Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

 Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

1.1 Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері
Мемлекет әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты (1-кесте). Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн.жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжанатын «ақылды адам» (хама сапиенс-homo sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңі деп аталды. Бұл кезеңде мемлекет әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырды.
Мемлекеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс-әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Еңбекті не іс-әрекеттің осындай сан-салаға таралуы қоғамдағы адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне, кәсіптің қалыптасуына, мамандықтың тууына, біліктіліктің, дағдының, әдеттің нәтижесінде еңбектің белгілі бір түрімен айналысатын адамдардың үлкен топтары қалыптаса бастады. Адамдар арасында әлеуметтік теңсіздік біртіндеп ұлғая түсіп, қоғам барынша күрделеніп, оны басқаруды қалыптастырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, қоғамық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай мен кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Жоғарыда айтылған әлеуметтік факторлармен қоса мемлекеттің пайда болуының демографиялық, психологиялық, геосаяси, жағрапиялық, этникалық т.б. сияқты факторлары бар.жер шарындағы елдердің табиғи-жағрапиялық, мәдени, діни, салт пен сана, дәстүрлерінің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттің қалыптасуы бірнеше жолдармен жүзеге асырылды. Осындай мемлекеттің қалыптасуының үш жолы қалыптасты: 1) шығыстық жол; 2) батыстық жол және 3) аралас жол.
Ежелгі Шығыста мемлекеттің пайда болуы қауымдастық мүшелерін, тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге арналған жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған қажеттіліктен туындады. Шығыс елдерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде ірі су каналдарын қазу, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу, дамбалар салу, суармалы егістікті жетілдіру сияқты ірі де күрделі ирригациялық жұмыстар жүргізу керек болды. Бұндай аса ауыр жұмысты іске асыру жекелеген отбасы немесе бір қауымдастықтың қолынан келмейтін еді. Міне осы күрделі істерді жүзеге асыру үшін арнаулы басқару аппараты қажет болды. Ол аппарат жетіле келе мемлекетке айналды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді салу;
- оны іске асыру үшін құралдаржы, жұмысшыларды жүйелі топтастыру, ұйымдастыру;
- атқарылатын жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Батыс елдерінде мемлекет алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің және таптардың қалыптасуы нәтижесінде пайда болды.
Мемлекеттің пайда болуының аралас жолы рулық, тайпалық құрылыстан ерте феодалдық мемлекетке бірден өткен елдерге тән. [1,4]
Мемлекеттің пайда болу жайындағы теориялар. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялардың ең ежелгілерінің бірі теологиялық (құдайтанушылық) теория. Теология дегеніміз құдайды, Алланы танитын ғылым, лім. Аталған теорияның негізін қалаушылардың бірі ортағасырлық Тертулиан, Аврелий Августин, Фома Аквинский сияқты құдайтанушыларды жатқызуға болады.
Теологиялық теория мемлекетті мақсаты мен мәні жер бетінде «құдай патшалығындағы сияқты» тәртіп пен үйлесімділік, жүйелілк, татулық, бірлік орнату болып табылатын құдайлық кәсіп танылды. Биліктің барлығы құдайдан тарайды. Құдай барлық жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның ішінде мемлекеттің де жаратушысы. Ал құдай жаратқан жаратылыстың сыры секілді мемлекеттің де мәнін түсіну мүмкін емес. Сондықтан құдай жаратқан дүниеге, мемлекетке және билікке шүбә келтірмей, күмәнданбай, оларға мойынсұнып қараған дұрыс. Теократиялық теория өзінен-өзі қялдың барысында пайда бола қойған жоқ. Оның қалыптасуының өзіндік алғышарттары бар. Адамзат тарихында пайда болған ең алғашқы мемлекеттер діни сипатта болып оны басқаруға діни қызметкерлер – абыздар тікелей араласқан. Мемлекеттің құдайлық негізі оның беделін нығайтып, шешіміне міндеттілік берді. Мысалы ежелгі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдарында патшаның билігін құдай жаратқан, патша билігі құдайдан деп көрсетілген. Жалпы, биліктің құдайдан таралғаны жайындағы пікірлер барлық діндерге тән.
Мемлекеттің пайда болу жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық теория деп аталады. Теория отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына , ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді. Сондықтан мемлекет үлкен отбасы сияқты. Мемлекет басшысы монархтың өзінің қол астындағы тұрғындарына қатынасын, отағасының отбасы мүшелерімен қатынасына ұқсас деп дәлелдейді. Патриархалдық теорияның негізін қалаушыларға Аристотельді, Конфуцийді және ХVІІІ ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Р.Фильмерді жатқызуға болады.
ХІІ-ХVІІІ ғасырларда мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін шарттар теориясы қалыптасты. Теорияның негізін қалаушылар Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж. Руссо, Д.Дидро болды. Аталған теорияның жақтаушылары пікірінше, мемлекет халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісім жасасудың нәтижесінде пайда болды.
Маркстік теория бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір-біріне қарама-қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды дейді. Маркстік теория негізін қалаған неміс ойшылдары К.Маркстің, Ф. Энгельстің, жұмысшы табы диктатурасының идеологтары В.И. Лениннің, И.В. Сталиннің есімдерімен байланысты.
Зорлық, күштеу теориясы бойынша мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің, зорлаудың нәтижесінде мемлекет қалыптасады. Бұнымен қоса мемлекеттің сыртқы жаулап алушылығының барысында, яғни күшті бір тайпалардың, ұйымның еіші бір тайпалық одақты немесе ұйымды өзіне күштеп бағындырудың барысында мемлекет пайда болды деген пікірде осы күштеу теориясының бір құрамдас бөлігі. Аталған теорияның көрнекті өкілдері Е. Дюринг, К. Каутский, Л. Гумплович. [5,9]

Алғашқы қоғамның ыдырауы, мемлекеттің пайда болу себептері:
- қосымша құнның пайда болуы;
- қоғамның тапқа бөлінуі;
- қанаушы тап өзінің үстемдігін жүргізу үшін мемлекет құрады.

Мемлекеттің қалыптасуы туралы идеялар:
- шарттық теория;
- органикалық теория;
- діни теория;
- ішкі, сыртқы үстемдік теория;
- материалистік теория.
Мемлекеттің алғашқы қоғамнан өзгешеліктері:
- халықты территорияға сәйкес біріктіреді;
- жеке қоғамды басқаратын аппарат құрады;
- мемлекеттік салық қалыптасады.

Азия типтік мемлекеттердің қалыптасуы, олардың өзгешеліктері
Рим, Греция мемлекеттерінің қалыптасуы, олардың ерекшеліктері

Феодалдық мемлекеттердің құрылуы, оның себепт
1-кесте Мемлекеттің қалыптасуы [2,235]
Мемлекет адамдардың қатынасқа, бір-бірімен араласуға деген қажеттіліктері, бірлікке, татулыққа, тыныштыққа ұмтылған, өзара жақындастыратын психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда болған деген пікір айтатын мемлекеттің пайда болуының психологиялық теориясы. Оның көрнекті өкілдерінің бірі орыс заңтанушысы Л.И. Петражицкий болды. [1,5]
Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Ғылымға мемлекет терминін алғаш рет итальяндық ойшыл Николло Макиавелли (1469-1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына «республика», «корольдік», «қалалық қауым», «патшалық», «ел», «басқару», «ат төбеліндей билік» сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген.
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының, атқаратын қызметінің мазмұны да сонда болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және жалпыәлеуметтік.
Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық негізін құрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады дейді. Өндірісті қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен атқаратын ролінен байқалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етуші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен марксизм мемлекет қоғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезеңде пайда болады деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет ол құл иеленушілердің үстемдігіне негізделген құл иеленуші мемлекет болды. Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға – құл иеленушілер мен құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз бір таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы.
Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына ортақ, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халықтың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық, кемшілік жасамйбірдей қорғау керек деген пікір айтады.
Солардың барлығын ескере келе, бүгінгі таңда мемлекет дегеніміз – егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын, заңдандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану құқы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түрпішіні деп айтуға болады.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік бірнеше белгілері бар. Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының болуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің егемендігі, құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық жүйенің болуы жатады. (2-кесте)
Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып, іске асырылады. Тек елшілік аясында немесе басқа да халықаралық келісім арқылы көрсетілген шеңберде болмаса, бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік (бұқаралық) биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болуы себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады. Тек мемлекет қана сот, прокуратура, ішкі істер бөлімдері, әскер, абақты сияқты органдар мен мекемелердің көмегімен мемлекеттік билікті іске асырады.
Халықаралық құқық теориясына сәйкес мемлекеттің ең негізгі белгілерінің бірі сол мемлекеттің аумағында тұратын халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған құқықтық нормативтік актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсізідігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің
Мемлекет белгілері
Мемлекеттің егемендігі
Құқықтқ жүйенің болуы
Билеуші органдардың болуы
Халықтың аулақ болуы
Басқару аппаратының болуы, басқарудан басқа істермен шұғылданбайтын адамдардың болуы
Арнаулы қаражат қорларын құру үшін салықтар жинау
Мемлекет тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, қоғамдық тәртіп сақтайтын органдардың бол
2-кесте. Мемлекет белгілері [2,236]
Функцияның түсінігі

Мемлекеттің қоғамның барлық саласында атқаратын жұмысының негізгі бағыттарын функция дейді.
Сыртқы функциялар, уақытша функциялар
Ішкі функциялар

Уақытша функциялар
Тұрақты
функциялар
экономикалық

әлеуметтік
қорғаныс

экономикалық

Қаржыны бақылау

саяси

Заңдылықты құқықты тәртіпті бақылау
Халықты тәрбиелеу
Мәдени

Бейбітшілік, халықаралық демократияны сақтау

Экологияны сақтау

ғылыми-техникалық
Халықаралық достастық
3-кесте. Мемлекеттің функциялары [2,237]
бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Кез келген мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір нормативті актілерді қабылдау арқылы іске асырады. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп епн тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілерінің тағы бірі сол мемлекетте салық пен салық жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар, төлемдер – мемлекеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып, оны мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. [3,8]
1.2. Мемлекет нысандары және оның жіктелімі
Мемлекет нысандары – саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысандарын және саяси режимді қосып алады.
Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, заңдылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізетіндігін көрсетеді.
Мемлекет нысанынан көп жағдайда қоғамдағы саяси өмірдің өзі, мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.
Құқық нысанына – оның құрылымы, әлеуметтік-экономикалық факторлар, сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тариха және діни ерекшеліктер, қоғамның мәдени деңгейінің дамуы әсер етеді.
Мемлекет нысандарының құрамдары (4-кесте):
- Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-қатынастары сипатталады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшеліктеріне байланысты монархиялық және республикалық болып .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру