Бухгалтерлік есеп | Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

 Бухгалтерлік есеп | Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Мазмұны
КІРІСПЕ.....................................................................3
1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ.........5
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері.............................................5
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі.........................7
1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.............11
2 «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ.......................15
2.1 Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға....................................................................15
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және құжаттау................18
2.3 Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері............................21
3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.....................26
3.1 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі........................................................26
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі...........................................................................................30
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану.....................................................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................40
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................41

КІРІСПЕ
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жолдарын және оның шетелдік тәжірибесін зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дәстүрлі емес жаңа жүйесін құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың, қаржылық нәтижелерді анықтаудың қазіргі тәсілдерін қолдану, сондай – ақ бұл ақпараттарды өндірістік қызметті басқару, талдау, болжау және реттеу үшін қолдану маңызды.
Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне сай бухгалтерлік есеп стандарттарының №6 және 12, халықаралық қаржылық есептеме стандарттарының №11 және 16 тікелей сметалық жүйедегі табыс пен шығындар құрамын анықтаумен тікелей байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты:
 Құрылыс саласындағы есепті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;
 Өндірістегі шығындар түрін;
 Еңбекақыны есептеу жолдарын;
 Материалдық босалқылар есебін және аяқталмаған құрылыс есебін жүргізу әдіс – тәсілдерін ұғыну.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Алғашқы тарауда құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері, құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі сонымен бірге құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу қаралды.
Екінші тарауда құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға, құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау және құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен жолдары қарастырылады.
Үшінші тарауда шығындар есебінің мәні және жіктелуі және құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі, аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану қарастырылады.
Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.
Құрылыс өнімдерінің келісім бағаларының құрамында мердігерлердің орындаған жұмыстарының құны көрсетіледі. Сонымен қатар, келісім бағаларының құрамына келісім бойынша мердігерге берілген басқа да жұмыстармен байланысты шығындар да кіреді, атап айтсақ белгілі бір объектілерді салғанда, оны қажетті құрал-жабдықтар мен т.б. материалдармен қамсыздандыру.
Құрылыс процесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау мен есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі мен тәртібі келісім-шартта тараптардың келісімімен бекітіледі.
Кәсіпорындар мен мердігерлер арасындағы орындалған құрылыс-монтаждық және құрылыс-жөндеу жұмыстарының есебі конструктивті элементтері бойынша, келісілген шарттың кезеңдері бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.
1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.
Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалык есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.
Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысты.
Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.
Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс-монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.
Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.
Кейде құрылыс-монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: келік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.
Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.
Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады. Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез – келген құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады.
Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:
— біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;
— екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне
қарай біркелкі бөлінуі тиіс.
Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:
1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;
2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.
Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.
Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.
Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі
Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары жалпы құрылыстық және мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс-монтажды кәсіпорындар бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар тұрақты және жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кәсіпорындар ұзақмерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кәсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кәсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.
Құрылыс-монтаж кәсіпорындары «өмірлік циклына» байланысты құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:
♦ құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;
♦ жобалау-құрылыс фирмалары;
♦ ғылыми жобалау-құрылыс фирмалары;
♦ барлық жұмыстарды құрайтын және конструкциялар мен құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер.
Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тән. Құрылыс кәсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады;
♦ негізгі өндіріс — құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттар мен қондырғыларды капиталды жөндеу;
♦ қосымша өндірістер;
♦ өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (әлеуметтік) сала.
Өндірісті бағыты бойынша классификациялау — негізгі және қосымша өндірістің, әлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады.
Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары — «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8010 «Негізгі өндіріс», 8020 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 «Қосалқы өндірістер», 8040 «Үстеме шығыстар» белгіленген. Шығындардың деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.
Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жазбаша түрде келісім-шарт жасай отырып, төмендегідей тәртіпте құжат толтырады:
Мердігерлік келісім №
..............................қаласы «.....».........................жыл
(тапсырыс беруші) тапсырыс беруші кәсіпорын аты-жөні, қызметі қолданылған жарғыға сәйкес, келесі тұлғамен төмендегідей келісім жасалды:
1. Келісім.
Төмендегі шарттарды орындауды мердігер тапсырыс берушінің талабы бойынша орындай отырып, көрсетілген уақытта жұмыс нәтижесін тапсыру, ал тапсырыс беруші нәтижеге орай төлем жасауға міндетті.
2. Жұмыс түрі.
Мердігер тапсырушының талабына сай төмендегі жұмыс түрлерін орындайды:
3. Материалдар.
жұмыс материалымен (мердігердің немесе тапсырыс берушінің) орындалады.
4. Тапсырманы орындау тәсілі.
Тапсырыс берушінің тапсырмасын орындау тәсілі
(мердігердің ұсынысымен немесе нақты бір технологиялық тәсілмен анықталады)
5. Жұмыстың орындалу уақыты.
5.1. Жұмыстың басталу мерзімі « » 200 жыл
5.2. Жұмыстың аяқталу мерзімі « » 200 жыл
5.3. Мерзімінен бұрын ақталу
6. Төлем тәртібі.
6.1. Жұмыс бағасына мердігердің барлық шығындары және көтерме төлемдері енгізіледі.
6.2. Жұмыс бағасы мың. теңге, оның ішінде ҚҚС мың теңге.
Көрсетілген баға:
(жуықтау, нақты, не екі жақтың келісімі бойынша)
6.3. Тапсырыс берушінің мердігерге төлеу
жұмыс бағасының % « » 200 жылға дейін.
7. Ерекше шарттар.
7.1. Жұмысты орындау барысында
(тапсырыс берушінің келісімі бойынша үшінші тұлғаны тартуға)
7.2. Мердігердің жұмысына тапсырыс беруші төмендегі жағдайда араласуы мүмкін:
7.3. Мердігер тапсырыс беруші шарттарды бұзған жағдайда немесе уақытында орындамаған жағдайда жұмысты тоқтатуға құқығы бар.
7.4. Шарттарды бұзу анықталған жағдайда мердігер келісім – шарттан бас тартады және анықталған шығынды қайтаруды талап етеді.
7.5. Тапсырыс беруші кез – келген уақытта орындалған жұмыстың нақты мөлшерінің ғана нәтижесіне қарап төлем төлеп береді.
7.6. Аяқталмай қалған құрылыс жұмыстарына заңға сәйкес тапсырыс беруші мердігерден орындалған жұмыстың нәтижесіне қарай құжаттандырып болған соң ғана келісім өз күшін жойғанын айғақтайды.
8. Орындалған жұмыстың нәтижесін тапсыру.
8.1. Мердігердің тапсырыс берушіге орындалған жұмыстың нәтижесін тапсыруы екіжақты толтырылған актіге қол қою арқылы құжаттандырылады.
8.2. Мердігердің тапсырыс берушіге тапсырған күні.
8.3. Тапсырыс беруші мердігердің қатысуымен жұмысты қабылдай отырып, жұмыс нәтижесіндегі кемшіліктерді ескертуі шарт.
8.4. Қабылдау қорытындысында кемшіліктер көрсетілген болса, бірден кемшілікті жою мерзімін көрсетуі шарт.
8.5. Тапсырыс беруші қабылдап алғаннан соң кездескен кемшіліктерді мерзімді уақытта дереу мердігерге ескертуі шарт.
9. Құпиялылық.
9.1. Егер екі жақтың біреуі келісілген шартқа байланысты орындау міндеттемелері бойынша басқа жақтан заңмен қорғалмаған басқа да шешімдер немесе жаңа технология жөнінде хабарлама алатын болса, анықтама алған жақтың жазбаша рұқсатсыз үшінші тұлғаны анықтамамен қамтамасыз етуге құқығы жоқ.

10. Жауапкершілік.
10.1. Егер мердігер келісім – шарттағы қарастырылған талаптарды уақытында орындамаған немесе орындалған жұмыс теріс нәтиже берген жағдайда тапсырыс беруші мердігерге төмендегідей талап қоюға тиісті: ..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру