Информатика | Ақпараттық мәдениетті оқыту процесі

 Информатика | Ақпараттық мәдениетті оқыту процесі

Мазмұны

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту
процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

б) Білім берудегі ақпараттық технологиялар

в) Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары
басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы
туралы
г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы

бойына қалыптастыру
III. Қорытынды бөлім
IV. Әдебиеттер

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.
Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.
Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуншсациялық құзырлылығын "оку, тұрмыыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi" деп анықтайды.
Авторлар мақалада ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.
Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.
Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.
Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:
· Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;
• Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;
·Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi".
Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда - ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.
Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.
Жалпы, педагог – кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет сияқты.
Бiрiншiсi - педагогикалық бiлiм беретiн орта кәсiптiк және жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру .
Педагогикалық оқу орындары студенттерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
1 - с ы з б а
Факторлардрдың бұл тобындағы негiзгi фaктор ретiнде педагогикалық бiлiм беретiн оқу орындарындағы aқпараттық - коммуникациялық технологияларды оқьтуға арналған пәндiк курстарды атап өpcетy қажет. Бүгiнгi таңдағы бiлiм беру жүйінде бұл пәндiк курстардың мазмұнын жаңарту және сол пән бойынша сабақ беретiн оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру - кезек күттiрмейтiн мәселе. Мысалы, педагогикалық орта кәсiптiк оқу орындарында жүргiзiлетiн "ОТҚ, қолдану әдiстерi" пәндiк курсының мазмұны ескiрген және бұл пәндiк курсты оқытуға бөлiнген сағат саны да ете мардымсыз.
Факторлардың екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы педагог-кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жатады. Бұл топқа енетiн факторлар төмендегi сызбада (2 - сызба) көрсетiлген.
2- с ы з б а
Бұл факторлар жүйесiнде негiзгi үш факторды жеке атап көpcетy маңызды.
Бірінші – педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндiктерiн, ақпараттық мәдениетiн дамытуда бағытталған бiлiктiлiк көтеру курстары. Мұндай курстардың арнайы бағдарламасы жасалып, сол бағдарлама бойынша бiлiм беру ұйымдарының өзiнде жұмыс бағдарламалары жасалып, облыстық, республнкалық Мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институттарында жедел түрде тақырыптық курстар ұйымдастырылуы қажет. Ол курстарды ұймдастырушылар мен онда дәрiс оқитын педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру - ол өз aлдына бөлек әңгіме.
Екiншiсi - бiлiм беру ұйымдарындағы педагог - кадрлapға әкiмшiлiк тарапынан қойылатын талантар. Талан қaтaң, дұрыс қойылған жағдайда педагогтардың компьютерлiк - библиографиялық сауаттылығы мәселесi, ұйымдағы педагогикалық қауымдастық, педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестi модернизациялауға деген ұмтылыc, aқпараттық - коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жою, қызығушылық мәселелерi де өзiнiң оң шешiмiн табары сөзсiз. Тағы бiр айта кeтeтін мәселе –педагог-кадрларды мерзiмдi аттестациялауда оларға қойылатын талаптар жүйесiне aқпараттық мәдениет деңгейiн есепке алуға негiзделген талаптарды белгiлеп, енгiзу қажет.
Үшінші – білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы. Республикадағы білім беру ұйымдарында компьютерлік база бірітіндеп қалыптасып келеді. Бірақ осы уақытқа дейінгі шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткеніндей, білім беру ұйымдарын компьютерлермен толық қамтамасыз ету ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және дамыту мәселесін толық шеше алмайды. Сондықтан дәл қазіргі таңда ең маңыздысы-алдыңғы екі фактор.
Сонымен, aқпараттық - коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде қолдануға байланысты педагог – кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру қазiргi кезеңде бiлiм берудi aқпараттандырудың маңызды міндеттерiнiң бiрiне айнальш отыр. Бұл маңызды мiндеттi шешпейiнше, бiлiм беру ұйымдарының техникалық базасын нығайтy, компьютерлердi желiлерге қосу, электронды оқу құpалдарын дайындау ешқандай нәтиже бермейдi. Бұл -өте күрделi, ауқымды мәселе, сондықтан оның нормативтiк, ұйымдастырушылық, гылыми - әдiстемелiк және оқу - әдiстемелiк жақтарына тоқталып өтпеске болмайды.
Педагогикалық бiлiм берудiң нормативmiк базасы (бiлiм берудiң мемлекеттік стандаpттары мен оқу пәндерінің типтiк бағдарламалары) бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы басым бағыттарын белгiлi бiр дәрежеде бейнелей алуы тиiс.
Стандарттағы бiтiрушiлерге қойылатын бiрыңғай талаптар жүйесiн болашақ педагог-мамандардың aқараттық - коммуникациялық құзырлылығына қойылатын талаптармен толықтыру қажет.
Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырғанда:

- орта және жoғары кәсiптiк оқу орындарында педагогикалық бiлiм алып жатқан стyденттердің ақпараттық - коммуникациялық технологиялар жайлы жалпы бiлiммен қатар, педагогикалық қызметiне байланысты кәсiби бiлiм мен дағдыларды игеруiне;
- бiлiм беру ұйымдарындағы педагог - қызметкерлердің қазiргi заманғы бiлiм берудiң қажеттiлiктерiне сай aқпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты бiлiктiлiктерiн көтерулерiне мүмкiндiк берiлiп, барлық жағдай жасалуы керек.
Мәселенің ғылыми-әдістемелік жағы педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылғының қажеттi деңгейiн анықгаумен және сол деңгейге жетyдi қамтамасыз eтeтiн негiзгi (студенттер үшiн) және қосымша (мұғалiмдер үшiн) бiлiм беру бағдарламаларын жасаумен байланысты.
Мұнан басқа, бiлiктiлiктi көтеруге, мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтepyiне, оларды кәсiби қайта даярлауға арналған бағдарламаларды жасауға негiз болатын оқу-әдістемелік базаны құру мен дамытудың да маңызы зор.
Зерттеулерде мұғалiмдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңi атап көрсетілген: 1) Компьютермен, түрлi коммуникациялық жүйелермен алғашқы танысу;
2) Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың жеке түрлерiн терең, зерттеу, жұмыc iстей бiлу дaғдыларын қалыптастыру;
3) Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды мұғалiм қызметiнде, жеке пәндердi оқытуда қолдана бiлyдi меңгеру.
Әрине, отандық бiлiм беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.
Компьютердің жүйелік блогында iшкi, сыртқы құрылымдарымен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі порттары бар. Олар тiзбектi жене параллель қосылатын болып екіге белiнедi. Осы порттар apқылы әр түрлi құрылғылар aрасында ақпараттарды тасымалдауға (жiберуге жене қабылдауға) болады. Егер eкi немесе бiрнеше компьютердi порттары apқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердiң арасында алмасу жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлiк желi құрады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру