Экономика | ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Мазмұны
Кіріспе
1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
1.3 Қаржының функциялары және рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі — материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.
Бұл жұмыста негізінен қаржы ұғымы мен негізгі атқарушы функциялары, мақсаты мен міндеті бейнеленген. Сондай-ақ қаржының басқа категориялармен өзара байланысы қарастырылған.
1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қаржы ұғымы және оның табиғаты
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жүмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды, Капиталистік шаруашьшық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өңдірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, оңда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясыңда жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан — кредиттен, жалақынан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығывдарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуып айқындайды, өйткені өңдірілген өнімдер сатыпалу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өңдірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыга ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес
игіліклер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық өнімнің — натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір суре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретіндс қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесс қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысаныңдағы қоғамдық бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде ретгейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер корсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

Қаржы — ақша қатынастарының жиынтыеы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қаңдай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшсу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу жәнс басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-тендік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге жәнс тұтынуга ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда болінген кұн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шегтетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі — баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясығада асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің қүны және оның ма-ңызды бөлігі - үлттық табыс алгашқы бөлу* процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге - с, V, және т
* Алғашқы бөлу деп өткізілген құнды бөлшектеу процесі мен тауар бағасының элементтеріне (жалақыға, пайдаға, табысқа т.с.с.) сәйкес келетін оның құрамындағы бастапқы табыстарды мүшелеуді айтады; ал бөлінгенді одан өрі бөлумен байланыстының барлығы қайта бөлуге жатады.
т*-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс қүралдары қүнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (V ) төленеді және қосымша өнім (т) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басты өңдіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияла-рьіның бастауын қүрайды. Сөйтіп, оңцірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді "с", 'V және "т"-ге сәйкес элеменггерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъекгілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатгы пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъекгілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөлікгерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне,
** с — өндірістің материалдық шығындары; V — қажетгі өнімнің құны; т — қосымша онімнің құны. Шет елдін оқулык одебиеттерінде экономиканың даму ауқымының өлшем көрсеткіші — кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын жалпы ұлттық өнім пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҰӨ мына элементтерді жинақтаумен жасалынады: тұтынылған капиталдың көлемі (амортизациялық аударымдар); бизнеске салынатын жанама салықтар; жалдамалы қызметкердің жалақысы; ренталық төлемдер; пайыздар; меншіктен түсетін табыстар; корпорациялардың пайдасы. Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл жиынтығы бойынша) ЖҮӨ мыналарды қамтиды: үй шаруашылығының, яғни елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі — С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар — І; тауарлар мен қызметтер көрсетуді үкіметтің сатып алуы — С; Хп — таза экспорт (экспорт колемінің импорттан асып түсуі немесе керісінше минус белгісімен). ЖҰӨ сомасы = С+Іе+О+Хп. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістің ақырғы нәтижесін сипаттайды, ол айналым қорларының (капиталының) (бұл корлардың қалыптасуы мен қозғалысында каржы зор рөл атқарады) елеулі бөлігі болып келетін аралық өнімнің құнын камтымайды. Сондықтан бұл жалпықоғамдық өнімнің Р=с+у+т дәстүрлі формуласы алынды және үлкейтілген түрде экономикадағы құнның қозғалысын оның осы негізгі элементтері бойынша бақылап отыруға болады.
оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қогамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі — өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.
Экономикалық зандармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикаяық категориялар — бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардыц (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың ендіргіштік күштердің сипаты мен даму........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар