Туризм | Қазақстандағы туристік фирмалардың жарнамалық қызметтері

 Туризм | Қазақстандағы туристік фирмалардың жарнамалық қызметтері

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының актуальдығы. Саяхаттық фирмаларда жарнама маркетигтік стратегияларды таратуда маңызды роль атқарады. Саяхатты жарнамасыз елестету мүмкін емес. Ол қоғамда мәдениетті және психологиялық жағдайға әсер етуді көрсетеді. Саяхат индустриясында жарнама болашаққа деген сенімділік пен тұрақтылықты, қызметкерлердің еңбек ақысын, қаржысынының өсуін көбейтеді.
Біздің көз алдымызда саяхаттың таралу үрдісі өтуде. Бұған біртіндеп Қазақстан да тартылуда. Саяхат біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Қазақстандағы саяхаттың өсуі біраз міндеттермен обьективті түрде байланысты: бұлар, біріншіден, ұлттық байлықтың өсуінің негізгі факторы және ұлттың өмір сүруінің жақсаруы, екіншіден, тұрғындардың жұмыссыз болмауын қамтамасыз ететін фактор, жұмыс күшін ұсынатын қабат, үшіншіден, халық тұтынуына қажет тауар өндірісі, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, байланыс, көлік сияқты экономика салаларының дамуының қуатты стимулы.
Мемлекет басқаруына байланысты саяхат Қазақстан үшін әлемдік сауда орталығына ашылған «терезе» болар еді. Саяхат қоғамның дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық сфера ретінде оны жақсылап ұйымдастырып және басқарса қоғамның дамуындағы экономикалық байланыстар, сауда механизмдері мен мақсаттары әлеуметтік бағытын өзінде жақсы сіңіре алады. Сонымен қатар саяхаттың әлеуметтік және саудалық аспектілері оның таралуына салыстырмалы түрде мақсаты мен қаражаты болып табылуы керек. Әлеуметтік бағытталған тұрғыда осы екі сатыны дұрыс пайдалана білу керек: адам көзқарасына қызмет ету және макроэкономикалық табыстар алу.
Қазіргі кезде Қазақстан туризмі талап етілетін халықаралық стандарттардан кейін қалуда. Қазақстан туризмінің сауда жүйесі тиімді жұмыс істемейді. Бұл келесі салдармен түсіндіріледі:
- әлеуметтік экономикалық және саяхаттық инфрақұрылымның әлсіздігі,
- шет елдік инвестициялар ағындарының көбеюіне жағдай жасалмауы,
- мамандардың жетіспеуі, мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесінің тиімсіздігі,
- туризм индустриясында мемлекеттің қазіргі бақталастықта туризмнің құқықтық, ұйымдастырушылық, инновациялық және экономикалық негіздерінің жетілмеуі.
Осы проблемалардың көптеген бөлімдері ғылыми-теориялықпен қатар тәжірибелік шешімдерді талап етеді. Көрсетілген салалар мемлекеттің туристік зерттелетін проблемалардың қиындықтары мен көптеген аспектілері ғылыми қайта қарауды талап етеді. Сонымен қатар қазіргі уақытта саяхат потенциал жүйелерін зерттеу және оның ҚР-нің сауда экономикасында шартты қалыптасып өркендеуіне өте маңызды есептердің бірі болып табылады.
Жұмыстың көкейтестілігі.
Қазақстанда жарнама туралы ғылымның тарихы тым алысқа кетпейді. Диплом жұмысында ең алдымен, жарнама дегеннің пайда болуы, функциялары, тарихы турасында және Қазақстан Республикасындағы туристік саяхат пен нарық экономикасындағы туристік жарнама жөнінде жазып шығуды жоспарладым. Ол үшін осы бітіру жұмысымның тақырыбы белгіленгеннен бері біршама әдебиеттер мен оқу құралдарын қарастырдым. Сол еңбектерде жарнаманың ең алғашқы пайда болуы, оның қалыптасуы мен даму кезеңдері, түрлері мен типтері т.б. өзін айқындайтын ерекшеліктері жан-жақты және толымды жазылған. Осы орайда айтыла кететін жағдай - әдебиеттердің көбі орыс тілді екендігі. Оның үстіне солардың өзі шетел басылымдарынан аударылған жұмыстар. Ендеше, Қазақстанда, жарнама туралы ғылыми зерттеу жұмыстары қазақ тілді зерттеушілердің тарапынан айтарлықтай дәрежеде қолға алынбағанын білдіреді. Сондықтан, оқылған әдебиеттерді және тыңдалған дәріс мәліметтерін саралай отырып, Қазақстандағы нарықтық экономика мен жарнама бір уақытта пайда болды деп тұжырым жасадым.
Еліміз егемендік алғаннан бастап, нарықтық қатынастарға жол ашылды. Әрине, алғашқы кезде сол қатынастардың өзі жүйелі түрде жүрмегенін айтпасқа тағы болмайды. Сұранысқа орай тауар өндіру саясаты қандай да бір елдің экономикасын дамытудың түп қазығы дейтін болсақ, біздің Қазақстанда сұранысты қанағаттандыру өндірістік жолмен емес, алып-сатарлық, сауда-саттық жұмыстары арқылы жүзеге асты. Сол себептен де, біз зерттегелі отырған жарнамалар, ең алдымен, саудагерлікке қызмет жасады. Жарнамалар сауда мекемелері мен базарларда ең алдымен пайда болды. Ал, олардан бұрын жарнама, егер осылай атауға болатын болса, шығарылған өнімнің хаттамаларында жазылатын-ды. Мысалы: «ұсақ түйірлі үнді байхы шайы», «рафинатталған қант» деген сияқты жазуларды жарнама деп айтпасақ та, сол жарнаманың негізі деуге болады. Демек, Қазақстанда жарнама осыдан он жылдан аса уақыт бұрын, белгілі бір мақсатпен, арнайы ұйымдастырылатын жұмыс ретінде пайда болды. Сонан соң ол осы бүгінге дейін уақыт аралығында өз жұмысын жан-жақты жетілдірген сала болып қалыптасты деуге болады.
Жұмыстың мақсаты – нарық экономикасындағы туристік жарнаманың әлеуметтік қызметін анықтап, оны жақсартудың нақтылы жолдарын көрсетіп, бірқатар ұсыныстар жасау. Бұл үшін бірсыпыра міндеттерді орындау қажет. Атап айтқанда:
- «жарнама» ұғымын түсіндіріп, жарнаманың жалпыға ортақ анықтамасын беру;
- нарық экономикасындағы туристік жарнаманың қызметін сипаттап, оның өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіру т.б.
Жұмыс негізгі екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда: жарнаманың пайда болуы, қалыптасуы және танымдық сипаттары деп аталады. Бұл тарауда жалпы жарнаманың әлемдік масштабтағы тарихы айтылады. Ұсынылған әдебиеттерді қарай келе мен жарнаманың тарихы үлкен екенін, бастауы әріде жатқанын оқып білдім. Осы білгенімді өз жұмысымда пайдалануды артық деп санамаймын. Себебі, Қазақстандағы жарнаманың пайда болуы кеше ғана болса да, ол өздігінен туындады дей алмаймыз. Оның бүгінгі болмысы, танымдық сипаттары яғни ықпалдылық ерекшеліктері дүниежүзілік тәжірибеден үйренудің нәтижесіндегі жетістік екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Осыдан барып бірінші тарауда жарнаманың анықтамасы, тарихы, қалыптасу кезеңдері, қысқаша болса да, айтылады.
Онан соң қазақстанық жарнаманың пайда болу себептерін нақты мысалдармен талдап айту мақсаты алға қойылады.
Жұмыстың екінші тарауында нарық туризміндегі жарнаманың ерекшеліктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы туризм саясаты, экономикалық қызметі және қазіргі жағдайы кең көлемде қамтылады.
Ал соңғы, қорытынды бөлімде диплом жұмысын жазу кезіндегі жаңалық ретінде, танымдық мәліметтер алып, соның нәтижесінде қандай тұжырымдарға келгенімді баяндаймын. Мысалы, жарнаманың даму кезеңдерін сегізге бөлдім. Осы сияқты орысша оқу құралдарында жазылған жарнаманың анықтамасын, түрлерін, классификациясын, мақсатын баяндаған қағидаларды аударып, бітіру жұмысына пайдаландым. Сөйтіп, бұл орада да өз түйгендерімді қорытындыладым.
Жарнама - өмірдің аса маңызды саласы. Сонымен қатар ол өмір саласының бәріне қатысты. Жарнама ақпарат береді, үйретеді, жарнамаға қарап адам қалай сөйлеуді үйренеді. Жарнама - сауда құралы. Жарнама - пайда көзі. Жарнама - қазақтың табиғи - тілдік ортасын кеңейтіп, нығайтатын, байытатын бұқаралық ақпарат арнасы. Олай болса жарнама тілі - арнайы зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе.
«Туристік кәсіпорындардың маркетингтік жарнама негіздері» деген тақырып бойынша диплом жұмысын жазып шыққанда, ең алдымен бүгінгі нарықтық қатынастар кезіндегі жарнаманың маңызы зор екені менің ойыма берік ұялады. Әсіресе, жарнаманың сонау ерте заманнан бері сауда - саттық жұмыстарымен бірге жасасып, күні бүгінге жеткені және оның әр кезеңде замана ерекшеліктеріне қарай түрленіп, өзгеріп, дамып келгені және ең қызығы сол жарнама озық техникалық құралдарды пайдаланылатынына назар аудартады.
I. Жарнаманың теориялық негіздері «Мади Тур» ЖШС маркетингтік қызметімен экономикалық құндылық анализі.
1.1 «Мади Тур» ЖШС жалпы сипаттамасы.
Қазіргі кезде Қазақстан нарығында бәсекелестік жағдайында лицензиясы бар 576 фирма жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасындағы туризмнің негізгі мақсаттары:
- республиканың туристік айналымын арттыру;
- табиғи және мәдени–тарихи қорларды сақтау және тиімді пайдалану;
- туристік қызметтегі қажеттіліктерді максимальды қанағаттандыру; барлық тұрғындар жіктері үшін туристік қорлардың мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- тұрғындарды жұмысқа ынталандыру;
- туризм саласында мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың бірлескен қимылының тиімділігін көтеру;
- кіші және орта шаруашылықты көтеру.
Яғни жаңа жұмыс орындарын беру және елдің бюджет бөлігін кіріспен толтыру жолдарымен Қазақстан экономикасын теңдестіруге қатысу және оның өлшемдерін, туристік қызметтердің тиімді бағыттарын кеңейту.
Туризмнің дамуының мақсаты мен мәні мемлекеттің осы салаға деген қатынасының деңгейіне байланысты. Туристік саланы басқару нақты мемлекеттің қатысынсыз дамуы мүмкін емес, сондықтан ҚР-сы үшін туризм экономикасының мақсаты мен мәнін анықтау кезінде елдің жалпы экономикасының дамуына әсер ететін сұрақтарды қарастыру керек, және де халықтың шаруашылық саласына өзара әсерін теңдестіре анықтау керек.
Туристік агенттік «Мади Тур» ЖШС 1998 жылдың желтоқсан айында пайда болды. Кеңсе мүшелерінің құрамына директор және есепші кіреді.
«Мади Тур» ЖШС-і – заңды тұлға және өзінің балансы, өзінің атауы мен мөрі, банкта алыс-беріс және ақшалық шоты, бұрыштық мөртаңбасы, фирмалық бланкысы, фирмалық маркасы және басқа да реквизиттері бар. Фирма шаруашылық шоты және өз шығынын өзі өтеу көзқарасы бойынша жұмыс істейді.
«Мади Тур» ЖШС-і келесі мақсаттарда құрылған:
- қатысушылардың меншігінен кірістерді шығарып алу;
- шаруашылық қызметті іске асыру;
-тұрғындардың қызметке деген қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру.
«Мади Тур» ЖШС қызметінің негізгі түрі болып туризм табылады. Фирма туристерді шет елге шығарумен айналысады. Бастапқы кезде фирма клиенттерді тек 3 елге шығаруды ұйымдастырған болатын: Германия , Туркия және Қытай. Қазіргі күнде «Мади Тур» ЖШС бұл елдерден басқа өзінің клиентеріне тағы да Тайланд, Франция, Малайзия, Испания, Кипр, Италия, Тунис, Чехия, Болгария және Израиль елдеріне шығаруды ұсынады.
Фирмамен ұсынылатын қызметтер түрлері екі бағытқа бөлінеді: негізгі «жанама), көмекші (Қосымша).
Фирманың негізгі қызметіне мыналар жатады:
- Туризм түрі мен туризм бағытын таңдау (демалу орны);
- Айналым күндерінің мөлшерін анықтау;
- Қонақ үй дәрежесін таңдау;
- Тамақтануды ұйымдастыру;
- Жеткізу құралын таңдау (туристтерді жеткізу құралы ретінде көбіне әуе көлігі пайдаланылады);
- Мәдени бағдарламаны ұйымдастыру;
- Шегерім жүйелерін есептеу арқылы айналым бағасын анықтап алу.
Негізгі қызмет бұл – туристік саяхатты өткізу және ұйымдастыру үшін қажет қызмет.
Қосымша қызметтерге:
- рұқсаттық көмек және ол жоқ болса шет ел төлқұжатын жасау;
- туристі қамсыздандыру жатады.
Турист және туристік фирма арасында міндетті түрде туристік қызметке байланысты келісім жасалады, оған келесі бөлімдер кіреді:
- келісім жақтары;
- келісім заттары;
- жолдама құны, төлемнің жағдайы және түрі;
- екі жақтың міндеттері және басқа жағдайлар;
- аннуляция және саяхат жағдайының өзгерісі;
- жарнамалау және пікір таластарды шешу тәртібі;
- келісімнің жарам жағдайы мен мерзімі;
Екі жақтың қолдары және туристік фирманың мөрімен бекітілген туристік қызметтің келісім шартының бір данасы өзінде, ал екіншісі туристке беріледі, осы жасалған келісім шарт негізінде туристке жолдама беріледі.
Жолдама ұйымдастырушының толық реквизитінен тұрады: лицензия номері, турист туралы мағлұмат, айналымның басталу және аяқталу уақыты, оның бағыты және басқа да қажетті берілгендер.
Туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚР аумағында Қазақстан Республикасымен кепілденеді. Қазақстан Республикасының турист – азаматтары өз аумағында қорғалады және қамқорлыққа алынады. Туристердің қауіпсіздігі түсінігіне – туристің жеке қауіпсіздігі, олардың заттарының жоғалмауы және саяхат кезінде қоршаған ортаға зақым келтірмеу және де туризмді заңсыз көшіп қону, елден тыс жұмысшы немесе басқа азаматтарды қанау мақсатындағы бағытты болдырмау жатады. Айналым операторлары және туристік агенттер туристерге саяхаттың негізгі мағлұматтарын толық берулері керек, және де саяхат жасау кезінде кездесуі мүмкін қауіптер туралы ескерту шараларын іске асырулары керек.
«Мади Тур» ЖШС басқарудың ұйымдастыру құрылымы
Еңбектің бөлінуі әрбір ұйымда кездеседі. «Мади Тур» ЖШС орта мөлшердегі компания болғандықтан, оған функционалды және дәстүрлі ұйымдастыру құрылымы сәйкес, яғни бұл компанияның жеке элементтерге бөліну үрдісі. Элементтердің әр қайсысы нақты есептер мен міндеттерден тұрады.
Фирманың ұйымдастыру құрылымы 3-ші суретте көрсетілген
3-сурет «Мади Тур» ЖШС-нің ұйымдастыру құрылымы.
Фирма басшысы – бас директор. Ол ЖШС қызметінің ағымды
басқарылуын іске асырады, фирманың барлық өндірістік–шаруашылық жұмыстарын басқарады, оның жұмысының нәтижесіне қызметкерлік жауапкершілік, халықаралық туристік ұйымдармен келісім–шарт жасау бойынша барлық әдістемелік жұмыстарды өткізеді.
Есепші мамандар жұмысымен, еңбек ақы есебімен және фирма қызметкерлерін қамсыздандыру, сонымен қатар фирманың жылды балансының есебін жүргізеді және барлық бухгалтерлік есепті атқарады.
Менеджер визалық көмек, шет ел төлқұжаттарын жасау, әуе билеттерін қамсыздандыру, мекен–жай ұйымдастыру, азық–түлік, мәдени бағдарлама және де клиенттерге туризм түрін, айналым бағытын, демалу орнын таңдауға көмектеседі, айналымның күн мөлшеріне, айналым бағасын және қонақ үй немесе мейманхана сатысын таңдаумен айналысады. Осылай, агенттіктің барлық қызметін 5 адам іске асырады. Фирма құрылымы өзінің шекті құрылымының күшімен анық толмайды және тұрақты емес. Сондықтан да бұнда икемді құрылым қолданылады, яғни бас директор клиенттермен, қызмет жетекшілерімен жұмыс істеуі, айналымдарға дайындық және олардың бақылау үрдісіне қатысуы керек. Менеджер технологиялық сұрақтарға, қызмет көрсетудің өндірістік – технологиялық бауын білуі және баға, жеңілдік және тариф бойынша жеңілдіктердің төмендеуін шеберліктерімен пайдалана білуі керек. Сонымен бірге, ойластырылмаған демалысқа байланысты немесе қандай да бір қызметкердің жоқ кезінде функциональды міндеттеменің бірі басқа жұмысшымен игерілуі керек. Бұл әрине үлкен кемшілік.
Шет елдік фирмалардың көзқарастары бойынша туристік бизнеспен айналысатын қызметкерлердің орташа мөлшері 15-20 адамнан тұруы керек, олардың санында:
- бас директор
- бас менеджер
- бас есепші
- маман және қызметкерлер бойынша директор
- безендіру менеджері
- маркетинг тобы (2-3 адам)
- әкімшілік-шаруашылық тобы (2-3 адам)
- айналымды ұйымдастыру бойынша топ (2-3 адам)
- айналымды жүргізу бойынша топ (2-3 адам)
Осыған байланысты мынадай қорытындыға келеміз, біздің Алматыда қаламызда қазіргі кезде туристік фирмалардың жұмысы жақсы дәрежеде емес.
Ұсынылатын айналымдар келесі критерийлер бойынша жіктеледі:
1. Елдер бойынша (және бағыттармен);
- Европа
- Азия
- Солтүстік Африка
- БАЭ
2. Саяхат мақсаты бойынша:
- бизнес-айналым;
- қызықтар мен демалу;
- жанұялық туризм;
- демалу түрі (қыстық, жаздық);
- білім алу;
- емделу.
Саяхаттың көрсетілген топтарының әртүрлі мақсаттық бағыттары бар және клиенттерге сәйкес сұрақтарды ұсынады (қызмет сапасына). Агенттікте болған жылдарында (екі жыл) менеджерлерге әртүрлі топтағы клиентер сұранымдарының келесі ерекшеліктері көрсетілген:
1) Бизнес–айналым тұтынушылары 2-3 күндік сапарлармен қатынасады; 2-3 жұлдызды екі түрлі тамақтандыратын мейманханаларды қалайды, мейманхана қаланың ортасында немесе тікелей жиын (семинар) болатын жерге жақын орналауы керек.
2) Саяхат және демалу үшін саяхат тұтынушылары шілде – тамыз немесе қысқы уақытта қысқы демалу түрлерімен айналысу үшін қатынасады. Сапар орташа 7-15 күнге созылады, елге байланысты 2-4 жұлдызды мейманханаларды қалайды. Бұл саяхат орташа және жоғары табысты адамдарға есептелген;
3) Жанұялық туризмді қалайтындар жазғы уақытта және қысқы демалыс мерзімінде саяхаттайды, бағасында белгілі-бір «рамка» болады.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру