Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ
Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................4
I. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Зейнетақының әлеуметтік-экономикалық мәні, мақсаты, принциптері және заңнамалық негіздері................................................................. .............6
1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесін реформалау қажеттілігі, оның қалыптасуы және дамуы.........................................................................9
1.3 Экономикалық дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесі және оның отандық зейнетақы жүйесінде қолданылуы........................................14
1.4 Зейнетақы қорлары қаражаттарын басқару және инвестициялау тәжірибелері......................................................................................................30
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау..........................39
2.2 Зейнетақы қорларының қаржылық қызметтерін талдау............................45
2.3 Зейнетақы қорларының қызмет тиімділігінің көрсеткіштері.....................54
I. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Зейнетақының әлеуметтік-экономикалық мәні, мақсаты,
принциптері және заңнамалық негіздері
Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің халықаралық және ұлттық нормалар негізінде адамның әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндетерінің бірі, яғни тұрмыс деңгейіне қатысты құқықтарды қамтамасыз ету. Демократиялық қоғамның заңнамасында азаматтардың жұмыспен қамтылу және еңбек үшін сыйақы алуы, жасының ұлғаюына байланысты демалысқа шығуы, денсаулығын сақтау, асыраушысынан айрылғанда әлеуметтік қамсыздандырылу құқықтары берілген.
Жалпы әлеуметтік қамсыздандыру- әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттіліктерін қанағаттындыруға және тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған тармағы.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы мемлекеттің ең маңызды іс-шараларының негізгі бағыты – зейнетақы жүйесін ұйымдастыруы және оның тиімді механизмдерін жүзеге асыру болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру бірнеше бөлімдерге бөлінеді, олар: әлеуметтік сақтандыру, меншікті әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек (әлеуметтік қолдау, жәрдем). Әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек), заттай түсімдер, тегін жеңілдікті қызметтер көрсету, тағы басқа да секілді мөлшерлері болады./34/
Зейнетақы – орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары, әскери қызметшілері мен Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы – экономикалық белсенді емес халықтың бір бөлігіне: азаматтардың қартайғанда қарттық ғұмырын қамсыздандыруға, еңбек ету қабілетінен толық немесе жартылай айырылу жағдайында, асыраушысынан айырылу жағдайында және еңбек қызметінің белгілі бір саласында белгіленген жұмыс өтілі жеткілікті болған жағдайда материалдық жағынан қамсыздандыру үшін төленетін кепілдікті тұрақты (әдетте, ай сайынғы) ақшалай төлем.
Зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсалатын ресурстардың мөлшері екі тобымен ажыратылады, олар:
● демографиялық факторлар тобы (адам ғұмырының орташа ұзақтығы және сонымен байланысты адамдардың қартаю процесі);
● экономикалық факторлар тобы (зейнетақымен қамсыздандыру мен жалақының арақатынасы, олардың ең төменгі деңгейі, еңбектің ерекше жағдайы үшін қосымша төлем, т.б.).
Зейнетақы мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Еңбек зейнетақысы – жасына. Мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылу жағдайында, және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы.
2. Еңбек зейнетақысын алуға құқығы жоқ еңбек етуге қабіблетсіз азаматтардың бәріне төленетін әлеуметтік зейнетақы.
3. Халықтың аз қамтылған бөлігін қолдау мақсатында, әлеуметтік саясат ұстанымдарын көздейтін мақсатта, т.б. мақсаттарда негізгі зейнетақылық төлемдерге (мемлекеттің, кәсіпорынның) үстеме ретінде төленетін басқа да қосымша зейнетақы төлемдері (әдетте зейнетақының бұл түрі алғашқы екеуіне қосымша үстеме ретінде төленетін төлемдер, бұл түрдің өзіндік ерекшеліктері болғандықтан жеке қарастырылады).
Зейнетақы – жасы ұлғайған халықтың үлкен бөлігінің табысының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Халықтың ақшалай табыстарының дәрежесі халықтың өмір сүру деңгейінің маңызды әлеуметтік индикаторы саналады.
Қазақстан халқының ақшалай табыстарының дифференциясы мен формаланған құрылымы бейнеленген (сызба1).
Ақшалай кірістердің негізгі көзі ретінде еңбек табысы көбірек орын алады, ол жалпы табыстар көлемінің 66%-ын құрайды; жәрдемақының салыстырмалы салмағы 4,5%-ды құраса, мекендік әлеуметтік және тұрғындық көмектер -1,2%, стипендиялар – 0,1%-ды құраған./5/
Осы тұрғысынан алғанда, көрсетілген мәлімет халықтың ақшалай табыстарының жалпы құрылымындағы 16,7%-ын зейнетақы құрайтынын айғақтайды. сызба 1
1-сызба Қазақстан халқының ақшалай
табыстарының дифференциясы мен формаланған құрылымы
Қазақстан Республикасы 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап ТМД елдерінің ішіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Осы жүйеге көшкеннен бері әрбір жеке тұлға еңбек ақысының 10% жинақтаушы зейнетақы қорына салым ретінде аударып келеді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры – ақшалай жинақтарды салым түрінде тартатын, салымшылардың ұзақ мерзімді келісім-шарт негізінде төлеген жарнасын жинақтаушы қаржы институты.
1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген "Қазақстан Республика сында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мен «Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу комитеті» арқылы лицензияланып, зейнетақы салымдарын жинақтауға, зейнетақы міндеттемелерін есептеуге, өз қызметтері бойынша комиссиондық сыйақылар алуға, зейнетақы төлеуге, сонымен қатар заңдылықтарға сәйкес басқа да қызметтерін жүзеге асыруға құқылы болып табылады.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында 15 лицензияланған жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Осы 15 қордың біреуі мемлекеттік, ал 14 қор мемлекеттік емес, сондай-ақ, 2003 жылдың 15-ші қаңтарынан бастап, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 33-ші бабында көрсетілгендей жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративті болып бөлінді.
Зейнетақы (латын тілінің pension – төлем) бектілген заңдылық ретімен әлеуметтік қорғаудың және басқа да қайнар көздерінің белгілі категория тұлғаларына берілетін үздіксіз ақшалай төлем.
Зейнетақымен қамсыздандырудың негізі болып түрлі заңды фактілер табылады.
Біздің елде халықты әлеуметтік қорғау негізінен мемлекетпен жүзеге асырылатын болғандықтан, әр жұмыскер өзінің қарттық шағын қамтамасыз етуді жоспарламайтын.
Қабылданған заңға сәйкес жыл сайынғы зейнетақының алты айға өсуі қаралады; Қазақстанда ерлердің зейнеткерлік жасы 63 жасты, әйелдердің -58 жас, 60 және 50 жасқа сәйкес құрайды.
Қазақстанда бекітілген зейнеткерлік жас Еуропа және Америка елдерінен әлде қайда төмен. Мысалы: Германия, АҚШ, Англияи, Австрия, Польшадағы жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы 65 жасты, Норвегия мен Данияда 67 жасты құрайды.
Зейнеткерлік жасты анықтайтын факторлардың бірі орташа өмір сүру ұзақтығы болып табылады. Біздің елде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 60-64 жас, ал әйелдердің 70-73 жасты құрайды. Қазақстан Республикасындағы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші шетел мемлекеттеріне қарағанда айтарлықтай төмен. Зейнеткерлер саны және олардың қамтамасыздандыруға мемлекет шығындарының көлемі барған сайын өсуде. 1995 жылы елімізде халықтың 17% зейнетақы алатын еді, ал 1997 жылдың 1-қаңтарында Республика бойынша зейнеткерлер саны 2771 мың адамды, яғни жалпы халық санының 17,3% және зейнетақының орташа мөлшері 3283 теңгені құрайды. Зейнетақымен қамсыздандыруға шығын 1991 жылы – 9,5 млн. теңге, 1992 жылы-78 млн. теңге, 1993 жылы – 1,3 млрд. теңге, 1994 жылы - 20 млрд. теңге болды. /11-28/
Айта кететін болсақ, дағдарыс зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін шетте қалдырмады. Ол бірнеше бағытта қамтылды. Зейнетақы қорының шектілігі және оған мемлекеттік бюджеттен құралдардың түсуі және зейнетақылық сақтандыру салымдарының нашар жиналуы салдарынан зейнеткерлерге зейнетақыны төлемеуіне әкеліп соқтырды.
1997жылдың 1-ші тоқсанында көптеген облыстармен зейнетақы қорына сақтандыру салымдарынан түсім жоспары орындалмады. Зейнетақы қорына сақтандыру салымшыларының қарызы 1997 жылдың 1-ші сәуірінде -57,5 млрд. теңге, зейнетақы төлеудегі қарыз -33,2 млрд. теңге болды.
Зейнетақының үш негізгі категориясы бар: жұмыс орны бойынша зейнетақы, әскери қызметкерлер зейнетақысы және әлеуметтік зейнетақылар. Өз кезегінде жұмыс орны бойынша зейнетақы жасына, еңбек стажына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты бөлінеді. Әлеуметтік зейнетақы зейнеткерлік жасы бойынша еңбек қызметі мен мүгедектігіне байланыссыз төленеді. Ол зейнетақы түрі жасы бойынша толық зейнетақы алмайтын тұлғаларға төленеді. Бұл жастайынан мүгедектер, асыраушысынан айырылу жағдайындағы балалар, толық еңбек стажы жоқ жасына байланысты мүгедектер және т.б.
Жинақтаушы зейнетақы қорының бизнес –жоспары лицензия алу үшін қажетті құжаттардың бірі. Бизнес –жоспар көмегімен Қор комитетіне өзінің өмірге қабілеттілігін дәлелдеуі, қарды және әлеуметтік жүйеге келтірілген іскерлігіне сенім беру, олардың тұрақтылығы мен қордың зейнетақы жинағына салымдарды қорғауды қамтамасыз етуі керек.
1.2. Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесін реформалау
қажеттілігі, оның қалыптасуы және дамуы
Елімізді тұрақты дамытудың және қоғамдағы тұрақтылықтың міндетті шарты әлеуметтік қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы көптеген жағдайларын жетік меңгеру болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық ырықтандыру талаптары кезінде халықты әлеуметтік толқулардан мемлекеттік қорғау қажеттілігін тәжірибеден көріп жүрміз. Әсіресе қарт адамдарға қамқорлық жасау аса маңызды. Жастары келе қарт адамдарда көптеген проблемалар туындап, олардың әлсіреу деңгейі артады. Көп жағдайларда өздерінің еріктерінен тыс жағдайларға көндігіп, қалыптасуға мәжбүр болады. Сондықтан қарт адамдардың лайықты өмірін (қоғам өміріне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру) қамтамасыз ету және дамыту құқықтарын қамтамасыз ету еліміздің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. /4/
Біздің елімізге де келіп жеткен халықтардың қарқынды қартаюы кезінде еңбек ете алатын халықтың мойнына түсетін жүктемені азайту, жұмыс істейтіндердің де, зейнеткерлердің де өмір деңгейінің төмендеуін алдын-алатын мәселелерді шешуде үкіметтің қолдауы қажет.
Республикамызда зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесі орталықтандырылған жоспарлы экономикадан экономикалық күйзеліс жүйесіне ілескен нарықтық экономикаға өту өтпелі кезеңінде айқын көрініс тапты. Бюджеттік өткір дефицит зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік қаржыландыру үлесін төмендетті, зейнетақы мен жәрдемақы қарызының өсуіне алып келді. Осы жағдайларға байланысты үкімет бірыңғай дұрыс шешім тапты – ол нарықтық шарттарға тәуелсіз азаматтарды зейнеткерлікпен қамтамасыз етудің жаңа модулін құрды. Оның негізі ретінде чилилік зейнетақымен қамтамасыз ету үлгісі алынды. Ол жеке зейнетақы шотына белгіленген жарналарды төлеп, жеке ақша аударуларды капиталдық қорда жинақтап, кейіннен ол зейнетақы төлемдерінің көзі болуды көздейді.
Ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің басты міндеттерінің бірі – зейнетақыны тиімді жоғарылату. Өкімет экономикалық шарттардың қиындығына қарамастан, зейнеткерлердің өмір сүру деңгейінің қарқынды төмендеуіне қарсы 1992 жылдан бастап жүйелі түрде шаралар қарастырып келеді. 1995 жылға дейінгі кезеңде жалақы деңгейінің ауысуы есебімен зейнетақының жылдық қайта есеп айырысуы жүзеге асырылды. 1995 жылдан кезең бойынша индекстеу негізінде зейнетақы, сонымен қатар төменгі зейнетақының өсу деңгейі жоғарылады.
N 136-1 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамту туралы» ҚР-ның заңы, зейнеткерлік қызмет нарығындағы қатысушылардың қарым қатынасын, жинақ және ортақ зейнеткерлік жүйесін құрудың құқықтық аспектілерін реттеп отырады . Бұл N 675 – XII –ші 1991 жылдың 17 маусымындағы «Қазақ ССР-дегі азаматтарды зейнетақымен қамту туралы» Қазақ ССР заңының және 1996 жылғы 3 маусымдағы «Мемлекеттік емес зейнетақылық қор туралы » ҚР –ның заңының орнына келеді. Ескі заң (N 675- XII ) мемлекеттің тәуелсіздікті алып, еліміздің атының өзгеруіне бірнеше ай қалғанда қабылданған. Бірақ ескі заңдағы көп жағдайлар жаңа заңдылықта да орын алып отыр.
1991 жылдың 17 маусымындағы заңы зейнетақының ортақ жүйесінде қызмет еткен. Мұнда елдің біртіндеп қартаюымен жұмысссыздарға ағымды зейнетақы төлеуге жаппай ақшаның жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Осыған сәйкес 1997 жылғы 20 маусымдағы жаңа заң саяси, әлеуметтік және экономикалық маңызды сипатқа ие болды. Жаңа зейнеткерлік заңдылығының шығуының өзі үлкен тарихи оқиғаға айналды және бұл жаңа сапалы зейнетақылық жүйе мен зейнетақылық заңдылықтың базасының құрылуына бастама болды .
Зейнетақылық қамту туралы жаңа заң басынан –ақ өте тамаша болып келген жоқ, оның да кемшіліктері болды. Сегіз жыл ішінде ол келесі заңдарды қабылдау арқылы 3 рет өзгертілді: 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 328-I; 1999 жылғы 5 сәуірдегі N364 –I; 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N-369 –И;
Жаңа зейнетақылық жинақтау жүйесіне 1 жыл болмастан 1998 жылдың 22 желтоқсанда бірінші рет ірі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Екінші рет, басты зейнетақылық заңға 1999 жылы 5 сәуірде өзгертулер енгізілді. Редакциялық түзетулерден басқа, көрсетілген заңдылықтардың тарихи ролі негізгі зейнетақылық заңдылықта өзіндік заңды өңдеу арқылы жүргізіледі. Әсіресе зейнетақылық жинақ жүйесін құрудың 1-ші жылында жаңа зейнетақылық заңдылықтың кемшіліктері шыға бастады. Әртүрлі жағдайлардағы қарама – қайшылықтар жедел түрде белгілі – бір заңды түзетулерді енгізу жолымен шешуді қажет етті .
Бірінші түзетулерден кейін зейнетақылық қамту туралы жаңартылған заң 4 жылдай жұмыс істеді. Кейін 2002 жылдың ішінде қабылдау процедурасын өтіп жүрді және парламенттегі көпшіліктің дауысына ие болып, 2002 жылдың 29 желтоқсанында Президент қол қойды. Бірінші жөнделген 2 заң мемлекеттің жинақтаушы зейнетақы қорымен және мемлекеттің реттеуші органдарымен жүзеге асырылды . 2002 жылғы 29 желтоқсандағы зейнетақылық заңдылыққа соңғы өзгертулерді нарықтың мемлекеттік емес субьектілері енгізді, соның ішінде мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. Зейнетақы нарығындағы бұл процедуралар 1 жылдан астам уақытқа созылып кетті . Олар 2002 жылда дайын болған еді, және басында оны жылдың соңына дейін парламент арқылы өтіп, 2002 жылдың 1 қаңтарынан заңды түрде күшіне енуі жоспарланған еді. Жаңа өзгертулердің айналасында қарқынды талқылауларға қарамастан жаңа өзгертулер мен енгізулер өз тиімділігін жоғалтпады және зейнетақы нарығындағы қызмет талаптарына толық сәйкес келді. 2002 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілулерді есекере отырып, оның қарама қайшылықтарға қарамастан парламент ішінде мақұлданғанын айта кету керек. 2001 жылдың қарашасында үкімет парламентке зейнетақылық заңдылыққа өзгертулер туралы заңды жобаны ұсынды, мұндағы маңызды мәселелердің бірі ол резидент еместерге (шетелдіктерге) зейнетақы нарығына кіру мүмкіндігі. Бірақ мәжілісте оқылған кезде депутаттар бұл қосымшаны алып тастады . Бұған қарамастан үкімет сенатта бұл түзетулерді толық түрде талқылады.
Бұдан кейін келісілген комиссия құрылып, олар 1 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Сенаттың комиссия мүшелері үкіметтің енгізген түзетулерін алып тастауды қарастырды. Бірақ таңқаларлық жағдай, мәжілістегілер комиссияда сенаторларға үлкен сын айтып шықты. Яғни олар үкімет шешімін қолдап, зейнетақы нарығына шетел инвестициялары мен сапалы шетел менеджменттерін тартуды ұсынды. Осыдан кейін зейнетақы заңдылығына өзгертулер туралы заңды жоба қабылданып Президентке қол қоюға жіберілді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру кезеңіндегі толықтырулар мен өзгертулер туралы үш заңнан басқа зейнетақы заңдылығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды қабылдау арқылы тағы да 5 рет өзгертілді. Олар : 1999 жылғы 16 қарашадағы N-482-1 ; 2001 жылғы 16 шілде N 244-II ; 2001 жылғы 10 қазан N 247-II; 2002 жылғы 4 қаңтар N 278-Н ; 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 378-Н;
Көрсетілген өзгертулер концептуалды емес сипатқа ие болды, яғни тек локальді мағынада болды. Зейнетақылық заңдылыққа соңғы рет 2003 жылы өзгертулер енгізілді. Бұл зейнетақылық қамтудың 1 бөлімін ғана қозғады және әйелдер категориясын теңестірді. Яғни 5 немесе одан да көп бала туып, 8 жасқа дейін тәрбиелеп, 50 жастан зейнеткерлікке шығу үшін. Енді барлық қазақстандық әйелдер, қалада немесе ауылда тұруына қарамастан, берілген жағдай заңдылығының талаптарына жауап беретіндер зейнеткерлікке 50 жастан шығу құқығын пайдалана алмады, себебі бұл жағдай бұл категориядағы әйелдерге 4,5 жылға кешіктіріліп келді .
Тағы да бір 2001 жылғы 10 қазандағы жөндеу де ішкі әскердегі әскери қызметшілердің зейнетақылық қамту бөлігіндегілерді жалпы әскери қызметшілерден бөлді. Ал, 2001 жылғы 16 шілдедегі өзгертулер қылмыстық басқару жүйесіндегі қызметкерлерді Ішкі Істер Министрлігінің басшылығынан юстиция министрлігіне өту кезінде зейнетақымен қамтудын кейбір аспектілерін қарастырды .
N 369- II заңына енген 2002 жылғы 29 желтоқсандағы зейнетақы заңдылығындағы өзгерістерге тоқталайық. Бұлар техникалық сипатқа ие болды . Мұның құқықтық ауыртпашылығы болмады және зейнеткерлік қызмет нарығындағы қатынастардың өзгеруіне қайта құрылуына және .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ