды өз балаларына беріп құтылады. Дәстүрдің педагогикалық насихатын дәл осы ретпен түсіну керек. Тәрбиенің құралдары мен әдістері де кейінгі ұрпаққа дәстүр ретінде өтеді.
Шығыс халықтарында балажандылық түбегейлі қалыптасқан. Бала-отбасының қуанышы, сондай-ақ ерлі-зайыптыны байлап тұратын жіп. Сонымен қатар, балалар үлкендердің қамқорлығы, мейір-шапағаты арқылы өсіп, ержетеді, адам ретінде өмірден өз орнын табады.
Әділ мектеп болмай тұрған кезде, яғни педагогика ғылым ретінде қалыптаспаған дәуірде-ақ тайпа мүшелері балаларды еңбексүйгіштікке, ержүректілікке, әдептілік пен нәзіктікке, достық пен мейірімділікке, адамгершілікке баулып, адамдық рухтың жоғары болуын қалыптастырады. Осындай тәжірибелер біздің дәуірімізге дейін жетіп, халық педагогикасының құрамына еніп отыр.
Орта Азия халықтары ежелден өзара тығыз байланысты болған. Бір-біріне барып-келіп, қыз алып, қыз беріп араласып, достық қарым-қатынаста өмір сүру нәтижесінде бала тәрбиесіндегі бай тәжірибелерін де бөліскен.
Халық педагогикасында сүйіспеншілік пен адалдық-ең жоғары қасиет. Ерлі-зайыптылардың арасындағы сенімділік сүіспеншіліктің негізі болып есептеледі. Халықтың әдет-ғұрпына, сәйкес, егер қыз бен жігіт бір-бірін сүйіп тұрмыс құрса, олар өмір бақи бірге болуы керек. Осы қағида халық ертегілері мен дастандарында да өз көрінісін тапқан (Гүл мен Наурыз, Фархад пен Шырын, Ләйлі мен Мәжнүн, Тахир мен Зухра, Жүсіп пен Зылиха, т.б. дастандар).
Шығыс халықтарының көркем шығармашылығын алып қарасақ, нақтылығы мен тартымдылығы, алға ұмтылушылығы мен дидактикалық маңызы, сондай-ақ терең ой көркемдігімен әрбір дәуірдегі әділетсіздіктің себебін паш ету арқылы және адамдық ар-намысты алға тарту арқылы адамзат ықыласын аударып келген. Атақты жазушы Абдулла Қадыри “Өткен күндер” романында өзбек халқының ең жақсы әдет-ғұрпы , дәстүрлері санатындағы құдалардың бір –біріне деген құрметін, мейман –достығын, той өткізудің, еркектердің, әйелдерге құрметін Юсуфбек қажы, Мырзакәрім, Хасанәлі, Узбек айым Офтау айым, Атабек, күмис бейнесінде көрсетеді. Әсіресе әйелдерімізге тән сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, сабырлылық сияқты қасиеттерді бойына жиған Күміс бейнесі-қыздарға үлгі-өнеге боларлықтай кейіпкер деуге болады. А.Қадыридың «Өткен күндер», «Мейірімді шаян», Чулпанның «Түн мен күн» сияқты бірқатар шығармалары- халқымыздың ұлттық дәстүрлерін, рәсімдерін, әдет-ғұрыптарын насихаттайтын көркем де құнды байлығымыз.
Біздің халықта қыз баланы сымбатты да әдепті етіп тәрбиелеу отбасының өте маңызды міндеті болып саналады және ол дәстүр ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қыздардың немесе әйелдің істеген орынсыз іс-әрекеттері тек сол отбасына ғана емес, сол ортаға да кері әсерін тигізген, еркектердің өз әйелдеріне негізсіз жасаған қиянаты өнеге ережелерін бұзу деп қараған.
Тайпадағы тіршілікте әйелдердің орны ерекше болған. Оларды құрметтеп, түрлі мәселелерді шешу кезінде белсенді түрде қатысуына жағдай жасалған. Бұған дәлел ретінде, атақты тарихшы, этнограф ғалым С.П.Толстов "Өзбекстанның ежелгі мәдениеті" шығармасында ертедегі Орта Азияда қыз-келіншектердің рөлі өте жоғары екені және басқа да үлгілі әдет-ғұрыптардың өміршеңдігіне себепші болатын бірнеше топтардың бар екені туралы айтады. Зерттеушінің мәліметіне қарағанда, Соғды мен Хорезм аймағында балшықтан жасалған әйелдердің ескерткіштері табылған. Олар бүрмелі, оқалы, қымбат бағалы киімдер киген. Асыл тасты маржандар таққан. Бұлар- массегеттердің қуатты, рухы жоғары, әдемі, рухани жетілген және денсаулығы мықты әйелдерінің бейнесін кескіндейді. Кейіннен бұл табылған ескерткіштер Тумарис, Спарта және Зерена бейнелерін жасауға сеп болған.
Халқымызда тәрбиелік маңызы бар отбасылық дәстүрлер өте көп. Әсіресе адамгершілік дәстүрі өзіне сай өзгеше қасиетпен дараланады. Мысалы, ата-анасыз қалған балаларды асырап алу, оларға лайықты қамқорлық көрсету, ата-аналық мейір-шапағатпен өсіру, ауру және кекпе адамдардың хал-жағдайын білу, көңіл жарым жетімдерге қамқорлық жасау, отбасыларында қайғылы қаза болғандарға көңіл айту және оны жерлеу рәсімдеріне қатысу, сондай-ақ қаралы үйдің жетімдеріне әркім жағдайына қарай қайғысына ортақтаса білу (заттай және рухани жағынан жәрдем беру) т.с.с. Әрбір халықтың өзіне тән, басқаша ешқандай ұлтқа не мемлекетке үйретуіне келмейтін мұндай дәстүрлер оның тұрмыстық, ұлттық ерекшелігінен, әлеуметтік-қоғамдық психологиясы мен идеясынан келіп шығады және аталған халықтың рухани байлығын белгілеп береді. Ең маңыздысы тәрбиелік мәні бар дәстүрлерді жандандырып, күнделікті тұрмыста, отбасында ұрпақ тәрбиесінде орнымен қолдана білу.
2. Баланы отбасында рухани дамытудың кейбір қырлары.
Отбасы- адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал жасайтын көптеген жағдайлар болды. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Жеке меншікке негізделген қоғамда ұжымдық сана күрделі өзгеріске түсіп, әлеуметтік жағдайда жұмыссыздық етек алып, көпшілік санасында жеке бастың пайдасын ойлау орын алды. Қоғамдағы осындай өзгерістер отбасы тәрбиесінде балаларды білімді, ізгілікті, жан-жақты жетілген, өз өмірінің құндылығын жете түсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді. Осыған орай отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болсада атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр бллуға, шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жеке бас пайдасы мен ұжымдық пайданың үйлесімділігін табуға, іскерлікке, ізгілікке, өздігінен ізденуге, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор.
«Баланың құқы жөніндегі конвенцияда» (1989) отбасында баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың .тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТЫҒЫН ОРНЫҚТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМ РОЛІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар