Педагогика | Педагогикалық шеберлік пен оның оқу тәрбие процесі
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................................5-6
1 Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні.
1.1.Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны ..............................................7-8
1.2. Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік..............................9
1.3. Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы.............................................10-11
2 Педагогикалық шеберлік пен оның оқу – тәрбие процесіндегі
алатын орны.
2.1. Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері ...................12-13
2.2. Педагог профессиограммасы...................................................................14-16
ІІІ. Тарау. Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті
қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру.
3.1. Педогикалық әдептің негіздері...............................................................17-21
3.2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру..........................22-26
3.3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы......................................27-30
Қорытынды................................................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................33
1.1 Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны .
Болашақ мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген педагог бейнесін қайта қарауымыз керек.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.
Республикадағы қазіргі педагогикалық құрамының ахуалын ой елегінен өткізіп көрейік. Біріншіден, олардың басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орнын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді. Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде қалып отыр. Университеттер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.
“Мектепке балалар не үшін барады?” – деген дәстүрлі сұраққа бұрын ата-аналар мен мұғалімдер былай жауап беретін: “Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқуға барады”. Бүгін бұл сұраққа басқаша жауап беруіміз керек: “Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқу арқылы айнала қоршаған ортаны тануға, “адам-табиғат-қоғам” дамуының заңдылықтарын білуге, сол арқылы тұлға ретінде қалыптасуға барады”.
Алматы қаласында, осыған орай, бірнеше мектептерде оқушылармен анкеталық сауалнама жүргізілді. Ол бойынша оқушылар мұғалімнің ең маңызды қасиеттерін атауы тиіс еді. Нәтижесінде байқағанымыз: балалар ең алдымен сабақтың қызықты өтуін, мұғалімнің мейірімді болуын, көңілді болуын қажет етеді екен. Екінші орында оқушыға деген сый-құрмет пен әділдік орын алды. Үшінші қатарға мұғалім тарапынан талап қоюшылық және оның өз пәнін жетік білуі шықты. Мұнан кейін балаға деген сүйіспеншілік, сабырлылық, шыдамдылық қасиеттері болуы айқындалды. Оқушылардың ойынша мұғалімнің ең жаман қасиеттері – қатаңдық, түсінбеушілік, әділетсіздік, дөрекілік, “сүйікті” және “сүйікті емес” оқушылардың болуы, шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктің жоқтығы, ұшқалақтық, өзін-өзі ұстай алмауы, тағы басқа жағымсыз әдеттердің болуы.
Бұл талдау мұғалімдерге оқушылардың оларды қалай қабылдайтыны туралы мәліметті біліп жүруі үшін аса тиімді екенін көрсетеді.
Осы жерде мынадай сұрақтар да туындайды: Қазіргі заманғы мұғалім қандай жағдайда қызмет етеді? Оның кәсіби қасиеттерінің қолданылу аясы қандай?
Мұндай сауалдарға жауап бере отырып, біз мынадай пікірге тоқталдық: бүгінгі таңдағы мұғалім баршаға арналған біртұтас білім беру бағдарламасын, яғни білім беру мен тәрбиенің барлық мақсаттары мен мазмұнын бағытқа алуы қажет. Былайша атқанда, бұл оқушылардың академиялық білімінің көрсетілген деңгейін және белгіленген бағдарламаларға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау; бұл мұғалім тарапынан оқу-тәрбие процесін басқарудың қажетті көрінісі, оқушының іс-әрекеті мен өмірін реттейтін талаптардың, шешімдердің болуы.
Біз ертеңгі мұғалім хақында, 12 жылдық мектеп туралы айтқанда, біршама басқа пікірді меңзейміз: оқушының жеке тұлғасына, өзін-өзі көрсетуіне, өзін-өзі дамытуына, “өзін іздеуге”, жеке даралыққа ұмтылдыру. Басқаша айтқанда, оқыту процесі мазмұнына, ұйымдастыруына, оқыту әдістемесіне, мұғалімнің сабақта және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекет мен рөліне қарай ерікті сипат алады. Алайда, ескертпе ретінде мынадай ой білдіреміз: әңгіме ешкімнің бақылауынсыз өтетін оқыту процесі туралы болып тұрған жоқ. Барлық инновациялар жалпыға міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарты, базистік оқу жоспары мен мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламалары шеңберінде жүзеге асуы тиіс. Барлық көрсетілген құжаттар шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жеткілікті еркіндік береді, ал мұғалім дәстүрлі педагогикадан бас тартып, “жаңа демократиялық дәуірдегі” мұғалімнен қазіргі сапалы қасиеттерді талап ететін ізгілікті, жеке тұлғаға бағытталған педагогикаға кең жол ашады.
Бұдан біз келесі проблемаларды шешуге мүмкіндік аламыз: біріншіден, болашақта біздің елімізде педагогика қандай болуы тиіс? Екіншіден, студент-педагогты қай бағытта даярлауымыз керек, мұғалім қандай болуы тиіс? Күмәнсіз жауап, жаңа дәуірдегі болашақ мұғалімді қалыптастыру жоғары оқу орнынан басталуы қажет.
Кезінде педагог-ғалымдар М.Скаткин, Э.Костяшкин, В.Сластениннің бастамасымен жалпыодақтық “Мұғалім” бағдарламасы да (1986-1996 жж.) жасалған болатын.Онда үш негізгі аспектіге назар аударылған – мазмұндық, даралық және процессуалдық. Кәсіби даярлаудың бұл үрдісінде маман өз міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды шеше білуі тиіс. Сондай-ақ, алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданып, дара тұлғалық қасиеттерін танытуы, білім мен біліктерінің түпкі нәтижесін көруі тиіс. Кәсіби даярлықтың осы үш аспектісін өзара байланыстыра бірлікке жеткен мұғалімнің білік-дағдысы өте жоғары болады. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, әзірге ондай мұғалім жоққа тән. Осыған байланысты, ғалымдар мұғалімдер даярлау мәселесіне айрықша назар аударып отыр. Бұған дәлел – ондаған ғылыми жұмыстардың (диссертациялар мен монографиялар) кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттердің модельдерін жасауға арналуы. Қолдағы деректерге сүйенсек, мұғалімге 200-ден астам жұмыс түрлерін орындауға тура келеді екен. Олар мектеп өміріндегі сан алуан шараларға қатыса отырып, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түседі және сонымен бірге көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарға тап болады. Ол жағдаяттар әр қилы болуы мүмкін: стандартты, типті, жанжалды және күтпеген.
1.2 Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.
Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесіне жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр.
Қалыптасқан білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті – тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке мектептердің алдындағы негізгі міндет- жоғары сапалы тұлға даярлау, өйткені оқушы мен мұғалім арасында мүлде жаңа қатынас пайда болады. Сондықтан оқушыларға білімділік пен қатар тәлім тәрбиенің құралдарын, тәсілдерін педагогикалық іс-әрекет түрлерін меңгерту қажет. Оқушы даярлауды жоғары жаңа сапалық деңгейге көтеру, оқу процесінде ынтымақтастық педагогикасын іске асыру, тәрбие жұмыстарын тез игеріп, іскерлік қабілетін дамытудың маңызы артуда. Сабақ барысында оқушыны ізденушілікке шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі білім беру саласының маңызды міндетінің бірі болып саналады.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту асласы бойынша халық комиссары А.В Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарында жарияланған сөздерінен білеміз. 1928жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құйуға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немес күәсіздықтың үлкен кінәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.
Н.К. Крупская 1932 жылы жарыққа шыққан «мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерейі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады. Мұғалім өз пәнін, әрбір оқушын.ы еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білу керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген. Демек, Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы алға жылжу мен гүлденудің қозғаушы күші мыналар:
- педагогикалық дағдыларды жетілдіру;
- оқу жоспарында және пәндерді оқыту әдістемесінде тұрақты инновацияға талпыну;
- жоғары білім беретін мекемелердің қажетті элементі ретінде педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейінің өсуін қадағалау;
- Елбасының “Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі принциптерінің” бірінде кадрларды даярлау және мамандығын арттыру жүйелерін жақсарту.
1.3 Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы.
Қазіргі кезде балалар мен оқушы жастар құқығы әлеуметтік жағынан жеткілікті қорғамай отыр. Соның салдарынан кейбір отбасылар мен жастар арасында қоғамға жат қылықтар саны өсіп, қылмыс белең алып барады.
Әрине, аяғынан қаз тұрып келе жатқан мемлекетіміздің келешегі жас ұрпақтың рухани, мінез-құлық, мәдени, психологиялық жағынан тәрбиелі болуына, ақыл-ойы мен бой қуатының кемелдігіне тікелей байланысты.
Мұғалім әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада, оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын мамандарға ғана тиесілі. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т.б. көмегін пайдаланады.
Біліктілігі жоғары маман ретінде педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметтікке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелермен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болу т.б. сияқты жеке мәселелерді де шешеді.
Қазіргі педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы мен педагогикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқықтану, ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білімі болуы тиіс; мектеп оқушысының ауқымды және шектелген ортасының шаруашылық, экономикалық, демографиялық, ұлттық-тұрмыстық сипаттамаларын, баланың айналадағы өмірімен өзара қарым-қатынас жолдарын, олардың жас адамды әлеуметтік тұрғыда тәрбиелеуге тигізетін әсерін танып білуі тиіс. Білім беру мекемесінің педагогикалық мүмкіндіктерін ата-аналардың ерекшеліктерін саралап, олармен жұмыс істеуге дайын болуы; отбасы мен шағын ауданды зерттеп, олардың әлеуметтік-педагогикалық паспортын, баланың мектепке (балалар үйіне, арнайы балалар мектебіне) түскеннен бастап бітіріп шыққанға дейін әлеуметтік дамуының бағдардаламасын жасай, жүзеге асыра білуі; отбасылық және қоғамдық тәрбиені, өмірлік орталығы кездейсоқ және тәртіпке айналған факторлардың оқушыға әсер ету ерекшеліктерін саралауы; қарым-қатынасқа, сендіре, қайыра сендіруге қабілетті болуы; шығармашылық қызметін (сазгерлік, модельдеу, техника, сурет салу, спорт т.б. белгілі бір түріне жетік болуы қажет.
Өзінің қызмет барысында әлеуметтік педагог оқушының жеке басына ықпал ететін ортаның әр түрлі кездейсоқ және қалыптасқан әлеуметтік институттарда тұратынын, олардың әрқайсысы жеке адамның әлеуметтік дамуына дербес ерекше әсер беретінін ескеріп отыруы тиіс.
Педагог әлеуметтік өмірдің ажырамас бөлшегі ретінде көрінеді, сондықтан да шәкіртін әлеуметтік жағдайда бейімдеу жолдарын да өзгертіп отырады. Ол жас адамды өмірге, еңбекке т.с.с. дайындауға жәрдемдесіп қана қоймайды, оның нақты еңбек қызметіне өз бетінше араласуға дайын болуын қалыптастырады, қандай да бір тосын жағдайдан тайсалмай, тиісті білімі мен машығын қолдана отырып шешім қабылдауға баулиды. Ол өз шәкіртін қандай да бір құбылысты фактіні немесе оқиғаны талдай алатын, пайымдайтын, себеп-салдар байланыстарын ажырата алатын, сол жағдайларды жалпы тұрғыда немесе саралай отырып бағалайтын деңгейде ұстайды.
Әлеуметтік-құқықтық қызмет туралы құжатта отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі жолы – осы бағытта қоғамдық көзқарасты өзгерту самарқау пиғылдан арылып, әлеуметтік педагогтың жұмысына дербестік, жасампаздық ынта және әлеуметтік жауапкершілік туғызатын, және адамға тікелей бағытталған өнімді қызмет етуге жағдай жасау болып табылатындығын атап көрсету де дұрыс
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКПЕН ОНЫҢОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ.
2.1 Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері .
Педагогикалық істегі шеберлік әрдайым кең мәдени ой-өріспен жалпы эрудицияға байланысты болмақ, әрі іждағатты мұғалім әрбір оқушыдан өзінің түр-тұрпатын, тілек –талаптары бар жеке адамды көреді.
Педагогикада кәсіби қызметінің сапасын анықтайтын бір тұтас әрі жүйелі түсінік «педогогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік» белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғпры нәтижеге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көрес аламыз ба? Жоқ себебі, педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әкімшілік пен тәрбиелікті обьективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни бір адамның педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педогогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С. Макаренконың пікірлеріне сүйенре болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде білікутің болуы». Бұл жөнінде ол: «мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім дейді». Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру – өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі өнер болып табылады». Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мында кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет –әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді
.Кеңес педогогикасы педогогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез – құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А. Сухоминский (1981ж) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді. Дегенмен ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тән ті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: идеалдар мен қағидалардың, көзқарас пен талғамның, симпатия мен антипатияның, моральтдық – әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гормональды тұтастығы міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санысн онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.М. Щербаков (1968ж) педогогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық.
Бұл өнердің басты атрибуты –өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педогогикалық шеберліктің негізгі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі. Сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немес ұжымға жаппай эмоциональды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады.
Міне, шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П. Азаров қалың оқырман қауымына арналған публистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді.
Шеберлік.... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарыс-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде ауылдық мектептерде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді жаңа сатыға көтеріп, жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру өзектілігі артуда.
Педагогикалық шеберліктің компонеттері – педагогикалық техника, педагогикалық әдеп, педагогикалық такт болып табылады.
Педагогикалық шеберлік – жоғары әрі үздіксіз жетілдудегі оқу және тәрбие өнері.
Педагогикалық техника – таңдалған педагогикалық қызмет әдістерін бірлікті, тиімді қолдануға қажет білім, ептілік, дағдылар жиынтығы.
Педагогикалық техниканың меңгеру үшін педагогика мен психология бойынша ранайы білімдерді, ерекше тәжірибелік дайындықты қажет етеді. Ең алдымен педагогтің игеретіні – балалармен қарым-қатынас, тілдесу ортақтастығы: оқушылармен орынлы сөйлесу мәнері мен ортақсау мәнерін таңдай білу. Балалармен қатынастың қарапайым да табиғи болғаны жөн.
Педагогикалық техниканың құрамды бөлілігі – тәрбиешінің өз зейіні мен балалар зейінін басқара білуі. Шоғырлы топтарда көп санды да санқилы оқу істерін орындауда ешбір нәрсе оның тыс қалмауы тиіс
2.2 Педагог профессиограммасы.
Профессиограмма – кәсіби маңызды сапалар жиынтығын қабілетін, білім, дағды, икемділік құрайтын мамандық сипаттамасы. Мұғалімге мына қасиеттер өте қажет:
А) Жоғары деңгей мәнділік, сенім, түсінушілік, төзімділік, қайырымдылық, тілектілік, адамгершілік, шыншылдық.
Б) Мінезінің табандылығы және батылдығы өзіне сенушілігі, жігерлігі қайсарлығы.
В) Эмоциялық өмірінің алуан түрлі болуы (жақсы эмоциялық, оптимистік көңіл-күй )
Г) Барлық психикалық қасиеттерін: жоғары деңгейде дамуы, қабілет, қиял, ес.
Негізінен әр мамандық білімдері үш компоненттерден тұрады:
1. Тұлғаның және балалар ұжымның даму ерекшеліктері туралы білім.
2. Психологиялық, педагогикалық білімдер.
3. Жалпы білімдер (адамның тұрмыс тіршілігінің әр саласына қатысты білімдер).
Мұғалімнің педагогикалық қабілетіне жататындар:.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Педагогикалық шеберлік пен оның оқу тәрбие процесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Педагогикалық шеберлік пен оның оқу тәрбие процесі