Экономика | Пәкістанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік және аймақтық жанжалдар мәселелері (ХХ ғ. 90-жж. мен ХХІ ғ. басы)

 Экономика | Пәкістанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік және аймақтық жанжалдар мәселелері (ХХ ғ. 90-жж. мен ХХІ ғ. басы)

Мазмұны

КІРІСПЕ

І-ТАРАУ. Пәкістанның сыртқы саясат негіздері
1.1. Пәкістанның сыртқы және ішкі саясатының қалыптасуы .............
1.2. Пәкістанның ядролық мәселеге қатысты саясаты ..........................
1.3. Пәкістан-Үндістан қарым-қатынасындағы ядролық аспект .......

ІІ-ТАРАУ. Пәкістанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік және аймақтық жанжалдарға қатысты ұстанымдары.
2.1. ХХ ғ. 90 жж. мен ХХІ ғ. бас кезіндегі Кашмир мәселесінің шиеленісуі және Пәкістан саясаты.
2.2. Пәкістан сыртқы саясаты және аймақтық қауіпсіздік мәселелері.

ІІІ-ТАРАУ. Пәкістан-Қазақстан ынтымақтастық дамуы.
3.1. Пәкістан-Қазақстан қатынастары.
3.2. Пәкістан және Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес.


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕ


1.1. Пәкістанның сыртқы саясатының басты принциптері

Пәкістанның сыртқы саясатының негізгі принциптеріне оның неғұрлым маңызды және іргелі нормалары жатады, сол принциптердің мәнін және оларға тән сипаттарды қамтитын бұл нормаларда ең жоғарғы императивтік заң күші бар. Қазіргі халықаралық қатынастырдың негізгі принциптері мәртебесі жоғары халықаралық ұйымдар мен форумдардың құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ Жарғысында, 1970 жылғы Халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда, 1975 жылғы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Қорытынды актісінде бекітілген.
Әдетте, халықаралық актілерде мына тоғыз принцип жайында айтылады: мемлекеттердің егеменді теңдігі; күш қолданбау немесе қолданамын деп қорқытпау; шекаралардың мызғымастығы; мемлекеттердің аймақтық бүтіндігі; қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу; ішкі істерге араласпау; адамның құқығын және негізгі бостандықтарын құрметтеу; халықтар теңдігі және олардың өз тағдырын өзі шешуге құқығы; мемлекеттер арасындағы құқықтар; халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау.
Халықаралық қатынастардың негізгі принциптерінде тарихи сипат бар, яғни бұларды мемлекеттердің сол дәуірдің талабына және халықаралық қатынастардың жай-күйіне қатысты негізгі құқықтары мен міндеттері бекітіледі.
1970 жылғы Халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияға жеті принцип жазылған: күш қолданбау және қолданамын деп қорқытпау; дауларды бейбіт жолмен шешу; басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау; мемлекеттердің ынтымақтастығы; халықтардың тең құқығы мен өзін-өзі билеуі; мемлекеттердің егеменді теңдігі, міндеттерді адал орындау.
Аумақтың бүтіндігі, шекаралардың мызғымастығы, адамның құқығымен бостандығын құрметтеу сияқты принциптер 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінде бекітілді.
Халықаралық құқықтың негізгі алынатын принциптерін мемлекеттер арасындағы қатынастарда бекітуге бет бұру Пәкістанның стратегиялық мүдделеріне сай келеді. Осы көрсетілген принциптердің мазмұнын талдауға әрекет жасап, олардың Пәкістан Ислам Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасында және де оның сыртқы саясаттағы практикалық қызметінде қалай көрініс тапқанын пайымдап көрейік.
1. Мемлекеттердің егеменді теңдігі принципі БҰҰ Жарғысында бекітілген, онда «Ұйым өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдік принципін негізге алады» делінген (Устав ООН. Статья 2.). Бұл принцип мемлекеттік егемендікті құрметтеуді және оған мүше мемлекеттердің тең құқылығын және олардың өз тағдырын өзі шешу құқығын мойындауды білдіреді.
Мемлекеттік егемендік барлық мемлекеттердің ажыратылмайтын нышаны болып табылады. Барлық мемлекеттер, оның ішінде Пәкістан да, әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшелері. Егеменді теңдік принципінің мағынасы сонда, тіптен ең кішкентай, нашар дамыған мемлекет халықаралық мәселелерді шешуде ең үлкен, күшті дамыған мемлекетпен теңдей дауысқа ие болады, ал халықаралық қатынаста егеменді құқығы бар әрбір мемлекет халықаралық қауымдастықтың сондай егеменді құқығы бар басқа мемлекетін құрметтеуге міндетті.
2. Басқа елдердің ішкі істеріне араласпау принципі егеменді теңдік принципімен тығыз байланысты. БҰҰ Жарғысында «Өз мәнінде белгілі бір мемлекеттің ішкі құзырына жататын істерге араласуға тыйым салынған» (Устав ООН. Статья 2.). Бұл түсінікті тек аумаққа қатысты деп қарастыруға болмайды.
1970 жылғы Халықаралық құқық принциптері бір мемлекеттің басқа мемлекеттің араласуынсыз өзінің саясаи, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерін анықтау құқығы, сондай-ақ кез-келген мемлекеттің басқа мемлекеттерді жаулап алу немесе нендей себеппен болмасын, араласу құқығына тыйым салу деп көрсетілген.
Әрбір ресбупликаның сыртқы саясатының алдында тұрған мақсаттарының ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін халықаралық жағдайдың қолайлы болуы шарт.
3. Мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы принципінің мәні мынада:
- мемлекеттер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында бірімен-бірі ынтымақтастықта болуға тиіс;
- әлеуметтік жүйелердің әртүрлі болуы мемлекеттер ынтымақтастығына әсер етпейді;
- мемлекеттер экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешу мақсатында ынтымақтасулары қажет. (Устав ООН. Статья 1)
Сыртқы саяси қызметтің негізінде елдің ұлттық-мемлекеттік мүддесі жататынын жақсы түсінген Пәкістан мемлекетінің басшылары көптеген мемлекеттермен достық және өзара тиімді қатынастар орнатуға, оны дамытуға баса көңіл аударады. Соның ішінде Қазақстанмен достық қарым қатынасы, еліміз тәуелсіздік алған күннен-ақ басталған болатын. Қазақстанның басқа елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығының жайын талдай келе Н.Ә.Назарбаев, Сыртқы істер министрлігі алқасының кеңейтілген мәжілісінде былай деді: «Дәстүрлері өте жақын болып саналатын Пәкістан, Үндістан сияқты ірі мемлекеттердің сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынаста қатарға қосыла айлмай келе жатқандығын көруге болады... Бірақ бұл елдердің жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытудағы, әсіресе өңдеу өнерскәсібінде шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибелері мол. Біздің көптеген кәсіпорындарымыздың өнімдері осы елдердің рыноктарында сұранысқа ие болуы мүмкін». (Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа ғасырда әлемдік даму үрдісінен кенже қалмауы тиіс // Егемен Қазақстан. – 2000, 3 қазан).
4. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принциптері. Бұл принциптің негізінде «шарт орындалуға тиіс» деген бұрыннан келе жатқан қағида бар. БҰҰ Жарғысының 2-бабында, оның мүшелерінің, өздарі қабылдаған міндеттемелерді адал орындауға міндетті екені айтылған. БҰҰ Жарғысынан туындайтын міндеттемелерді барлық мемлекеттер сақтауға тиіс. Әрбір мемлекет БҰҰ Жарғысының күші жүретін ауқымег шектеліп қалуға тиіс емес, ол халықаралық құқықтық принциптерден, сондай-ақ өзі жасаған халықаралық шарттардан туындайтын барлық міндеттерді бұлжытпай орындауға тиіс.
Пәкістан өзінің шарт жасау практикасында халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципін басшылыққа алады.
5. Күш қолданбау немесе қолданамын деп қорқытпай принципі. БҰҰ Жарғысында былай делінген: «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық қатынастарында кез келген мемлекеттің аумақтық дербестігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы да, Бірікке Ұлттардың мақсаттарымен сыйыспайтын басқадай жолмен де күш қолданудан және қолданамын деп қорқытудан тартынады». Күші немесе күшпен қорқытуды қолданбау принципі өазіргі халықаралық құқықтың қол жеткізген табысы. Оның маңыздылығ сонда , ол мемлекеттердің соғыс ашу құқығына тыйым салды. Ұлттар лигасының екінші дүниежүзілік соғысты тойтаруға шамасы келмегенмен, өзінің бірқатар құжаттарында бұл басқыншылық соғысқа ол халықаралық қылмыс деп баға берді.
Агрессорға, агрессорлық әрекеттер жасаған, жасаушы мемлекетке қарсы қарулы күш күш қолдану күш қолданбау принципіне қайшы келмейді. Және де, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес, шабуылға ұшыраған мемлекет өз тарапынан немесе ұжымдасып қорғануға құқылы. (Устав ООН. Статья 2).
6. Шекараладың мызғымастық принципі. БҰҰ Жарғысының және 1990 жылғы Халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияның мазмұндарынан бұл принциптің күш қолданбау принципінің құрама бөлігі екендігін көреміз. Ол 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінде жеке дара бөлінді, онда «әрбір мемлекет басқа мемлекеттің халықаралық шекараларын бұзу мақсатында күш қолданудан немесе күшпен қорқытудан тартынуға міндетті» деп жазылған. Актіге сәйкес, шекараларды зорлық әдістермен бұзуға жол берілмейді. Бірақ, шекетс жатқан мемлекеттердің араларынан өтетін шекараларды өз келісімімен, ықтиярымен өзгертуге тыйым салынбайды.
Басқа, бейбітшілікті сүйетін мемлекеттер сияқты Пәкістан да шекаралардың мызғымастық принципін қолдайды. Бұл, мысалы, өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап, осы күнге дейін созылып келе жатқан Пәкістан мен Үндістан үшін ортақ мәселе Кашмир мәселесі. Екі ел арасында шиеленісіп бара жатқан жағдайды ушықтырмай, салқын қабақ көзқарастарды тек бейбіт жолмен шешуге мүмкіндіктердің табылатынына екіжақта сенім білдіріп отыр.
7. Мемлекеттердің аймақтық бүтіндігі принципі, өзінше дербес халықаралық принцип ретінде, Хельсинки Қорытынды актісінде бекітілген. Бқл құжатта мемлекет БҰҰ Жарғысына қайшы келетін және мемлекеттердің аумақтық бүтіндігіне қарсы бағытталған кез-келген әрекеттен тартынуға тиіс делінген.
Айта кететін бір жай – мемлекеттердің аумақтық бүтіндігі және шекаралардың мызғымастығы принципі посткеңес кеңестігінде құрылған жаңа тәуелсіз мемлекеттер назарын өзіне бірден аударды. Бұл принцип ТМД-ға мүше елдердің кездесулерінде неше қайтара талқыға түсті.
8. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу принципі халықаралық қауіпсіздік пен әділдікке қатер төндірмеу үшін мемлекеттер өзара дауларын тек бейбіт, күш қолданылмайтын құралдармен және әдістермен шешуге тиіс екендігін білдіреді. Мұның мысалы ретінде адамзатты ядролық апатқа тьақап әкелген 1962 жылғы Кариб дағдарысын екі алып державаның (КСРО мен АҚШ) бейбіт жолмен шешкенін айтуға болады. Таулы Қарабақтағы уақиғаларға байланысты Қазақстан, кезінде, Әжірбайжан, Армения арасындағы дауды реттеу мақсатында делдалдық қызмет атқарған еді, қазір Пәкістан мен Үндістан арасындағы даулы мәселеелрді шешуге өз көмегін ұсынып отыр.
БҰҰ-ның Мыңжылдық саммитінде сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев, ғалым әрі саясаткер ретінде қазіргі ғаламдастыру дәуірінде бұл әмбебап халықаралық ұйымның қызметін жетілдіру тұрғысынан «... оның құрылымындағы ахуалды ғаламдық талдау негізінде туып келе жатқан қықтығыстар туралы алдын ала ескертіп, бастапқы кезеңдерде ахуалға араласу үшін және алдын алу дипломатиясын тиімді пайдалана отырып, қақтығыстарды шешудің әскери әдістеріне жол бермеу үшін ұсыныстар талдап жасай алатын институттарды дамыту дұрыс болар еді. Олар тұрақсыздықтың көзі болып табылатын әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешудің таптырмас құралына айналар еді» деген ұсыныс жасады. (Назарбаев Н.Ә БҰҰ-Мыңжылдық саммитінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 2000, 8 қыркүйек.
9. Халықтардың, ұлттардың өзін-өзі анықтау принципі. Бұл принципке сәйкес барлық халықтар еркін, сырттан басқаның араласуынсыз және қысымынсыз өз саяси мәртебесін жүзеге асыруға құқылы. Әр халық, әр ұлт өз жолын өзі таңдауға ерікті. Бұл принципті жүзеге асыру капиталистік, отаршылдық жүйелердің де, социалистік жүйенің де ыдырауына алып келді, біріншісі – ХХ ғасырдың 50-60 жылдары, екіншісі – 80-90 жылдары болды.
10 Адамның құқығын және негізгі бостандықтарын құрметтеу принципі – халықаралық құқықтың негізге алынатын принциптерінің бірі, ол соңғы онжылдықта (Адам құқығының бүкіләлемдік декларациясы, 1948 жылы қабылданған халықаралық жағдайға ықпалы артып келе жатқан өзінше тақырыпқа айналуда. Осы себептен ғана бұл тақырып ұзақ уақыт бойы идеологияның шашабауын көтеріп келед. «Батыс» пен «Шығыс» біріне бірі қарсы қолданатын қаруы болды.
1975 жылғы Қорытынды Актіде адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу принципі өзінше бөлінді. Бұл дегеніміз, барлық мемлекеттер өз аумағында жүрген, тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тиіс, олар адамның саяси, азаматтық, экономикалық, әлеуметтік құқықтарын, оны ешқандай кемсітпей, практика жүзінде іске асыруға міндетті.
Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтаын құрметтеу принципі нақты адамды мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен қорғауды көздейді, мемлекеттің қандай да болмасын нақты адамы, ондағы әрбір адам халықаралық құқықтың өзінше дербес субъектісіне айналды. Құндылықтың барлық жүйесінде адамның жеке басы алдыңғы қатарға қойылған.
БҰҰ-на мүше болғандықтан Пәкістан өзінің сыртқы саясатында халықаралық құқық принциптерін негізге алады. Пәкістан, ЕҚЫҰ-на мүше болғандықтан, өзінің сыртқы саясатында 1975 жылы Хелсинкіде қабылданған Қорытынды Акті декларациясының 10 принципіне сүйенеді.
Пәкістанның сыртқы саясатын толықтыратын және түзететін басқа да бірнеше принциптер бар. Солардың бірнешеуін алып қарайық. Ішкі және сыртқы саясаттың өзара тығыз байланысы принципі. Адамзат тарихына көз жүгіртсек, кез-келген мемлекеттің саясаты ішкі және сыртқы болып бөлінетіндігін, олардың өзара тығыз байланыста екендігін көреміз.
Мемлекеттің ішкі жағдай, оның қоғамды-саяси жүйесінің тұрақтылығы, экономикасының тиімділігі, қалайда халықаралық қатынастарда көрініс табады.
Сондықтан да пәкістандық сыртқы саясаттың ары қарай дамуы елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның табысты жүруі үшін қолайлы халықаралық жағдай тудыруы тиіс.
Пәкістанның сыртқы саясатқа қатысты сауалдары Сыртқы істер министрілігінің құзырында.
Пәкістан Сыртқы істер министрлік әкімшілігі БҰҰ мен халықаралық қатынастарға қатысты, Африка елдері, Батыс елдері, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия, Орталық Шығыс, Афина, Шығыс Еуропа елдеріне қатысты бірнеше өлкелік және функционалды департаменттерге бөлінеді.
1988 жылы желтоқсанда Беназир Бхуттоның басқаруымен шетелдік істермен және ұлттық қауіпсіздік мәселесімен айналысатын министрмен қатар кеңесші орны тағайындалды.
Пәкістан тарихында алғаш 40-ж. соңы мен 50-ж. басы сыртқы саясатының қалыптасу және оның әлемдік аренаға шығу кезеңі болды. 50-ж. соңында Пәкістан 30-ға жуық мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Пәкістан сыртқы саясатында бұл кезеңде нейтралдық тенденциялар қалыптасса да, отаршылдықтан қалған Ұлыбритания әсері экономика, саяси, әскери және т.б. салаларда өз нәтижелерін көрсетті.
50-ж. сыртқы саяси бағытта Пәкістанда айтарлықтай өзгерістер болды, АҚШ-пен әскери-саяси ынтымақтасу шарттастығы жүргізіле бастады. 1954 ж. 8 қыркүйекте Манилде Оңтүстік-Шығыс Азия ұжымдық қорғаныс Келісіміне қол қойып, СЕАТО әскери-саяси топтың мүшесі атанды, ал 1955 ж. 23 қыркүйекте Бағдат пактысына қосылды (1959-1980 жж. СЕАТО немесе Орталық Келісім Ұйымы), СЕАТО сияқты, батыс мемлекеттерінің ұсынысымен құрылған . Пәкістан осындай көлемде өткізілген әскери, саяси және басқа да іс-шараларға қатысты; БҰҰ қатысты АҚШ пен оның батыс одақтастарының көптеген халықаралық мәселелерге байланысты ұстанған ұстанымдарын қолдады.
Екінші дүние жүзі соғысынан (1939-1945 жж.) кейін, 1947 жыл 14 тамызда ағылшын отаршылдарынан өз тәуелсіздігін алған күннен бастап, бүгінгі күнге дейін Пәкістан Ислам Республикасы халықаралық қатынастарды дамыту барысында өзінің сыртқы және ішкіі саясатын жүргізіп келеді. Біз қарастырып отырған кезеңдегі (1990 жж. мен ХХІ ғ. басы) Пәкістан сыртқы және ішкі саясаты өзінің ұстанған принциптері мен міндеттерін жүзеге асырып келеді.
Н.Шариф басшылығымен жасалған экономикалық саясат (1997-1999 жж.) Наваз Шариф өзінің белсенді саяси қызметін, Пәкістанда 1977 жылы шілдеде басталып 1985 жылы ғана өзгерген генерал Зия-уль-Хак жүргізген әскери тәртіп кезінде бастаған. Н.Шариф бірнеша рет Ұлттық Ассамблеяға сайланған. Ол өзіндік саяси-экономикалық және саяси бағдарламасы бар Пәкістан Ұлттық лигасын басқарған.
Пәкістан Ислам Республикасының Конституциясына сәйкес, 1997 жылы 3 ақпанда Пәкістан Ұлттық ассамблеясының кезектен тыс сайлауы өтті. Көпшілік дауысты Н.Шариф басқаруымен Пәкістан Мұсылмен Лигасы (ПМЛ) алды. /Гарновсикй Ю. Миан Мухаммад Наваз Шариф // Азия и Африка сегодня. 1997, №8ю С.8/
1997 жылы 17 ақпанда жаңа Премьер-министр орнына келді. Н.Шариф және ол басқарған үкімет, саясатқа армияның араласуына барлық мүмкіндіктер жасады.
Б.Бхуттоның экономикалық саяси есептері мен жеке қателіктерін сынай келе, Н.Шариф бұрынғы үкіметпен өңделген курстан кетпеуге тырысты. Бірақ Н.Шарифке өзінің басқару кезіндегі алғашқы айларында экономика тұрақтылығын болашақта либерализация мен жекешелендіруді дамыту есебін қамтамасыз ете алмады, өйткені ол осы екі факторға негізінен ден қойған болатын. Енді Н.Шарифтің жүргізген экономикалық саясаты мен оның нәтижелерін қарастырайық.
Болашақта үкіметті басқарудағы өзінің бағдарламасында Н.Шариф, Пәкістан экономикасының бірден көтерілу тиімділігін негізгі бағытта ұстанды. Н.Шарифтің пікірі бойынша, Пәкістан экономикалық мәселелерін шешеу үшін шетел валюталарының қорын көбейту керектігі, жәнеде өнімсіз шығындарды қысқарту қолға алынды. Бірінші мәселенің шешілуі, екінші мәселе сияқтв , Пәкістанның сыртқы қарыздарын жоюға бағытталған құрал болатын еді, қарыз мөлшері 1997 ж. басында 32 млрд долл. құраған болса, ал оған қызмет көрсету 30% сомаға өскен, мемлекет қаржысын қарастырғанда оның шығын бөлігі 40% құрады. Өнімсіз шығындарды қысқарту барысында, жаңа Премьер бюрократиялық аппараттарды бұл жоспарда анағұрлым азайтуды ойлады.
Үкіметтің жаңа бағдарламасында инфраструктураны ары қарай дамыту және жаңа технологияларды ауыл шаруашылығына сәйкес құралдармен қамтамасыз ету (бұл сала бойынша алғашқы қадамдар Н.Шарифтің үкіметте болған бұрынғы кезеңдерінде де жасалған) қарастырылған болатын.
Н.Шариф үкіметі өз қызметінің басынан бастап жан-жақты талдау жасау, экономиканың дағдарыс жағдайын терең реформалауға бағытталған көптеген шаралар қарастырған. Ең бірінші салық және несие жүйесі мен экспорт-импорт саясаты қайта қарастырылған.
Экономиканы қайтақұру ұзақ мерзімдік бағдарлама (Стратегия-2010) ішкі резервтерді жүйелі демеу барысында «өзін-өзі қамтамасыз ету принципі» мақсатына жету алға қойылды.
Үкімет тарапынан микроэкономикалық жағдайда жасалған қатаң бақылаудағы жиынтық шараларының қорытындысы барлық деңгейлерде тәртіптің күшеюіне, өнімсіз саладағы шығынның айрықша қысқаруына, 1998 ж. елдегі экономиканың жетілуіне позитивті беталыстар белгіленді.
Сонымен қатар, макроэкономикалық көрсеткіштердің біршама жақсарғандығын төмендегі факторлармен көрсетуге болады:
- халықаралық саудада тауар бағаларының 3%-ға дейін өсуі Пәкістан Ислам Республикасының өз өнімдерін жоғары бағада өткізуге мүмкіндік береді;
- әлемдік саудада мұнай бағасының төмендеуі Пәкістанның мұнай мен мұнайөнімдерін импорттауда қолайлы болды;
- ауылшаруашылық акторындағы тенденциялардың өсуі 6,2,%-ға, өнеркәсіпте 4%-ға қарастырылды;
- ұн, май, күріш, қант т.б. өнімдер бағасы шетелде тұратын пәкістан азаматтарының трансферттары 844 млн. Доллордан 1996-1997 жж. 1,085 млн. дейін өсті.
Үміттенетін сандық деректердің белгіленуіне қарамастан, елдің экономикасы әлі де толығымен дағдарыста болды. Тоқыма өнеркәсібіндегі сапа деңгейін көтеруге ат салысу айтарлықтай қорытындылар шығармады, 1997 жылмен салыстырғанда тоқыма өнімдерінің экспорты 200 млн. доллорға қысқарды. Пәкістан үшін бұл саланың маңыздылығы, елдегі өнімнің шамамен 65% табыс көзінің инволютасын құрағандығын көрсеткен.
«1998 жылы мамырда Пәкістан өткізген ядролық сынағы мен осы іске қатысты АҚШ пен Жапонияның қомақты қарыздарының гранттары менсауда жүргізуінің тоқтатылуы, сонымен қатар Германия мен Канаданың шамамен 46 млн. доллар көмек ретінде берілетін қаржыларының тоқтатылуы Пәкістан экономикалық реформасына кері әсерін тигізді. Нақты айтар болсақ, Пәкістаннан АҚШ-қа небәрі 15,5%, Жапонияға 6,6,% экспорт шығады, АҚШ-тан 10,7%, ал Жапониядан 8,9,% экспорт келеді. Пәкістанда шамамен барлық инвестицияның 30%-ы осы екі елге қарасты. Экономикалық санкциялар, жоғарыда аталған батыс державаларымен және халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардан 1998 ж. ортасында Пәкістан өзіне берілетін шашамаен 2 млрд. доллор құрайтын экономикалық көмекті ала алмады» /Ганковский Ю.В. Пакистан // Бюллетень по проблемам беженцев. 2000, март. Выпуск №25/.
1998 жылы Пәкістан мен Үндістан арасындағы әскери-қарсылық жағдай жалғаса берді. Бұл жағдайлар отандық және шетелдік инверсторлардың өз капиталдары тағдырына қорқынышпен қарауына дәйектелді.
Пәкістанның экономикалық жағдайын зертеу, болашақта оның дамуына, сонымен қатар ішкі және сыртқы факторлардың, елдегі жүргізіліп жатқан....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру