Экономика | Қазақстандағы 1992,1995,2002 жылдардағы салық жүйесіндагі өзгерістер

 Экономика | Қазақстандағы 1992,1995,2002 жылдардағы салық жүйесіндагі өзгерістер

Мазмұны
Кіріспе
1.Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні ....... …3
1.1 Салық механизмін ұйымдастыру ..............................................………...10
2.Салықтың түрлері
2.1 Жанама салық................................................................................………..14
2.2 Корпорациялық табыс салығы....................................................……….18
2.3 Жеке табыс салығы.......................................................................………..19
3.Қазақстандағы 1992,1995,2002 жылдардағы салық жүйесіндагі өзгерістер.......…….20
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық саясаты...........................……..24
3.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары .............…….30
Қорытынды.............................................................................................32 бет
Пайдаланған әдебиеттер:

Кіріспе
Салықтар – кез келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзі. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай салық пен несие қаржы жағынан реттеуді ұштастырып нарықтық экономиканы басқарудың анағұрлым тиімді түрі болып табылады. Салықтардың мемлекет қазынасын толтыруға бағытталған қызмет құралы ретінде орны өз алдына, уақыт өткен сайын оның шаруашылық салаларына ықпал жасауға және өндіріс пен ғылыми- техникалық прогрессті дамытуға ынталандыруға икемді экономикалық реттеуші тұрғысындағы маңызы айқын аңғарылады.
Қазіргі жағдайда салықтардың маңызы мен рөлін мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шеңберінде ғана бағалауға болмайды. Макроэкономикалық реттеуде олардың маңызы барған сайын орта түсуде . Қазақстан тарихында тұңғыш рет Салық кодексі жасалғанда барлық маңызды сәттер барынша ескерілді. Салыққа қатысты заң актілеріне ортақ методалогиялық және тұжырымдамалық негіздері еліміздің аумағын да берегей салық тәртібін қолдануды және барлық салық қатынастарын реттеуді қамтамасыз етуде. Әлемдік тәжірбиеде қолданылып жүрген салық салу принциптеріне және республика экономикасының даму деңгейіне жете назар аударылды. Салықтардың саны қысқартылды, салықтың анағұрлым маңызды түрлеріне бірегей ставка белгіленді, бюджетпен есеп айырысу жеңілдетілді.
Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.
Салық салынатын нысандарды және нақты пайданы айқындауда халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүрген принциптерді пайдалануға жол ашу мақсатында өнімнің өзіндік құнына әсер ететін шығындардың жүйесі қайта қаралып, түпкі нәтижені көрсететін баланстық пайда ұғымы енгізілді. Жылдық жиынтық пайданы анықтаудың жолдары белгіленді. Нақты пайдаға ғана салық салынуы үшін салықтық есеп жүйесі қолданыла бастады.
Республика экономикасы шетелдік инвестицияны тарту барған сайын ұлғая түсуіне байланысты Салық кодексінің бір тарауы халықаралық салық салу мәселесін қарады.
Қазақстанның 2030 жылғы дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің енгізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сай сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушылар салынатын салықтардың тиімділігін арттыру.
1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төле-нетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен мін-деттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттілектері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ах-уалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді.
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кіріс-терін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып та-былады. Салықтарда мемлекеттіңэкономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні,олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салық-тарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ша бабында:заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1)пайда (алынған игіліктер) қағидаты.
2) «қайыр көрсерту» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын
А. Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1)салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2)салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықтауы керек (анықтылық қағидаты);
3)әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс(қолайлылық қағидаты);
4)салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ ет-ті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке «салықтар- оны төлей-тіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны»деп қорытын-ды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағи-даттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.
Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық са-лудың қағидаттары баянды етілген.Қазақстанның салық заңнамасында соны-мен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төле-удің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізде-леді
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін то-лық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетка төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуы тиіс.Салық салудың ақындығы салық төлешінің салықтық міндеттеме-лері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерешелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады.Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болды; бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін жар-налар мен аударымдаржатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнім-нің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан, табыстан (пайдадан), еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздер-ден есептелінеді.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларын толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұста-ған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцяларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категория-сының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фисклдық функция -барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Өйткені салықтар мемлекеттік бюд-жеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік –мәдени шар-аларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді.Бұл орада салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайданылады. Бұл реттеушілер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлемі ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімді салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 19,7% ,1998жылы -16,6%, 1999 жылы – 17,4% , 2000 жылы – 22,6%, 2001жылы -22,2% болды(салыстыру үшін Украинада -29%, Ресейде – 33,3%).
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақта-маған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мү-шелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі.
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемле-кетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991жылғы дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономи-каны басқарудың әміршіл- әкімшіл жүйесіне , бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті.Бюджеттің басты кіріс көз-дерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағыттал-ған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалып-тасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидатта-рын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жаплы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық рефо-рмасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте- бірте халықаралық салық салу қағидат-тарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты « Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24- інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар меғн алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтар-ында Президент жалықтарымен және толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, олардың төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, сал-ық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжеп-теуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағи-даттар бойынша жіктеледі:
салық салу объектілері бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
пайдалану тәртібі бойынша;
объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төлеген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын са-лықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сырқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспртқа және импортқа салынатын салық түрін-дегі кеден кірістері, ішкі рынокте салынатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызмет-тің тарифіне) қосылатындығында, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салық-ты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жал-пымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (ар-наулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әдет-егідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салық-тар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлармен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепкеалу және оларды бағалау тәсілдеріне қа-рай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық*, салық тө-леушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объекті-лерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге ас-ырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдік-терді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер ( арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспаған-да)салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейін жылдың 31-інші наурызына береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеуші-лер:
төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
тұлғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын са-тып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жо-ғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктерінде-гі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сылайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктел-ген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс ете-ді.
Салық төлеушілен салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мер-зіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзар-туға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне беріле-тін патент негізінде төленеді. Патент- арнаулы салық режімін қол-дану құқы-ғын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төлен-гендігін растай-тын құжат.
. Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық ;
2) есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қыз-мет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарарды өткізу және кіріс-ке алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.
Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған.Төлеушілер үшін оның кемшілігі – сал-ық төлемдері жеткізіліп тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру