Экономика | ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

 Экономика | ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Мазмұны
Кіріспе
I. ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
1.1 Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау.
1.2 Кәсiпкерлiктiң инновациялық экономикаға қатысуы .
II. Шағын және орта бизнесті несиелеудің бағыттары.
2.1 Шағын бизнесті несиелеу бағдарламасын іске асыру.
2.2 Шағын және орта бизнесті несиелеу кезінде шетел тәжірибесін қолдану.
2.3 Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары.
III. Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемалары мен заңнамалары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің жағдайы мен экономикалық маңызы қарастырылады.Кез келген салада алдын ала бағдарлама жасау арқылы белгіленген мерзімге дейін сол көзделген шараларды орындау керек. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады.Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру үшін оның қазіргі жағдайын біле отырып дамуына талдау жасалады. Қазіргі кезде кез келген бизнесті дамыту үшін оған қосымша қаржы көздері керек, ал ол қаражаттарды тек несиелеу арқылы ала алады. Сондықтан жұмыстың екінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асырылуы және оның шетел тәжірибесінің әдістерін қолдану шаралары қарастырылады. Соңғы бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуындағы проблемалар мен оның перспективалары заңнамаға сәйкес қарастырылады. Кез келген экономикаға қатысты іс әрекет ҚР Заңнамасында тіркеліп, тек заң жүзінде ғана жұмыс істеу керек.
Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалары мен мiндеттерi ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған мемлекеттiң экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында қаралуымен түсiндiрiледi. Қазіргі кезде шағын және орта бизнеспен айналыстын азаматтардың саны өсуде. Оған себеп жекешелендіру нәтижесінде қазір кезкелген азамат қандай істі ашуды таңдау өз еркіне байланысты. Өз ісінің маманы болмаса да жұмыс істеуге құқылы. Сол себептен кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтардың саны артуда деп түсіндіруге болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік ісі көп қырлы салаларды қамтиды. Ол өмірге қажетті барлық тауар, қызмет түрін, білім беру, сауда, өнім өндіру, шетел тауарларын импорттау сияқты т.б өнімдерді көрсетеді. Сондықтан бұл тақырыпты талқылау өте маңызды мәселе болып табылады.
Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы басымдықтары тұрғысынан Бағдарламаның басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылады.
I.ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
1.1. Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау.
Елдегi әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына оң ықпал еттi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның 195,7 мың шағын кәсiпорындар құрайды, орта кәсiпорындар - 10,67 мың. Бұл ретте, шағын кәсiпкерлiк субъектілерi жалпы санының 93,9%-ын құрайды.
Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиiстi күнiне 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсiпкерлiктiң ЖIӨ-ге қосқан үлесi 2003 жылы 16,2%-ды құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын және орта кәсiпкерлiк шамамен 25%-ды бередi.
Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң тауарлар мен қызметтердi сатудан түскен кiрiстерiнiң артуы 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 8,7 %-ды құрады.
Шағын кәсiпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсендi заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсiпкерлiк саласында белсендi халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31 %-ы).
2003 жылы көлеңкелi экономиканың үлесi ЖIӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңiнде аталған көрсеткiш орташа 30-38%-ға дейiнгi аралықта бағаланды.
Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып, астыртын өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырысады. Бүгiнде Қазақстандағы экономикалық өзгерiстер құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және орта кәсiпкерлiк саласында да қалыптасқан.
Мысалы, қолданыстағы құқық жүйесiнде "де юре" әрекет етуiн жалғастырып жатыр, кейiн қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерге қайшы келетiн, қайшылықтар туғызатын не құқықтық мәнiн жоғалтып, ескiрген кiшi заңи кесiмдер бар.
Жоғарыда аталғандар, уәкiлеттi органдар тарапынан өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және басқа да мемлекеттiк органдардың олардың бастамасы бойынша қабылданған кесiмдерiне тұрақты мониторинг жүргiзбегендiктен.
2004 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 195 Yкiмет қаулылары, оның iшiнде жою және өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша қолданыста деп есептеледi. Yкiметтiң қолданыстағы қаулыларының 420-сы дербес нормативтiк құқық кесiмдер тiкелей кәсiпкерлiк қызметтi реттейдi.
Оларды қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 357 қаулысының күші жойылды деп танылды.
Бір жағынан қолданыстағы заңнаманың қолданыстағы заңнама жүйесiнен заңсыз кесiмдердi "болдырмауды" қамтамасыз ететiн тетiктерi жоқ.
Шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау қажеттiгiн негіздеу кезiнде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсiпкерлiктiң жекелеген проблемаларын мемлекеттiк реттеудiң одан әрі тиiмдiлігі жүзеге асырылмайды.
Бұдан басқа, қазiргi уақытта нормативтiк құқықтық кесiмдер әрекетiнiң одан әрi нәтижелiлiгiн қадағалап отыру тетiгi мүлдем дерлiк жоқ, мұндай нәтижелiлiктiң көрсеткiштерi мен өлшемдерi айқындалмаған.
Әкiмшiлiк кедергiлер жеткiлiктi кездесетiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тыныс тiршiлiгiн үш кезеңге бөлуге болады;
- тiркеу және қайта тiркеу;
- әрекет етуi және дамуы;
- тарату.
Жоғарыда аталған әрбiр кезеңде шағын және орта кәсiпкерлiктiң икемдiлiгiне, белсендiлiгiне және ұтқырлығына әсер ететiн көптеген проблемалар кездеседi, нәтижесiнде олардың дамуын тежейдi.
Тiркеу, қайта тiркеу және тарату кезеңдерiнде.
216 заңнамалық кесiмдердi қамтитын рұқсат ету жүйесiнiң қолданыстағы заңнамалық базаны ерекше айта кету керек және бизнес жүргiзу жөнiндегi жоғары шегерiмдердiң себебi болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тiркеу және қайта тiркеу рәсiмдерi әр жерде орналасқан, түрлi ұйымдар беретiн көптеген құжаттарды қажет етедi. Рыноктiң конъюнктурасына байланыстығын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi қызмет түрлерiн үнемi өзгертiп отырады. Бұл, құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және тiркеушi органға хабарлауға, сондай-ақ рұқсаттардың көптеген түрлерiн алуға әкелiп соғады.
Көптеген елдерде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілері қызметiн қолдау үшiн "бip терезе" қағидаты бойынша тiркеу мен қайта тiркеуге жағдай жасалған. Мысалы, 2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тiркеу процесі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар "бip терезе" қағидаты бойынша 10 күн iшiнде тiркеледi. Бүгінде Қазақстанда бизнес - қоғамдастық құптаған осындай жүйе енгiзiлдi.
Әрекет етуi мен даму кезеңiнде.
Кәсiпкерлердiң қызметiнде көпшiлiк жағдайларда негізiнен әкiмшілiк бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердiң нәтижесiнде анықталады.
Мұнда: тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерiн реттейтiн құқықтық нормалар әртүрлi нормативтік құқықтық кесiмдерде және бұл мәселе бойынша бiрыңғай заңнамалық кесiм жоқ;
заңнамалық кесiмдерде (Салық, Әкiмшiлiк кодекстерде, кейбiр мемлекеттiк органдардың мәртебесiн айқындайтын заңдарда және т.б) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін тексеруге ерекше ұстанымдар көзделмеген және сондықтан да мемлекеттік органдардың кәсiпкерлерге қатынасы олардың қызметiнiң ауқымына қарамастан бiрдей;
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерi бойынша рәсiмдердiң нақты бiрыңғай сипаты мен бiрыңғай глоссарилерi жоқ. Әртүрлi мемлекеттiк органдар тексерулердiң түрлi сыныптамасын (рейдтiк, кешендi, қарама-қарсы, жоспарлы, жоспардан тыс, хронометражды, ағымдағы және т.б) қолданады;
бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиiмдiлігін бағалаудың қазiргі практикасы анықталған бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына байланысты;
кәсiпкерлiк субъектiлердiң қызметiнде төтенше жағдай туындағанда (ғимараттың құлауы, жаппай улану, кiсi өлiмi және т.б) аталған объектiге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бiр мезетте қаралмайды.
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң жекелеген ережелерi шағын және орта кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуына кедергi келтiредi.
Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұлдарды қоспағанда, әкiмшiлiк айыппұлдардың еселенген мөлшерi шағын кәсiпкерлiк үшiн де және iрi бизнес үшiн де бiрдей белгіленген.
Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн) белгіленген айыппұлдың сомасын өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың туындауына әкеліп соғады.
Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсiпкерлердiң өзiн заңға сәйкес айыппұл төлеу не "аз" пара берiп құтылуды таңдауға итермелейдi.
Лицензиялауға, акредаттауға, стандарттауға, сертификаттауға жататын жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерiнiң қазiргi кең көлемдi тiзбесi iскерлiк белсендiлiктiң, кәсiпкерлiк бастаманың өсуiне кедергі келтiредi. Бұдан басқа, лицензияны беру ретiнде, және одан әрi лицензиялық қызметтi негiздейтiн қосымша рұқсат беру жүйесi (рұқсат беру, қорытындылау, келiсу) бар. Бұл iс жүзiнде елде кәсiпкерлiктiң және әсiресе шағын және орта кәсiпкерлiктiң қызмет етуi мен дамуын тежейдi.
Осылайша, әкiмшiлiк кедергiлердiң ауыртпалығы негiзгi кемшiлiк болып табылады:
- тiкелей әрекет етпейтiн кесiмдер, көптеген кiшi заңи кесiмдер бар;
- мәнi бойынша мемлекеттiк функциялар берiлген, мемлекеттiк органдар уәкiлеттiк еткен көптеген мемлекеттiк кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар қызмет етедi;
- шектен тыс статистикалық және салықтық есептiлiк бар;
- жекелеген мемлекеттiк органдар өздерiнiң бақылау-қадағалау, рұқсат беру және келiсу функциялары мен өкiлеттiктерiн қысқартуға дайын емес.
Мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) жеткiзiп беруде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ашықтығын және олардың барынша көп қатысуын қамтамасыз етуi тиiс "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының аясында мемлекет пен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өзара қатынасын жеке атап өту керек. Алайда, практикада мемлекеттiк тапсырыс берушiлер шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн заңда көзделген жеңiлдiктердi мүлдем дерлiк қолданбайды. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына сәйкес мемлекеттiк органдардың қарамағында 400-ден астам республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар бар, алайда алдын ала жүргiзiлген сараптама олардың саны бүгінде 509 құрайтынын көрсеттi. Мемлекеттiк органдардың мәлiметтерi бойынша республикалық коммуналдық меншiкте барлығы 4892 кәсiпорын бар.
Заңды тұлғалар тiзбесiнде (акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) орталық атқарушы органдардың атынан жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуымен 178 ұйым бар. Жергiлiктi атқарушы органдар 1061 акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң құрылтайшылары және қоса құрылтайшылары болып табылады.
Мемлекеттiң қатысуымен кәсiпорындардың қызметiне алдын ала жүргiзiлген талдау олардың қызметiнiң бүгiнгi күннiң жағдайларына сәйкес келмейтiнiн көрсеттi. Кәсiпорындар iс жүзiнде рыноктi мемлекеттiк монополияға айырбастап, мемлекетке сәйкес келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруда. Әсiресе мұндай тәжiрибе мемлекеттiк тапсырыс есебiнен өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындарға тән. Бiр қатар мемлекеттiк кәсiпорындар рыноктік ортаға кең ұсынылған қызметтi жүзеге асырады: сауда - делдалдық қызмет, көлiк қызметтерi, сервистiк сипаттағы қызметтер, құрылыс, баспаханалық және басып шығару қызметi, абаттандыру, ғимараттар мен құрылыстарға қызметтер көрсету, ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету және бағдарламалық өнiм жасау және т.б. Iрi мегахолдингтер құрамында жоғарыда айтылған қызметтi жүзеге асыратын және холдингтің негiзгi қызметiне қатысты бейiндi емес болып табылатын еншiлес ұйымдары бар екендігін айту керек.
Құрылтай құжаттарда көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың мақсаты мен мәнi заңнамада нормалардың нақты жазылмауы салдарынан әрқашан тура мағынасы негiзгi мақсатқа сәйкес келе бермейдi не кез келген қызмет түрлерiмен айналысу мүмкiндiгін көздейдi.
1.2. Кәсiпкерлiктiң инновациялық экономикаға қатысуы.
2015 жылға дейiнгі индустриалдық-инновациялық стратегияны тиiмдi iске асыру және оған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерінің барынша көбірек қатысуы мақсатында инновациялық жобаларды iске асырудың алғы шарттары құрылады, оның негiзi отандық және шетелдiк ғылым әлеуетiн пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi соңғы өнім құруды қамтамасыз ететiн ашық үлгiдегі жаңа инновациялық жүйе болады.
Жаңа инновациялық жүйе ғылыми әлеуеттi дамытады, көпдеңгейлi инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырады, берiлетiн гранттар түрлерiн кеңейту және венчурлiк қорларды құру бөлігінде қаржы инфрақұрылымдарының элементтерiн және тетiктерiн дамытады.
Осы бастамаларды ұтымды iске асыру үшiн Ұлттық инновациялық Қордың өсу әлеуетi жоғары жобаларды iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктi тарту жөнiндегi рөлi жандандырылады. Бұл іс-шаралар шетелдiк венчурлiк қорларды тартумен венчурлiк инвестициялау арқылы iске асырылады, бұл озықты шетелдiк тәжiрибенi алуды қамтамасыз етуi керек.
Технологиялық бизнес инкубаторларды - технологиялық инновацияларды құратын және iске асыратын және оларға консалтингтiк, заңгерлік, лизингтік және өзге де қызметтер көрсететiн арнаулы пысықталған жеке және заңды тұлғаларды өз алаңдарында белгiлi бiр мерзімге орналастыратын құрылымдарды құру.
Коммерциялық тиiм жағынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулiк және тәжiрибелi конструкторлық әзiрлемелердiң гранттарын беру жүйесi қайта қаралады.
Мынадай гранттардың нысандары қайта қаралады:
шағын гранттар - ғылыми зерттеулік және тәжiрибелi конструкторлық әзiрлемелердi өткiзу үшiн 7,2 млн. теңгеден (55 мың АҚШ доллары) кем емес сомаға тартылатын;
жоба алдындағы гранттар - құжаттардың толық пакетiн дайындау үшін (ТЭН, бизнес жоспар және т.б.) 650 мың теңгеден кем емес (5 мың АҚШ доллары);
үлкен гранттар - зерттеулердi аяқтау және пайдалы моделге немесе ойлап шығаруға жеткiзу үшiн 33 млн. теңгеден кем емес (250 мың АҚШ доллары);
патенттеу үшін гранттар - шетелдегі патенттi рәсімдеу үшiн 13,2 млн. теңгеден кем емес (100 мың АҚШ доллары) сомаға.
2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi Бағдарлама шеңберiнде ұлттық технологиялық парктердi, ақпараттық аймақтарды, ядролық технологиялар мен биотехнологиялар аймақтарын, жаңа материалдар паркін, мұнай-химиялық технопарктi құру көзделедi....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру