Әкімшілік құқық | ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

 Әкімшілік құқық |  ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

Бақылау даналарын және міндетті даналарды беру тәртібін бұзу
1. Баспа басылымдарының бақылау даналарын және міндетті даналарды беру тәртібін. сол сияқгы теле - және радиохабарлар материалдарын есепке алу, тіркеу және сақтау тәртібін бұзу, –
айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айьшпұл салуға әкш соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын немесе басылымын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтерді эфирге шығару тәртібін бұзу
1. Заңдармен белгіленген уақытты бұза отырып, темекі және алкоголь өнімдерін насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтерді эфирге шығаруға рұқсат беру, –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –өнім таралымын тәркілей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шығарылым деректерін жариялау тәртібін бузу
1. Белгіленген шығарылым деректерінсіз, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған шығарылым деректерімен телерадиохабарлардың эфирге шығуы, баспа басылымдарының не бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өнімдерін шығару, тарату, –
бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің таралымы тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –өнім таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін дайындау және тарату үшін қолданылатын техникалық құралдар тәркілене отырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралдары басылымын шығаруды алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
Ақпарат көзі құпиясын жария ету
Баспасөз органының немесе басқа да бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамның бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат көзі туралы мәліметті жария етуі, егер ол құпияны жария етпеуге жазбаша түрде міндеттенген болса, айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Журналистің заңды қызметін орындауына кедергі жасау
Журналистке заңдарда көзделген құқықтары мен міңдеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін немесе оны бұл мүмкіндіктен толық айыратын жағдайларды туғызу, айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
БАСҚАРУДЫҢ БЕЛГІЛЕНГЕН ТӘРТІБІНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
Заңсыз нормативтік құқықтық акт шығару және оны қолдану
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актілеріне қайшы келетін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің заңды мүдделерін қозғайтын көрінеу заңсыз нормативтік құқықтық акт шығаруы, айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгіленген тәртіппен күші жойылған. сот күші жоқ деп таныған не қолданылу күшін уәкілетті органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілерді орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрінеу заңсыз қолдануы, не белгіленген тәртіпте жарияламау, айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің ережелерін бұзу
1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің заңдармен белгі-ленген ережелерін лауазымды адамдардың бұзуы, –
айлық есептік көрсеткіішің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жылдың ішінде жасалған нақ сол іс-әрекеттер, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Прокуратура, ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік орган-дарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің, салық және әскери полициясының, кеден органының, шекара қыз-метінің төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті қызметкерінің нұсқауларын орындамау немесе заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау
1. Прокуратура, ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік органждарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің, салық және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметінің төтенше жағдайлар саласыңдағы уәкілетті қызметкерінің нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокуратура, ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік, салық және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің, кеден органының, шекара қызметінің төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетгі қызметкерінің өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіңде заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқгы тіл тигізу не зорлық іс-әрекет жасау қатерін төндіру, айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкшшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Мемлекеттік инспекторға өзінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, нұсқауларын және өзге де талаптарын орындамау
1. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына қызмет туралы, кірістер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажетті құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәліметтерді беруден бас тарту арқылы, уәкілетті органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттерді жүргізуге жіберуден бас тарту арқылы кедергі келтіру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергілер келтіру не жалған ақпарат беру, –азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің жетіге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлерге - онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 130, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасында, 362, 381, 455, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекепік бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік инспекцияның лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау,
- азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдар мен жеке кәсіпкерлерге он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы Кодекстің 481-бабының екінші бөлігінде, 482-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лауазымды адамы салған мөрін (пломбасын) жұлып тастау, –
азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Озбырлық
Озбырлық, яғни бір адамның заңдармен белгіленген тәртіпке қарамастан, өз бетімен жасаған, заңдылығы екінші бір адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын іс-әрекеті, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілеріболмаса, –
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мемлекеттік органның лауазымды адамының салықты және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке уақтылы аудармауы (тапсырмауы)
1. Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке есептеуді және (немесе), жинауды жүзеге асыруға салық заңдарымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органның лауазымды адамының салықтар сомасын және басқа да міндетті төлемдерді мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармауы (тапсырмауы). –
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшеріңде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, –
айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету
Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етуі, –айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мемлекет уәкілеттік берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке өндіріп апмай, сондай-ақ мұндай төлемді растайтын құжаттар алмай тұрып, белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкілеттік берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке өндіріп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жүзеге асыруы, –
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиьфмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкілеттік берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актілерінде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетін басқада міндетті төлеңдердің төленгенін растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақсган Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жүзеге асыруы, –
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшеріңде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақсол іс-әрекеттер,–
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Салық есебіне тұрудан бас тарту немесе салық есебіне тұру мерзімін бұзу
1. салық төлеушінің тіркелу есебіне немесе салық төлеушінің қосылған құнға салйқ төлеуші ретінде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгіленген мұндай тіркеу (есеп) мерзімін бұзуы, салық органы басшысна айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, салық органының басшысына айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Төтенше жағдай режимін бұзу
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзу немесе талаптарды мына бөліктерінде орындамау:
1) келу және кетудің ерекше режимі;
2) белгілі бір азаматтар үшін белгіленген мерзімге белгілі бір жерден, өзінің пәтерінен (үйінен) кетуге тыйым салу, сондай-ақ сол жердің тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртіпті бұзушыларды олардың есебінен өздері тұрақгы тұратын жерлеріне немесе төтенше жағдай жарияланған жердің аймағынан шығарып жіберу туралы нұсқау;
3) жиналыстар, митингілер, шерулер мен демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
4) ереуілдер өткізуге тыйым салу;
5) қарумен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен, сондай-ақ спирттік ішімдіктермен және құрамында спирті бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу;
6) карантин және басқа да міндетті санитариялық эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу;.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру