Экономика | Қаржы
Мазмұны
І-бөлім.
1.1Қаржының мәні
1.2 Қаржыландырудың түрлері.Ұзақ мерзімді қаржыландыру.
ІІ-бөлім.
2.1 Қаржылық құралдары мен әдістері
2.2Қаржылық зерттеудің мәні
2.2. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1.1Қаржының мәні
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру , бөлу , айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуы айқындайды , өйткені өндірілген өнімдер сатып алу – сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес , қоғамдық қатынастардың барлық қатынасушылардың қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандырылған еңбектің , орындалатын қызметтердің нәтижелерімен , әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда , оларды белгілі бір ақшалай баламен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі ( табысы ) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер , қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық – заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Сонымен қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоцияцияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір – бірімен қолма - қол ақшасыз жасасатын есеп айырусылары ; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу ; табысты ( пайданы ) бөлу және кәсіпорындарда , фирмаларында ішкігшаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру ; мемлекеттің бюджеттің кірісіне салық төлемдерін аудару ; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу ; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма – қол ақшасыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу ретінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
« Қаржы » ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы , олардың ажырағысыз бөлігі , ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес , тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді , сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек , қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның қозғалысымен аңғартып отырады. Қаржы тек ақша қорларының , атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да , функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама , ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі , ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге , бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатты болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

1.2Қаржыландырудың түрлері.Ұзақ мерзімді қаржыландыру.
Кәсіпорындар тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа да кәсіпорындарымен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдпрға да тапсырады. Кәсіпорындар тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті. Яғни, ҚР-ң 28-ші ақпан 2007 жылғы №235-111 “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” ҚР заңына сәйкес ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті келесі жылдың 30сәуірінен кешіктірмей өткізулері тиіс.
Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар, банктер және басқалар үшін баспасөзде ашық жарияланады.
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер ҚР-ң заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
“Материалдық емес активтер”бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары (меншік иелері) жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай-ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі.Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің)өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.
Ұтымды пайдаланудың мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасын он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.
Баланстың “Материалдық емес активтер” деген бабын қалдық құнымен толтыру үшін 2700 “Материалды емес активтер”, 2710 “Гудвилл”, 2730 (101-106) – “Басқалар” және 2740 (111-116) – “Материалдық емес активтердің амортизациясы” деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет.
“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе қордағы (запастағы) негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құна да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны, тозуы және қалдық құны жеке-жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіру құнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағаланғаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнына айналады). Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі. Сонымен, баланстың “Негізгі құралдар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: 2411 (121) – “Жер”, 2412 (122) – “Үйлер мен ғимараттар”, 2413 (123) – “Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылары”, 2414 (124) – “Көлік құралдары”, 2930 (126) – “Аяқталмаған құрылыс”, 2421 (131) – “Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 2423 (132) – “Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы”, 2425 (133) – “Көлік құрылдарының тозуы”.
“Ұзақ мерзімді инвестициялар” бөлімі бойынша баланста кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар – акциялар, облигациялар) ҚР-ң аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар, сондай-ақ кәсіпорынның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың “Ұзақ мерзімді инвестициялар” деген бабын толтыру үшін мынандай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады: 1100 – “Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар”, 2000 – “Ұзақ мерзімді инвестициялар”, 2210 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар”.
“Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” бөлімінде есеп беретін адамдардағы берешектер көрсетіледі.
Бұл бапты толтыру үшін 1210 (301-303) – “Алуға арналған шоттар”, 1130 (402,302)– “Алынған вексельдер”, 1220 – “Еншілес серіктестіктердің берешегі”, 1230 – “Тәуелді серіктестіктердің берешегі”, 1240 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі” деген жинақтамалы шоттардың және 1280 – “Өзге де дебиторлық берешек” бөлімшесі шоттарының деректері пайдаланылады.
Есеп берудің “Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ)” бабын толтырған кезде ІІ бөлімдегі 1310 (201) – “Материалдар”, 1340 (211-213) – “Аяқталмаған өндіріс”, 1330 (222-223) – “Тауарлар” деген шоттардың ақпараттары пайдаланылады.
“Алдағы кезеңдердің шығыстары” бабын толтыру үшін 1620 (343) – “Алдағы кезеңдердің шығыстары” деген бөлімшенің ақпараты пайдаланылады.
Баланстың пассивіндегі “Бөлінбеген кіріс” бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер: 5400 – “Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян)”, 5430 (562) – “Алдынғы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)”, 5410 (561) – “Есепті кезең кірісі (зияны)” жинақтамалы шоттарының деректері негізінде толтырылады.
2.1 Қаржылық құралдары мен әдістері.
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қаржы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар