Экономика | Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары
Мазмұны
Кіріспе
І бөлім. Инвестициялық пай қорының әлеуметтік-экономикалық негіздері.
1.1. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы, оларды құру және активтерін сенімгерлік басқару шарты.
1.2. Инвестициялық пай қорының пайы, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және оларды орналастыру.
1.3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу.
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары: жағдайы және қызмет ету ерекшеліктері.
2.1. Инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру.
2.2. Жабық инвестициялық пай қоры, оның пай ұстаушыларының жалпы жиналысы.
ІІІ бөлім. Инвестициялық пай қорының қызметін жетілдіру перспективалары және шетел тәжірибесі.
3.1. Инвестициялық пай қорының пайлары банк депозиттеріне балама ретінде.
3.2. Ресейдің инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Қорытынды
Кіріспе
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде.
Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын. Оған бірнеше фактор әсер еткен. Заңның жаңа басылымы барлық кемшіліктерді ескере отырып, инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту және қор нарығына ішкі инвесторларды тарту мақсатында қайта қарастырылған болатын.
Бүгінгі таңда кәсіби басқарушылары бар инвестициялық қорларды құру ішкі жинақ қаражаттарының жиі өсуі мен оларды экономиканың нақты секторына тиімді тарту қажеттілігі жағдайында аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар, доллардың ұлттық валютаға қатысты бағамының бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жағдайында, доллардың евроға қатысты бағамының тұрақсыздығы, банктегі салымдар бойынша проценттік ставкалардың төмендеуі жағдайында альтернативті қаржы құралы ретінде қор нарығында инвестициялық қорлардың пайда болуы өте уақтылы болды және ол бағалы қағаздар нарығының жалпы дамуын қосымша ынталандырушы фактор бола алады.
Инвестициялық қорлар туралы заң инвестициялық қорлардың 2 негізгі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік және пайлық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай қорлары заңның жаңа басылымымен алғаш енгізіліп отыр. Яғни бұған дейін пай қорлары болған жоқ.
Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қорлары акционерлік инвестициялық қорларға қарағанда, өз бетінше активтер портфелін басқара алмайды. Инвестициялық пай қорларының ақшаларын инвестициялауды тек басқарушы компания жүзеге асыра алады және сол басқарушы компания инвестициялық пай қорын құруды немесе олардың қызметін тоқтатуды жүзеге асырады. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады.
Инвестициялық пай қорына ақша қаражаттарын сала отырып, инвесторлар басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасасады да, сол сәттен бастап пай ұстаушы болып саналады. Пай – инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз. Пайды осы инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания береді. Ал пайларды иелену құқығының есебін пай ұстаушылардың реестріндегі шотта тіркеуші жүргізеді.
Пай ұстаушылардың табысы пай құнының өсуінен қалыптасады. Пайлардың құны уақыт өткен сайын өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Себебі нарықтық бағалы қағаздардың бағасы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан пай ұстаушылар пай құнының өзгеруіне байланысты шығындар тәуекеліне баруы мүмкін.
Қордың мүлкін басқарушы компания басқаратындықтан, оның қызметі қатаң бақыланып отырады. Басқарушы компания пай қорының инвестициялық портфелін жүзеге асыру үшін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде ғана инвестициялық пай қорларын сенімгерлік басқара алады. Басқарушы компания инвесторлардың қаражаттарын мақсатсыз пайдаланбас үшін, қаражаттарды басқару қызметі мен сақтау қызметі бір-бірінен ажыратылған. Яғни пай ұстаушылардың қаражаттары басқа ұйымда сақталады, ол кастодиан. Кастодиан пай ұстаушылардың қаражаттарын сақтап қана қоймай, олармен жасалатын операциялардың заңды болуын бақылап отырады. Яғни кастодиан инвестициялық қор активтерімен жасалатын мәмілелерді бақылап, талаптарға сай келмеген жағдайда, басқарушы компанияның тапсырысын тежейді де, тез арада уәкілетті органға хабар береді.
Инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының реестрін, яғни кім, қашан және қанша пай сатып алғанын немесе сатқанын тіркеуші жүргізіп отырады. Тіркеушінің, әрине, бағалы қағаздар ұстаушылардың реестрін жүргізуге лицензиясы болуы тиіс.
Сонымен инвестициялық пай қорларына қысқаша шолу осындай. Енді негізгі бөлімдерде инвестициялық пай қорларының заңнамалық негіздері, олардың банк депозиттерінен айырмашылығы және Ресейдің инвестициялық пай қорлары жайлы мәлімдедім.
I бөлім Инвестициялық пай қорларының әлеуметтік-экономикалық негіздері
1.1. Инвестициялық пай қорларының құқықтық жағдайы,оларды құру және активтерін сенімгерлік басқару шарты
Бүгінгі таңда бағалы қағаздар нарығы мемлекет экономикасының дамуына орай өзгеріп, жетіліп, дамып жатыр. Осыған байланысты 2004 жылдың шілде айында «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Осы заңның 3-ші тарауында инвестициялық пай қорларының қызмет ету жағдайлары қарастырылған. Яғни осы заңға сүйенетін болсақ, инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды. Егер инвестициялық пай қарының ережесінде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзімге құрылады.
Инвестициялық пай қоры активтеріне меншік құқығындағы үлес басқарушы компания шығыратын паймен куәландырылады. Инвестициялық пай қорының активтерін оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлесті заттай бөліп алуға жол берілмейді.
Инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшері пайлар шығырылымын тіркеу күні, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 50000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесі қабылдайды. Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесі, егер оның жарғысында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерін бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер де қабылдайды.
Басқарушы компания бір-бірінен инвестициялық декларациялары бойынша айырмашылығы болатын бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы. Басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.
Инвестициялық пай қорларын біріктіру немесе олардың нысанын өзгерту. Қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бір нысандағы инвестициялық пай қорларын біріктіруге жол беріледі. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ал ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берілмейді.
Инвестор инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына біріктіру және кейіннен оларды осы қордың ережесіне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына береді. Инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерінде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенімгерлік басқару шартын көрсетілген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген талаптармен бірге инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шартында:
шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртібі;
қордың активтерін басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейінгі, соның ішінде оның инвестициялық портфельді басқару лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе қайтарып алған жағдайларда міндеттерін орындау шарттары мен тәртібі;
тараптарды жауапкершілігі болуға тиіс.
1.2. Инвестициялық пай қорларының пайы, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және оларды орналастыру
Пайдың бағасы мен бір ұстаушыға тиесілі пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетілуі мүмкін. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенімгерлік басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады. Пай ұстаушы – инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға. Пай ұстаушының өз пайын иелігінен шығаруы сенімгерлік басқару шартының бұзылғанын білдіреді. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізуді тіркеуші жүзеге асырады. Қордың пай ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізу, пайларды нақтылы ұстауды есепке алу жүйелерінің, пайлармен жасалған мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері тіркеушінің ішкі құжаттарымен айқындалады. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерін сенімгерлік басқаруға байланысты туындаған міндеттемелер бойынша жауап бермейді және өздерінің пайларына тиесілі құн шегінде зияндардан тәуекелін, оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерінің рыноктық құнының өзгеруіне байланысты заңдар тәуекелін көтереді. Ашық инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының пайларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелеріне орналастыру мен айналымға жіберуге жол берілмейді.
Инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының құқықтары:
1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан өзіне тиесілі пайды Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен сатып алуды талап етуге құқылы;
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көзделген шарттармен және тәртіппен осы пай бойынша дивиденттерді мезгіл-мезгіл алып тұруға құқылы;
3. Инвестициялық пай қорының ережелеріне сәйкес басқарушы компанияның қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді уәкілетті орган басқарушы компания ұсынған мынандай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
1. Өтініш;
2. Басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімінің көшірмесі;
3. Басқарушы компаниясының жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші жалғыз акционері) бекіткен қор ережесі (2 дана);
4. Кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың көшірмесі;
5. Егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттары (2 дана) негізінде жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органнның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу процесінде уәкілетті орган:
инвестициялық пай қорының ережесін;
егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттарын келіседі.
Табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган басқарушы компанияға пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру және олар туралы мәліметтерді эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу арқылы пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган егер табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, инвестициялық пай қорының ережелерінде, оларға өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге табыс етілген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесіз мәліметтер болса және басқарушы компания қызметі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Инвестициялық пай қорының пайы – инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру. Инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен ғана төленуге тиіс. Қордың пайларына төленетін ақша оларды орналастыру кезінде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына аударылады. Бастапқы орналастыру кезеңінде инвестициялық пай қорының пайлары барлық инвесторлар үшін қор ережелерінде айқындалған бірыңғай нақтылы құн бойынша орналастырылады. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру үш айдан ұзаққа созылмайды және қор ережесінде көрсетілген мерзімде басталады.
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңі қор инвестициялық пай қоры активтерінің Заңда белгіленген ең төменгі мөлшеріне қол жеткізген кезде аяқталады. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейін қордың таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзартуға басқарушы компанияның өтініші негізінде уәкілетті органның рұқсатымен бір рет жол беріледі, бірақ ол үш айдан аспауға тиіс. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвесторлардың пайларын сатып алуға өтінімдері негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдерді басқарушы компания немесе оның өкілдері Заңда және осы қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен қабыдайды және орындайды. Өтінімнің болуы мен ақшаның түсуі пай ұстаушылар тізіліміндегі сатып алушының жеке шотына пайларды есепке алу шарты болып табылады. Пайларды есепке алу осы шарт орындалған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады. Пайларды орналастыру кезінде пайларды пай ұстаушылар тізіліміндегі сатып алушының жеке шотына есепке алу мәмілесін тіркеу басқарушы компанияның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Пайды кейіннен орналастыру бағасы, өтінім болған жағдайда, ақша түскен жұмыс күнінің соңындағы қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтінім ақша түскеннен кейін түскен жағдайда, пайды орналастыру бағасы өтінім түскен жұмыс күнінің аяғына қарай қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың ережелерінде көзделген болса, үстеме ақы қосылуы мүмкін.
Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудан бас тартуға:
1. Инвестициялық пай қорының ережесінде белгіленген өтінімдер беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;
2. Уәкілетті органның немесе басқарушы компанияның шешімі бойынша инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру тоқтатыла тұрған;
3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайларда ғана жол беріледі.
1.3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерінің құрамында бар немесе оларды өткізуден алынған ақша, сондай-ақ Заңмен белгіленген талаптарды сақтай отырып қарызға алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын бастапқы орналастыру мерзімі ішінде пайларды сатып алуға жол берілмейді. Ашық немесе аралық пай қорларының пайларын сатып алу туралы талаптар пайларды сатып алуға өтінімдер нысанында беріледі.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдерді басқарушы компания немесе оның өкілдері Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген шарттармен және тәртіппен пайлар сатып алынатын күннің алдындағы жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылдайды. Ақшаны өтінім берушіге беру (оның ішінде ақшаны олар көрсеткен шотқа есептеу) өтінім келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар