Психология | Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………............3
1.1 Қарым-қатынас мәселесінің қарастырылуы I бөлім Адамдар қарым-қатынасының психологиялық сипаты.....................6
1.2 Қарым-қатынас қызметтеріне психологиялық сипаттама...............................15
II бөлім Адамдар қарым-қатынас мәдениетінің көріністері
2.1 Балаларды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру...........................20
2.2 Баланың қарым-қатынаста ақпарат алмасуы....................................................26
Қорытынды..............................................................................................................31
Қосымша...................................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................39
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі: Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшін оның мәні ерекше, қарым-қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
1) В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың ролі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.
2) 70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылады. Мәселен, Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алады. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.
3) 70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.
Қарым-қатынас- бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Қарым-қатынастың екінші жағы-қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы-қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т. б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Қарым-қатынас –адамдардың бір –бірімен байланысы, оның барысында психикалық бай ланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Соңғы жылдары ғылымда «қатынас» ұғымымен қатар «коммуникация» деген ұғым қолданылады. Қарым-қатынас –адамдар арасындағы ақпарат алмасу. Адам өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта да қарым-қатынаста болады. Бұл қарым –қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады.
Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады., білімді беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу –бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі. Адам қарым қатынасы кезінде сөйлеу негізгі құрал болғанмен адамның қоғам өркениеті дамуы қажеттілігне байланысты мәдениетті түрде оны жетілдіру керек: Осы орайда біз курстық жұмысымыздың зерттеу тақырыбын: «Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты» деп алуымызға тура келді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адамдар қарым қатынасының мәдениетінің психологиялық сипатының теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Адамдар арасындағы қарым қатынастар түрлерін, сипатын және оны мәдени негізде құрылуын белгілеп көрсету
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.
I бөлім Адамдар қарым-қатынасының психологиялық сипаты
1.1 Қарым-қатынас мәселесінің қарастырылуы
Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл –бірлескен іс-әрекетте деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндермесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді. Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара әректтесу құралы ретінде «...тіл және ақша» болады. Бұл -бір жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы вербалды қарым-қатынастың күрделілігі мен кемеліне жеткендігі оны келесі форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, «мұнда қарым-қатынас процесінің жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаң және неғұрлым оған тән түрінде беріледі».
Екіншіден, бұл процесті осылайша түсаіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді, ол «қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары» деп ұйғарады. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты субъектілердің бірлескен оқу іс-әректінің формасы ретінде санауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипавтын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф.Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек (род)-түр (вид) қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П.Щедровицкий, А.А.Леонтьевжәне т.б. ). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз,бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектің қатынастың әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф.Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас –«бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті.». Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.
Өзара әрекеттесу формасы, адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің қоғамдық коммуникативтік аясында пайдаланатын құралдарына тәуелді. Адамзаттың іс-әрекетінің аясы, ең алдымен, адамның өмірлік іс-әрекетінің мақсаттарының бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктеледі. Мысалы, өзі-өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау, жарату сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде мақсаттардың үш тобы бөлінуі мүмкін: материалдық және рухани мәдениет өнімдерін жарату; білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың алғашқы екі тобын қарым-қатынастағы рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жүзеге асыру. Осыған сәйкес, шартты түрде іс-әрекеттің өзара шартталған үш саласын реттеуге болады: қоғамдық өндіріс (еңбек), танымдық (танып білу) және қоғамдық-коммуникативтік (қарым-қатынас). Іс-әрекеттің осындай формаларын Б.Г.Ананьев оған субьект құрылымы тұрғысынан келу негізгінде бөлгені маңызды. Бұл келіс бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас субьектілері қасиеттерінің үйлесу адамның жалпы іс-әрекет субьектісі және тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды.
Іс-әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды қарым-қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Ч.Осгуд, Дж.Миллер, Д. Бродбенттің жалпы психология бойынша еңбектерінен, Г.Гебнердің, Д. Берлоның және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады. Бұл келіс Г.Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін «кім, нені, қай арна бойынша, кімге, қандай әсермен берді» формуласымен анықтаған еңбектеріне дейін өрлей отырып, негізінен, ақпарат алудың (қабылдаудың) психологиялық ерекшеліктерін, комуникатор мен аудиторияның сипаттамаларын, қарым-қатынас шарттарын, құралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған. Коммуникация модельдерінде оларды зерттеу компоненттері (жалпы түрде: бастау –хабар –арна -алушы) мен аймақтары қарастырылады (коммуникатор мен аудитория ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, құралдары және т.б., қарым-қатынастың тілдік құрылымы, ұйымдасуы және стилі, оның мәндік және семантикалық мазмұны т.т.). эксперименталды зерттеулерден алынған қорытындылар негізінде аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына қатысты, яғни кері байланыс әсеріне, аудиторияның өзінің сипатына және де коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне, мысалы олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. «Ақпарат», «жүйе», «кері байланыс» түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып табылады.
Жүйелік-коммуникативтік-ақпараттық келіс, ақпараттарды байланыс арналарымен беру жағдайында психикалық процестер барысының өзгешелігін есепке алу негізінде коммуникация тиімділігінің критерийлерін, жағдайларын және тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде жүйе ретінде өзара әрекеттесуші субъектілер түсінігі нақтыланады. Ю.А. Шерковиннің көрсетуінше, жүйелерді коммуникациялық тізбекке біріктіру кезінің өзінде ол олардың күйлерінің тәуелділігін білдіреді. Бұл жағдайда функционалды келісімделген жүйелер-коммуникатор психикасы мен реципиент психикасы (немесе реципиенттердің) өзара әрекеттеседі. «Коммуникация арқасында осындай жүйелер бірдей күйде болып және әрекеттене алады-эмоционалдық қозу немесе салмақты байыптылық, мазасыз сенімсіздік немесе біліміне сенімділік күйлері. Олар бағыттылығы мен қарқындылығы бойынша ұқсас ұстанымға ие болуға, ойлау материалы ретінде ұқсас таптаурындарды пайдалануға қабілетті». Осы жағдай педагогикалық қарым-қатынасты сипаттау үшін едәуір маңызды.
Коммуникацияның екі жағы ретінде, оның субъектілерінің интерпсихологиялық өзара әрекеттесулерінің ішінде тілдік хабарды қабылдау мен өндірудің осы жүйелерінің әрқайсысының ішінде, күрделі интрапсихологиялық өзара әрекеттесу болады. Мысалы, егер осы процесті лектор А-ның лекция оқуы мен тыңдаушы Б-ның лекция тыңдауы барысында қарастырсақ, онда А Б өз тарапынан күрделі интропсихологиялық өзара әрекеттесу болып табылса, А-ның, Б-ның да әрқайсысы жүйе ретінде өз ішінен ақпаратты алуды, қайта өңдеуді және шешім қабылдауды жүзеге асырады. Тыңдаушы Б тек А-дан ақпарат қабылдап қана қоймайды, ол қабылданған шешім негізінде сөйлеуге потенциалды дайындықты қоса отырып, оны қайта өңдейді. Сонымен бірге, тыңдаушы Б басқа тыңдаушылардан да ақпарат алады, яғни, аудитория ішілік қатынастардың күрделі жүйесіне түседі. Лектор А тек ақпарат көзі емес, ол сонымен бірге, аудиториядан кері байланыс арналары арқылы келіп түскен ақпараттарды қабылдаушы және т.с.с. болады. Басқаша айтқанда, интерпсихологиялық жүйе тек бір ғана ақпарат беру немесе алу функцияларын ғана емес, сондай-ақ оның бүкіл коммуникативтік өңделуін іске асырады, бірақ бүкіл қатарға кері тәртіпте, яғни алудан беру тәртібінде болады. Осылайша, А Б коммуникативтік қатары макрожүйе болып келеді, оның ішінде әр жүйе шегінде қабылдау, өңдеу және қабылдау жүреді. «Сынып» немесе «аудитория» болып табылатын Б жүйесінде бұл процесс барлық тыңдаушылар арасында көп арналы байланыс орнату есебінен, одан сайын күрделенеді.
Коммуникативтік келіс, бүгінгі күнгі педагогика қолданатын педагогикалық өзара әрекеттесу схемасын, оған енетін буындардың бүкіл алуан түрлілігімен (бастау, ситуация, байланыс арнасы, кері байланыс, т.б.) көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ, берілген келіс бойынша осы өзара әрекеттесудің ішкі табиғатын, оның объектілерінің екі жақты белсенділік сипатын және т.б. ашпайды. Осы табиғатты ашу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы байланысын орнататын ғана емес, сонымен бірге оның психологиялық механизмдерінде анықтай алатын келіс қажет. Мұны тек іс-әрекет қажеттіліктері мен түтркілерін, мақсат пен міндеттерін, оның психологиялық құрылымын, субъектілер ерекшеліктерін талдағаннан кейін ғана, басқаша айтқанда, іс-әрекеттік келіс негізінде ғана жасауға болады.
Сондай-ақ, тілдік қарым-қатынасты адамдардың өзара әрекеттесуі, интеракционизм тұрғысынан түсіндіруге неғұрлым ортақ әлеуметтәк-психологиялық келіс те бар. Осы келіс арнасында коммуникация (немесе қарым-қатынас) мен басқа неғұрлым кең тұрғыдағы адамдар өзара әрекеттесулерінің байланыстарының үздіксіздігі атап көрсетіледі.
Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды, себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді ». Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі-сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті-«не, қайда және қалай сөйлеуді» сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі «орынды болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.
Сонымен бірге, қарым-қатынас –ХХ жүз жылдықтың проблемасы. Өйткені, егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі:философия, әлеуметтану, социоолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.
Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-тың өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысатынын айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар құрылған (мысалы, Карнеги орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде бірлік жоқ. Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлді көзқарас бойынша осы процеске түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т.б. түрлі келістерді ұсынулары орынды.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әртүрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары да болуы мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат- әр адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де- қоғам мүшесі әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан, оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.
Шартты және байланысты топтар-әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т.б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Оған енгізілген адамдардың бір-біріне және осы топқа тікелей де, жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топқа қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологияның объектісіне жатады.
Байланысты топ- белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат- мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы- мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы- адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрды. Ал кооперациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде келе жатқан жолаушылар біршама уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станцияларда бірі қажетті нәрселер сатып әкеледі, неді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың әңгімелерді айтып, қасындағыларды көңілдендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар тобы арасында қарым-қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ өз арасындағы біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Өздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты. Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді. Бұған әскери бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндіріс бригадасының ұйымдасып еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі осығын мысал бола алады.
Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез-келген топтың сайлап алған, не белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстаз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі-ұжым. Оның шығу тегі –отбасы. Отбасы –белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың әлеуметтік өмірінің тірегі де –осы отбасы. Ұрылар мен гангстерлердің бандасы да –топ. Бірақ, олар ұжым емес. Олардың ұйымдасуының ішкі және сыртқы мақсаттары- жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға деген зиянкестік әрекеттер.
Адамдардың ұйымдасқан тобы- ұжымның түпкі мақсаты- адамдардың игілікті мұрат-мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам өз қауымдастығында ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз пайдасын тигізеді....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар