Құқық | Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

 Құқық | Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

Мазмұны

І. Кiрiспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы
2. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны
3. Прокуратура органдарының жүйесі және оларды ұйымдастыру:
А. Бас прокуратура
Б. Облыстардың прокуратуралары.
В. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар
4. Прокуратураның құқықтық актілері
5. Қылмыстық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi
6. Азаматтық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


1. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы.

Прокуратура қызметiнiң, мемлекеттiң құқықтық жүйесiндегi алатын орны, заңнамада көрiнiс табады. Қазақстан Республикасының конституциясының 83-бабы, прокуратураның орны, мақсаттары, принцитптерi, құрылымы мен функцияларын белгiлейдi. Бұл тәртiптердi жүзеге асыру құқықтың әр түрлi салаларына шығып кетедi. Сондықтан прокуратура құқықтық қатынастардағы субъектiлерiмен қарым-қатынастарға түсу, өз қызметiн ұйымдастыру тәртiптерi әр түрлi салалардағы заңдарда белгiленiп қорғалады.
Жоғарыда қарастырылған мәселе Прокуратура туралы 21.12.1995ж қабылданған Қазақстан Республикасының Заңында 2 бабымен қарастырылады. Осы бап бойынша Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Конституциясымен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасы заңдарымен, халықаралық шарттармен, сондай- ақ Республика Бас прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттiң құқықтық жүйесiнiң көптеген салаларына тығыз байланысы бар. Мысалы прокурор қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстердегi статусы мен өкiлеттiктерi сәйкесiнше қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстерiнде белгiленедi. Сондықтан белгiлi бiр саладағы қадағалауды зерттегенде арнайы заңдарда белгiленген прокурорлардың қызметiмен танысу керек.


Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республика Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және біріңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және ҚР-ң Бас прокурорына бағынатын органдармен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды. Прокуратура өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауызымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады. Және де өз қызметін жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті.
Прокуратура органдары республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтіндей деңгейде жариялы іс-қимыл жасайды.
Прокуратура органдарын қаржыландыру – Қазақстан Республикасының Қаражат есебіне жүзеге асырылады


2. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны

Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдардың және Президенттің Жарлықтарының және өзге де нормативтік актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокаратура мемлекет атынан:
1. Конституцияның, Заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады ;
2. жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің,әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асарады;
3. сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
4. Республиканың Коституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
5. заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
6. статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.


3 Прокуратура органдарының жүйесі және оларды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандырылған прокуратуралар құрайды.
Республиканың Бас прокурорын - Парламент сенатының келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Ал қызметтен Республика Президенті босатады. Ол Республика Президентіне есеп береді және оны өкілеттігі мерзімі ішінде қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайда болмаса, Сенаттың келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазаға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Республика Бас прокурорының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады. Оларды Бас прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Республика Бас Прокурорының орынбасарлары Бас Прокуратураның тиісті департаментінің бастықтары болып тағайындалуы мүмкін.

Республика Бас прокурорының өкілеттігі:
1. Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлығының және өзге де нормативтік актілердің қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгі прокуратуралардың қызметіне басшылық етеді;
2. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келген заңдар мен өзге де құқықтық актілерге оларды қабылдаған органдар мен лауазымды адамдарға наразылық жасайды;
3.Жоғары Сот кеңесінің мүшесі болып табылады;
4. Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру мен оның қызметінің мәселелері мен материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру шараларының тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелермен нұсқаулықтар шығарады.

Бас прокуратура.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республикасының Бас Прокуроры басшылық етеді.
Республика Бас Прокурорының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылымын және қызметкерлер өкілеттілігін Бас Прокуроры белгілейді.

Бас прокуратура:
1. Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орналастырылуын қамтамасыз етеді.
2. Заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күін қадағалау практикасына талдау жасайды.
3. Прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
4. Прокуратура органдарының заңдарының орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды
5. Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеуді жүзеге асыратын басқада құқық органдарымен өзара іс-қимыл жасайды,және қызметін үйлестіріді.
6. Норма шығарушылық қызметіне қатысады.
7.Халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.


Облыстардың прокуратуралары.
Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестірілген прокуратураларға Республика Президенті келісімімен Республиканың Бас Прокуроры 5 жыл мерзімге тағайындайтын тиісті прокурорлар басшылық етеді. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары аға, көмекшілері мен көмекшілері болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары облыстық прокуратураның тиісті басқармалардың бастықтары болып тағайындалуы мүмкін
Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда басқармалар мен бөлімдер болады. Басқармалар мен бөлімдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгіленеді.

Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар
Қалалық,аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры 5 жыл мерзімге тағайындайтын тиісті прокурорлар басшылық етеді.
Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда бөлімдер құрылуы мүмкін.

4. Прокуратураның құқықтық актілері

Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
1. прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсіндірме;
2. Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.
3. Нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актілері жариялануға тиіс.
4. Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары тиісті прокурорлардың бұйрықтарымен бекітіледі.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру