Салық кодексі | Мүлік салығының ұғымы
Мазмұны
КІРІСПЕ
І. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні:
1.1 Салықтың экономикалық мазмұны және шығу тегі............................3
1.2 Салық саясаты және оны жүзеге асыру механизмі..............................5
1.3 Салық қызметінің құрылымы мен атқаратын қызметі........................7
1.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесі..........................................9
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. Мүлік салығының ұғымы мен мазмұны:
2.1Мүлік салығының міндеттері, қызметі және мақсаты........................12
2.2 Мүлік салығын төлеудің тәртібі мен мерзімі.....................................15
2.3 Мүлік салығының жеңілдіктері...........................................................17
2.4 Мүлік салығының ставкалары.............................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.1 Салықтың экономикалық мазмұны мен шығу тегі
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіліген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді қараушы жүйе екендігін байқауға болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70% құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда – бұл салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады.
Салықтың материалдық белгісі – салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда – салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, мерзімде тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.
Құқықтық тұрғыдан қарағанда – бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы – мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
• Материалдық категория жағынан – белгелі бер ақша сомасы;
• Экономикалық категория ретінде – мемлекеттің табысы;
• Заңдық категория жағынан – заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады;
Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
• Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдақ жиынтық өнімді бөледі;
• Салық – ақшалай нысанда төленеді;
• Салық – қайтарымсыз төлем болып табылады;
• Салық – баламасыз сипатта болады;
• Салық – сұрақты экономикалық қатынас туғызады;
• Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
1.2 Салық саясаты және оны жүзеге асыру механизмі
Қазіргі заманғы қоғамның дамуының айрықша ерекшелігі, оған мемлекеттің кең ауқымды ықпал етуімен сабақтасады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы құралдары кешені ішіндегі экономикалық процестерді басқарудың бірден бер тетігіне салық саясатын жатқызуға болады.
Салық саясаты – мемлекеттің салық салу саясатында мақсатты түрде белгілі бір экономикалық-құқықтық және ұйымдастырушының бақылау шараларын жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыру үшін салық механизмінің барлық жиынтық элементтерін іске қосу керек.
Салық механизмі – қаржы механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады және ол салық саясатын ұтымды жүзеге асыру үшін қолданылады. Ол өзінің мағынасына байланысты салықтық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін білдіреді. Осылардың көмегімен ауқымды жүйеде бөлу және қайта бөлу қатынастарын қамтиды, оның функцияларын орындау үшін мемлекеттің орталықтандырылған қорын құру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын, шаруашылық субъектілерін қорландыру мен жандандыру болып табылады. Орыс тілінде түсіндірме сөздігінде «механизм» – машина, құрылғы, ақпаратты іске қосып тұрған ішкі құрылым деп түсіндіріледі.
Осы анықтаманы өзгерте отырып салық механизмінің буындар жүйесінің салықтық қатынастарын мемлекеттің салық саясатын іске қосуын айтуға болады.
Салық саясатының құрамына мемлекетте жинақталатын, қалыптасқан салықтардың түрлері, заңнамалық және нормативтік актлерді қабылдауды жүзеге асыру, салық төлеушілер және салық элементтері жатады. Салықтарды қабылдау ретімен төлеу мерзімдері, салықтық құқық бұзушылыққа жауаптылық, бюджет жүйесі буындары арасынадғы салықтардың бөлінуінің салық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Салық саясатын жүзеге асырудың тұрақтылығы мен нақтылығы салық механизмінің салықтық заңдар жүйесі немесе салық кодексі саяқты ерекше элементтерден тұрады. Осы қатынастар мемлекеттің салықтық құқық қатынастарының халықпен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен негізделеді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар салықтарды басқару және біртұтас салық механизмін орындау кезінде айқындалған құқығы мен құзіреті шегінде қызмет атқарады.
Салық механизмінің көмегімен мемлекет оның элементтерін біртұтастыра отырып, екі қарама-қарсы түсінік бастауларын біріктіреді. Олар: бір жағынан мемлекет басқаратынорталықтандырылған экономика болса, екінші жағынан нарықтық және өркениеттік қатынастар болып табылады.
Салық механизмі мемлекет қолындағы ең күшті құрал. Осы құралы арқылы орталақтандырылған экономикалық саясатты еркін бәсекелестік және кәсіпкерлік жағдайында қоғамның экономикалық дамуының нақты алға қойған мақсатына сәйкес, экономикалық және қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық бағдарламаларын ұсынады.
Салық механизмінің функцияларының басты мақсаты болып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының игеріміне қатаң түрде қарау және осының негізінде ЖІӨ-ң, ұлттық табыстың бір қалыпты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі құрылымының және территориялық қағидасына сәйкес салық механизмін республикалық және жергілікті салықтарға бөлуге болады.
1.3 Салық қызметінің құрылымы мен атқаратын қызметі
Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызмет атқарады:
1. фисклдық (қазыналық)
2. бақылаушылық (реттеушілік)
3. қайта бөлу
Салықтың ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі – бұл фискалдық.
Мемлекет өз қазынасын толықтару мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтың фискалдық қызметі – түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың фискалдық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің бюджетсаясаты жүзеге асырылады.
Салықтың келесі қызметтерінің бірі – бақылау.
Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне бақылау жасау керек. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екендігі сөзсіз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады.
Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.
Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі – қайта бөлу.
Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салалардағы мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытында жұмсалуына қадағалау жасайды.
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетке ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Салық қызметінің міндеті – бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.
Салық – бірінші кезекте, бюджетсаясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келді және қайдан кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Мұның мақсаты – мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.
Салықтың қосымшы функциялары да бар. Олар: ынталандырушы, ынталандырмайтын, тұрақтандырушы және шектеу қызметтері.
Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашалық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.
Салықтың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің қандайда бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Салықтың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңарту, халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.
Салықтың шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздақ салық ставкалары арқылы жүзеге асырылуда.
1.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салық ұғымы мен салық жүйесі тығыз байланысты. Мемлекеттен алынатын салық түрлерінің оны құру мен алудың нысандары мен әдістері, салық службасы органдарының жиынтығы, әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасында тұңғыш рет салық жүйесі 1991 жылы 25 желтоқсанда енгізілді. Ол Қазақстан Ресубликасының салық жүйесі туралы заңға сәйкес негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаларын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсетін тәртібін белгілеген алғашқы құжат. Қазақстанда 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар белгіленді.
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Мүлік салығының ұғымы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар салық кодексі жобалар курстық жұмыстар