Психология | Қарым-қатынас психологиясы
Мазмұны
Кіріспе
І Қарым –қатынас психологиясының теориялық мәселелері.
1.1. Қарым-қатынас туралы теориялар
1.2.Қарым-қатынас ақпарат алмасу әрекеті
1.3. Қарым-қатынас түрлері
ІІ. Қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні
2.1. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың зерттеудің әдіс-тәсілдері
2.2. Қарым-қатынастың зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшін оның мәні ерекше, қарым -қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қарым-қатынас ұғымының мәнін ашып көрсету. Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын талдау болып табылады. Қарым-қатынас — адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Курстық жұмыстың міндеті: психология ғылымындағы қарым-қатынас проблемасының зерттелуі, зерттеу түрлерін анықтау. Адам аралық қарым-қатынас түрлерін талдап көрсету.
Зерттеудің теориялық мәні: соңғы жылдары ғылымда "қатынас" ұғымымен қатар "коммуникация" деген ұғым қолданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-қатынас — адамдар арасында ақпарат алмасу. Адам өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта да қарым-қатынаста болады. Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады.
Зерттеу практикалық мәні: қарым-қатынас психологиясын талдай, зерттей отырып, адамдардың өз мінез-құлықтарына талдау жасауына, адамдармен қарым-қатынас жасауда дұрыс бағытты таңдай білуіне себепкер болуда.
Қарым-қатынас — бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады.
І-Қарым-қатынас психологиясының теориялық мәселелері
1.1 Қарым-қатынас туралы теориялар
Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылды. Мәселен, Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.
Қарым-қатынастың бірінші жағы-70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.
Қарым-қатынастың екінші жағы — қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы — қарым-қатьшас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамга тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтыластары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені жэне білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу — бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі. "Сөйлеу" және "тіл" ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады. Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - бұл адамдардың өзара байланысын,олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.
1.2. Қарым-қатынас жасау-ақпарат алмасу әрекеті
Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын
қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-
коммуникативтік, реттеу-коммуникативтік және аффектілік-
коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастагы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара эртүрлі елестетулермен, идеялармен, кызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін. Бір жағынан,осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда — белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика, паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.
Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу контекстінде қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесіңде ойлаумен бірге пайда болды және адамзатгың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге дамыды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста қалыптасады.Сананың негізгі қызметі — тұрмысты бейнелеуін түсіну, тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егер де оларды бірлікте алсақ,тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу - қарым-қатынастың іс-әрекеті, тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды; сөйлеу — іс-әрекеттегі тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-қатынас құралы.
Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикуляциясының арқасында айтып береді.
Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ, бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.
1.3 Қарым-қатынастың түрлері
Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде араласса да, адам қарым-қатынастың алуан түріне жолығады. Кездейсоқ, онша мәні болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын тұрақты кездесулер де, түкке тұрғысыз қарым-қатынас та, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Қарым-қа-тынасты ресми (қызмет бабында, жұмысқа байланысты) және жеке бастың ісі (таныстық, жолдастық, достық) деп екі топқа белуге болады. Жұмысқа байланысты қарым-қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық қызметіне және оның әлеуметтік ауқымына қатысты: мұғалім — шәкірт, бастық — қарамағындағы қызметкер, дәрігер — емделуші және тағы басқадай. Жеке адамға байланысты қарым-қатынастар да нақты бір қызмет аясында басталуы да мүмкін.
Алғашқы топтың қарым-қатынастары праволық және моральдық (мұның үлесі аздау) нормалармен белгіленеді. Моральдық нормалардың арасынан алдымен қызмет бабына байланысты туындайтын талаптардың ролі үлкен. Ал жеке бастың қарым-қатынастарын негізінен моральдық нормалар белгілейді де, әдетте, мүдделер ортақтығымен, екі жақты ықыласпен, құрмет сезімімен байланысты болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы ерекшеліктеріне байланысты.
Нақты өмірде қарым-қатынастардың бұл екі түрі бір-бірінен онша алшақтамайды. Мысалы, кез келген класта оқушылар арасындағы қарым-қатынастың екі жүйесі болады. Бұл ең алдымен жауапты тәуелділік жүйесі немесе іс бабындағы қарым-қатынастар (староста, комсорг және т. б.), екіншіден, достық немесе жай таныстық қарым-қатынастар жүйесі. Бұл екі жүйе бір-бірімен байланысты, өзара кірігіп те жатады, бірақ толық
үйлесіп кетпейді.
Қарым-қатынастың әр түріне бейім адамдардың бір-біріне қояр-талаптары да әр басқа, мысалы, класс старостасы немесе таныс таңдаудағы көзқарастары да әр қилы. Айталық, староста айтқанды екі етпейтін, жинақы және тиісінше талапшыл болуға міндетті. Жеке басқа қатысты қарым-қатынастар жүйесінде оқушының класта қаншалықты таиымал болуы оның өз тобында жоғары бағаланатын сипаттары мен ерекшеліктеріне байланысты.
Кластағы жеке қарым-қатынастар жүйесінде оқушының танымал болуы неге қатысты? Психологтардың зерттеулері нақты бір оқушының класта танымал болуына әсер ететін әр түрлі жағдайларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұған ең алдымен балалардың жекелеген ерекшеліктері мен мінезі жатады. Мысалы, «коллектившілдер», яғни қоғамдық, коллективтік тұрғыдан өздерін іс арқылы көрсете білетін оқушылар қара басының қамын көбірек ойлайтын «өзімшілдерден» гері өз класында анағұрлым танымал болады. Мінезі ауыр, ұстамды, қайырымды адамдардың коллективте құрметке бөленуіне толық мүмкіндіктері болады. Әрине, қандай болмасын өлшем мәні оқушылардың жасына қарай өзгеріп отырады, ол қыздар мен ұлдарда бірдей болмайды. Төменгі кластарда оқушының кластағы жағдайына оның сабақ үлгерімі, тәртібі, сондай-ақ сыртқы пішіні ықпал етеді. Жоғары кластарда бұл өлшемдерге — ақыл-ой сипаты, ой-өріс кеңдігі, кейде күштілік пен ептілік (ұлдарда), сыртқы сұлулық (қыздарда), сәнді және қолға түсе бермейтін заттардың болуы (немесе болмауы) жатады.
Психологтар тағы бір заңдылықты анықтады: оқушы өз класын жоғары бағалаған сайын, оньщ жеке қарым-қатынастар жүйесінде- алатын орны жоғарылай түседі, басқаша айтқанда, коллектив оған деген кластың құрмет сезімін қайтарғандай болады.
Бұл топта кімнің танымал екендігіне қарап, онда қандай қасиет қадірлі саналатынын білуге болады. Мысалы, рухани байлықты бағалауға бейімі аз кластарда қолға түсе бермейтін қымбат заттары бар оқушылар танымал болуы мүмкін.
Қарым-қатынастар адамдардың бір-біріне ықыласының тереңдігі мен сырластығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Таныстардық, достардың, жолдастардың қарым-қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қарым-қатынас психологиясы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар