Қылмыстық кодекс | Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар

 Қылмыстық кодекс | Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар

Мазмұны
Кіріспе-------------------------------------------------------------5
1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі және маңызы------8
1.2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың заңдылық сипаттамасы--11
ІІ тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері---------------------------------15
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары-----------------------------------------------17
2.2 Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар-------40
ІІІ тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар арасындағы қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жауаптылық ерекшеліктері
3.1 Жаппай тәртіпсіздік қылмысының үғымы мен оның сипатамасы---------52
3.2 Бұзақылық қылмысының сипаттамасы------------------------------------------55
3.3 Тағылық қылмысының жауаптылық ерекшілігі-------------------------------60
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------------63
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------------------65

КІРІСПЕ
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Қылмыстық құқық жеке қүқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жеке адам мен қоғам арасындағы қатынастардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары соның ішінде Қылмыстық кодексте адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының ҚК - нің 2 - бабында адам және азаматтың құқықтары бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылық береді.
Күнделікті өмірде қылмыс жасады қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана заңдылықты, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, тұлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жасалынатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстық мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптыларының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлгасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.
Жаңа Қылмыстық заңда қылмысқа бірігіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар) жекелеген іс-әрекет сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (ҚК-тік 21-31 баптары).
1. "Заң және заман" журналы, № 1 2000 ж. 16-176.
2. А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. 2000 ж
І тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі және маңызы
Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальды анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған материалды - формалды анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі.
Егер қылмыстың түсінігі формальды - анықтамаға түсінік бере отырып қол сұғушылықтың құқыққа қарсы формальды белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалды анықтамада формальды белгілерімен міндетті түрде материалды қоғамға қауіптілік әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9-бабында берілген.Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен сипатталынады. Бұл - қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.
Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік - қылмыстық заңмен қорғалған қоғамдық қарым - қатынасқа нақты қауіптілік тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс - әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталынады. Заң атқарушы, егер қолсұғушылыққа тыйым салуды міндетті түрде таба отырса, қауіп туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.
Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.
Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін, қол сұғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипаттайтын белгілерді ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен. Қоғамға олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275-бабының 2-бөлігі), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс.
1.2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың заңдылық сипаттамасы
Қылмыстық қауіпсіздік адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды заласыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ таукен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары: өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін. Объективтік жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздікке жататын кылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы, ал біршамалары әрекет немесе әрекетсіздік күйде (ҚК-тің 245, 246-баптары) жүзеге асырылады.
Көптеген қылмыстар кұрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233, 234, 237 баптары), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244 баптары) жатады. Адамның, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарыдың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуімен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағытталған қол сұғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 9-тарауының нормалары осындай шаралардың қатарына жатады.
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігіне (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің ұйымдардың және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін). Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға ұшырауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасы да ғана емес, сол сияқты қоғамдық адамгершілікті, т.б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы Қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздік (кең мағанасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды.
Заңға сәйкес, Қылмыстық кодексінің 9-тарауының нормалары мен қарастырылған қылмыстардың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасалынады:
- терроризм (Қылмыстық кодекіснің 233-бабы), бұзақылық (ҚК - нің 257- бабы) және басқалары.
Жекелеген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін:
- атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК-нің 244-бабы), таукен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК-нің 244-бабы және басқалары). Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады: заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚК-нің 236-бабы), қаруды заңсыз жасау (ҚК-нің .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру