Экономика | Қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып компанияның қаржылық жағдайын талдау

 Экономика | Қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып компанияның қаржылық жағдайын талдау

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................3

I. Кәсіпорын қаржысы және оның түсінігі
1.1 Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері........5
1.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары..........................................................8

ІІ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1 Кәсіпорынның баланстық жағдайы......................................................12 2.2 Кәсіпорын қаржылық қызметін коэффициенттер арқылы талдау.....17

ІІІ. Кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын қарастыру
3.1 Кәсіпорынның жоспарын талдау..........................................................21
3.2 Кәсіпорынның қаржылық страрегиясын жетілдіру............................23

Қорытынды....................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................28


I-Бөлім. Кәсіпорынның қаржысы және оның түсінігі.

1.1. Кәсіпорын қаржылырын ұйымдастырудың негізгі принциптері

Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:
• Мемлекеттік қаржылыр деңгейінде елдің бірыңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
• Жергілікті қаржылар жергілікті бюджетке түсетін қаржылар.
• Кәсіпорын қаржылары еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:
• бөліп – тарату;
• бақылау.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
• қаржылық – шаруашылық қызметтегі дербестік;
• өзін - өзі қаржыландыру және басқару;
• жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
• қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
• қаржы резервтерін жасау;
• қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөлу ұстау;
• мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау;
• кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланысты:
• контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану жөнінде;
• кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады;
• өнімді тұтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнідері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жеткәзушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
• сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
• банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу – кассалық қызметтер көрсету;
• мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану;
• бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларды қаржы ресурстарын бөлуде тікелей және көлденең өзара байланыста болуы.
Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі – бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес элементтердің жиынтығы:
• қаржы әдістері;
• қаржы тетіктері;
• құқықтық қамтамаыз ету;
• нормативті қамтамасыз ету;
• ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдістері – бұл қаржы қатынастарының шаруашылыұқ процестеріне ықпалы яғни тигізетін әсері Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады:
1. қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі;
2. нарықтық қатынастар бойынша.
Сонымен қатар, қаржы әдістеріне мыналар жатады:
• шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып саралау;
• материалдық ынталандыру;
• ақша қаражаттарын тиімді пайдалану.
Нарықтық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен айналыс арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты. Бұл қаржы-шаруашылық қызметтерінің шығындары мен өндірістің түпкі нәтижелерін ақшалай нысанда бағалау дегенді білдіреді. Жалпы алғанда, өндіріске коммерциялық есепті енгізудегі ең басты мақсат – шығынды аз жұмсап, жақсы нәтижеге жету, яғни жоғары деңгейде пайда табу.
Қаржы тетігі - бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс-әрекеттерінде қолдана білу.
Құқықтық қамтамасыз етуге:
• заң актілерінің;
• қаулылардың;
• жарлықтардың;
• басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.
Нормативті қамтамасыз ету мыналар арқылы көрінді:
• инструкция;
• нормативтер;
• нормалар;
• тарифтік ставкалар;
• әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер және т.б.
Ақпараттық қамтамасыз етуге:
• экономикалық;
• коммерциялық;
• қаржылай;
• басқа да ақпараттар беру кіреді.
Қаржылық ақпараттарда:
• қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;
• әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттілігі, бағасы, курсы,дивидендтері;
• тауарлр мен қорларда және валюта нарығындағы проценттері;
• биржалық және биржадан тыс нарықағы істері жөнінде;
• шаруашылық субъектілерінің қаржылық және коммерциялық қызметтері жөнінде хабарлар болуы керек.
Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірден бір пайдалы септігін тигізеді.
Әртүрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніндегі хабарлар интеллектуалды меншіктің бір түрі болып табылады және кәсіпорынның жарғылық капиталында белгілі бір үлеске ие.
1.2. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары

Қаржы ресурстары – бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланылады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары - материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы ресурстарын кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы, кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдарымен болатын үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар - материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің несиелері;
басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға;
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға үлестік қатысуға;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады:жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты - шаруашылық – қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Кәсіпорындардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық несиелерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағала қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі. Кәсіпорындарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады;
Валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Кәсіпорындар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге- кәсіпорындарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай- күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру