Метрология | Қазақстан Республикасының өлшем бірліктері

 Метрология | Қазақстан Республикасының өлшем бірліктері

Мазмұны

1. Кіріспе:
2. Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
3. Өлшем құралдарын бекітілген түрге сәйкестігіне сынақтар өткізу тәртібі
4. Сынақ нәтижелерін тану және түрлерін бекіту
5. Техникалық реттеу саласындағы нормативті-құқықтық актілермен еңгізілген талаптардың сақталуына органдар мен сынақ зертханаларын мемлекеттік бақылау.
6. Техникалық реттеу саласындағы нормативті-құқықтық актілермен еңгізілген талаптардың сақталуына өнімдерді мемлекеттік бақылау.
7. Мемлекеттік бақылау.
8. Метрология,аккредиттеу, стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығы - МКС-С ОАЫ.
9. Қорытынды.
10. Қолданылған әдебиеттер.


Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес уәкілетті орган, яғни Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – техникалық реттеу және метрология комитеті) Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізуді ұйымдастырады.
Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімі – өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарға қатысушы объектілер мен құжаттарды тіркеу есебінің құжаты.
Тізілімді жүргізу Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен бекітілген, тізілімді жүргізудің құрылымына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімін жүргізу ережелеріне (бұдан әрі - Ереже) сәйекс жүзеге асырылады.
Тізілім объектілерін тіркеу олардың есебін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің ақпараттық деректерінің орталықтандырылған қорын құру және тізілім объектілері бойынша ақпаратпен жүйелік қызмет көрсету мақсатында жүзеге асырылады.


Өлшем құралдарын бекітілген түрге сәйкестігіне сынақтар өткізу тәртібі
«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жаппай өндіруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған өлшем бірліктері сыналауға жатады және кейіннен бұл өлшем бірліктері бекітіледі.
Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.
Түрді бекітуге арналған өтінімге өтініш беруші «ҚР МӨЖ Өлшем бірліктерінің түрлерін сынау және бекіту туралы тәртібі» 2.21 - 2001 ҚР СТ сәйкес мына құжаттарды қоса беруі тиіс:
сынақ бағдарламасының жобасы немесе өзгерістер жобасы немесе /және үлгілік бағдарламаға толықтырулар;
техникалық тапсырма (егер оны әзірлеу көзделген болса);
әзірлеуші ұйымның басшысы қол қойған және 1.3 ҚР СТ сәйкес келісілген, республикада өндірілетін өлшем бірліктері үшін техникалық шарттар;
пайдалануға беру құжаттары, ал жеткізілетін өлшем бірліктеріне қоса берілетін және өлшем бірліктерін монтаждау және (немесе) пайдалануға беруге дайындау жөніндегі нұсқаулықты қамтитын өлшем бірліктері үшін пайдалануға беру, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі басшылық;
пайдалануға беру құжаттамасында салыстырып, тексеру құралы мен әдісін регламенттейтін бөлім жоқ болған кезде салыстырып, тексеру жөніндегі нормативтік құжаттың жобасы;
жалпы 13х18 немесе 18х24 түрдегі екі дана фотографиясы бар түрді сипаттау жобасы;
түрді сипаттауды ашық басылымдарда жариялауға рұқсат етушілік туралы өтініш берушінің хаты;
сенімділікке сынақтар жүргізу бағдарламасы мен әдістемесі (техникалық шарттарда олар жоқ болған жағдайда) және/немесе өлшем бірліктері сенімділігінің нормативтік көрсеткіштерін растайтын сынақ жүргізу материалдары;
республикада шығарылатын өлшем бірліктерінің тәжірибелік үлгілерін, партияны жаппай өндіру кезінде алдын ала сынақ хаттамалары;
өлшем бірліктерінің оларды Қазақстан Республикасында пайдалану процесінде салыстырып тексерудің әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз етілушігі туралы мәлімет, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәлімет;
салыстырып, тексеру аралығында ұсынылатын негізділікті растайтын құжаттар.
Шетелдік өндірушінің барлық құжаттары мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасымен ұсынылады.
Сынақ нәтижелері өлшем құралдарының түрлерін бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
Өлшем құралдарының түрлерін бекіту туралы оң шешім қабылданған жағдайда түрді бекіту туралы сертификат ресімделеді, өлшем құралдарының түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тіркеледі, түрді салыстырып, тексеру әдісі мен сипаттамасы келісіледі.
Бекітілген түрдің сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бойынша түрді бекіту туралы сертификаттың қолдану мерзімі ұзартылады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тиісті өзгерістер енгізіледі.
Бекітілген түрдің сәйкестігіне сынақ нәтижелері бойынша модификациялау кезінде уәкілетті мемлекеттік орган өлшем бірліктерінің жаңа түрін бекіту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Егер мұндай шешім қабылдау үшін жүргізілетін сынақтардың көлемі жеткіліксіз болса, түрді бекіту мақсаттары үшін қосымша сынақтар жүргізу туралы шешім қабылданады. Егер модификациялау кезінде жаңа түрді бекіту керек болмаған, кезде қажеттілігіне қарай түрді сипаттауға және салыстырып, тексеру әдістемесіне тиісті өзгерістер енгізіледі.

Сынақ нәтижелерін тану және түрлерін бекіту
Уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық келісімдер (шарттар) (бұдан әрі - келісім) негізінде шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін тану және өлшем құралдарының түрін бекітуді жүзеге асырады.
Сынақ нәтижелерін тану және өлшем бірліктерінің түрін бекіту «Сынақ нәтижелерін өзара танудың, өлшем құралдарының түрлерін, салыстырып, тексеруді және метрологиялық аттестаттауды бекіту» 06-2001 ПГМ-де белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сынақ нәтижелерін тану және түрін бекітуге арналған өтінімге өтініш беруші 06-2001 ПГМ-ге сәйкес мына құжаттарды қоса беруі тиіс:
дайындаушы зауыт растаған өлшем бірліктерін бекіту туралы сертификаттың көшірмесі;
түрді сипаттаудың көшірмесі;
пайдалануға беру құжаттамасы;
салыстырып, тексеру әдістемесі;
өндірістен шығару кезінде өлшем бірліктерін салыстырып тексеру туралы куәлік нысаны және (немесе) салыстырып, тексеру клеймосы бедерінің нысаны.
Ішінара даналарды сынау нәтижелері танылған жағдайда пайдалануға беру құжаты, сынақтардың бағдарламасы мен хаттамасы (метрологиялық аттестаттау) ұсынылуы мүмкін.
Түрді бекітуді тану туралы сертификатының қолдану мерзімі ұзартылған жағдайда өтініш беруші:
Ұсынылған құжаттар жиынтығы сараптамаға жіберіледі. Сараптаманы «ҚазМетрИн» РМК мемлекеттік ғылыми метрология орталығы шарттық негізде жүзеге асырады.
Танылған өлшем құралдарына, сынақ нәтижелері мен түрлерді бекітуге «Өлшем бірліктеріне сынақтарды жүргізудің және түрін бекітудің тәртібі» 2.21-2001 ҚР СТ мемлекеттік стандартына сәйкес түрді бекітуді тану туралы сертификат беріледі және Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 18 қарашада бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімін жүргізудің ережелеріне сәйкес. Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркеледі.
Оның негізгі техникалық және метрологиялық сипаттамаларына әсер ететін өлшем бірліктерінің құрамасын өзгерту өлшем бірліктерінің жаңа түрін әзірлеумен теңестіріледі, ал бұл өлшем құралдарын бекітілген түрге сәйкестікке арналған сынау нәтижелерін мойындау 06-2001 ПМГ-ге сәйкес қайта бекітілген түрге қойылатын талаптарға сай жүргізіледі.
Техникалық реттеу саласындағы нормативті-құқықтық актілермен еңгізілген талаптардың сақталуына органдар мен сынақ зертханаларын мемлекеттік бақылау.
Мембақылау сәйкестігін куәландыру жөніндегі органдар (СКО) мен сынақ зертханаларының (СЗ) (орталықтарының) қызметі үшін, олардың қызметінің акредиттелген талаптарға сәйкестігін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.
Тексеру нәтижелері бойынша тексеру актісі ресімделеді, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын (әкімшілік айыппұлдар салу, тіркелу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру) қолдану туралы нұсқаулар мен қаулылар беру үшін негіз болады.
Техникалық реттеу саласындағы заңнаманы елеулі бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынады.
Тексерілетін субьект мембақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, яғни уәкілетті орган – Комитетке жүгіну қажет.
Қажет болған жағдайда, сондай-ақ арнайы сұрау салу бойынша тексеру актілерінен мәліметтер үзінділер немесе жинақталған материалдар түрінде осындай ақпаратқа мүдделі тұлғаларға заңнамамен белгіленген тәртіпте жіберіледі.
Тіркелген сәйкестікті куәландыру жөніндегі органдар мен сынақ зертханалары қызметін тексеру актілері тексеру нәтижелеріне қарамастан Комитетке ұсынылады. Тексеру нәтижелерінің негізінде Комитет СКО және СЗ тіркеу жөніндегі комиссияда, Метрология жөніндегі комиссияда тіркелу аттестатының қызметін кемінде 6 ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға заңды құқығы бар.
Сонымен қатар, ҚР Мемхатшысы О.Ә.Әбдікәрімов 2005 жылғы 17 қаңтарда бекіткен № 32-12.18 ҚР 2005 жылға арналған мемнышандары жөніндегі республикалық комиссияның жұмысжоспарына және Комитеттің Іс-шаралар жоспарына сәйкес лицензиаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасын.

Техникалық реттеу саласындағы нормативті-құқықтық актілермен еңгізілген талаптардың сақталуына өнімдерді мемлекеттік бақылау
Техникалық реттеу жүйесіндегі реформалау және оның жаңа моделіне көші процесінде техникалық реттеу саласындағы барлық нормативтік құқықтық актілер, нормативтік құжаттар сараптауға және оларды соңынан «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкестендіруге жатады.
Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген міндетті талаптардың сақталуына мембақылау жүргізу кезінде өнімдерге сырттай тексеру, оларды сәйкестендіру және сынақтан өткізу үшін үлгілерін (сынамаларын) алу жүргізіледі.
Үлгілерді сынау тексерілетін өнімдерді сынауға аккредиттелген кез келген зертханада жүргізіледі.
Мембақылау жүргізу процесінде жағымды сәт соңғы жылдары тауарлар үлгілерін сатып алу мен сынауға мемлекеттің бюджет қаражатын бөлуі болып табылады.
Егер бұрын тауарлар үлгілерін сатып алуға және олардың сынағын (талдаулар, өлшемдер) өткізуге шығындар тексерілетін обьектілердің шығындарына жатқызылатын болса, қазіргі уақытта аталған шығындар мемлекеттік бюджеттен өтеледі, мұның өзі жеке және заңды тұлғалардан жүктемені алып тастауға және тәуелсіз әрі тиімді мемлекеттік бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Сату сатысында өнімдердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмуі анықталған жағдайда мемлекеттік бақылау өмірлік өнімдердің барлық: өндірілу, сату, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату сатысында және процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетулер кезінде толық бағдарлама бойынша жүргізіледі.
«Сапа саласындағы конкурстар туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы қаулысын орындау барысында басқарудың қазіргі заманғы әдістерін насихаттау мен кеңінен енгізу және сапа саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктер принципіне негізделген сапаны жақсарту мақсатында Комитет 2001 жылдан бастап, жыл сайын Бүкіл дүниежүзілік сапа күніне қорытындысын шығара отырып, «Қазақстанның озық тауарлары» республикалық конкурс-көрмесін және «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» ҚР Үкіметінің сыйлығын алуға конкурс өткізеді.
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттаған, ҚР Үкіметінің сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығын алуға ұмтылған конкурс лауреатына – кәсіпорынға «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Кодексінің 140-9-бабының 2-тармағына сәйкес корпоративтік табыс салығын 50%-ке төмендету түріндегі жеңілдіктер көзделген.
«Казақстанның озық тауарлары» конкурсы бойынша, техникалық реттеу, нормативтік-құқықтық база мәселелері бойынша ақпарат Мемстандарттың Веб-сайтында орналастырылған.

Мемлекеттік бақылау
Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының аумағында, шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларда жүзеге асырылады.
Мембақылау жөніндегі өкілетті орган ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология (бұдан әрі – Комитет) және оның 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері болып табылады.
Мембақылаудың мақсаты азаматтардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін өнімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекет мүдделері мен тұтынушылар құқықтарын қорғау болып табылады.
Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың сақталуына мембақылау объектілері өнімдер, процестер, сәйкестікті куәландыру жөніндегі органдар, зертханалар болып табылады.
Өлшем бірліктерінің түрін бекіту тәртібі
«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жаппай өндіруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған өлшем бірліктері сыналауға жатады және кейіннен бұл өлшем бірліктері бекітіледі.
Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.
Түрді бекітуге арналған өтінімге өтініш беруші «ҚР МӨЖ. Өлшем бірліктерінің түрлерін сынау және бекіту тәртібі» 2.21-2001 ҚР СТ сәйкес мына құжаттарды қоса беруі тиіс:
Сынақ бағдарламасының жобасы немесе өзгерістер жобасы немесе /және үлгілік бағдарламаға толықтырулар;
техникалық тапсырма (егер оны әзірлеу көзделген болса);
әзірлеуші ұйымның басшысы қол қойған және 1.3 ҚР СТ сәйкес келісілген, республикада өндірілетін өлшем бірліктері үшін техникалық шарттар;
пайдалануға беру құжаттары, ал жеткізілетін өлшем бірліктеріне қоса берілетін және өлшем бірліктерін монтаждау және (немесе) пайдалануға беруге дайындау жөніндегі нұсқаулықты қамтитын өлшем бірліктері үшін пайдалануға беру, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі басшылық;
пайдалануға беру құжаттамасында салыстырып, тексеру құралы мен әдісін регламенттейтін бөлім жоқ болған кезде салыстырып, тексеру жөніндегі .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру