Экономика | Инвестициялық пай қорының әлеуметтік-экономикалық негіздері

 Экономика | Инвестициялық пай қорының әлеуметтік-экономикалық негіздері

Мазмұны

Кіріспе

Инвестициялық пай қорының әлеуметтік-экономикалық негіздері.
1.1. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы, оларды құру және активтерін сенімгерлік басқару шарты.
1.2. Инвестициялық пай қорының пайы, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және оларды орналастыру.
1.3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Инвестициялық пай қорларының әлеуметтік-экономикалық негіздері
Инвестициялық пай қорларының құқықтық жағдайы,
оларды құру және активтерін сенімгерлік басқару шарты

Бүгінгі таңда бағалы қағаздар нарығы мемлекет экономикасының дамуына орай өзгеріп, жетіліп, дамып жатыр. Осыған байланысты 2004 жылдың шілде айында «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Осы заңның 3-ші тарауында инвестициялық пай қорларының қызмет ету жағдайлары қарастырылған. Яғни осы заңға сүйенетін болсақ, инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды. Егер инвестициялық пай қарының ережесінде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзімге құрылады.
Инвестициялық пай қоры активтеріне меншік құқығындағы үлес басқарушы компания шығыратын паймен куәландырылады. Инвестициялық пай қорының активтерін оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлесті заттай бөліп алуға жол берілмейді.
Инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшері пайлар шығырылымын тіркеу күні, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 50000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесі қабылдайды. Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесі, егер оның жарғысында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерін бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер де қабылдайды.
Басқарушы компания бір-бірінен инвестициялық декларациялары бойынша айырмашылығы болатын бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы. Басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.
Инвестициялық пай қорларын біріктіру немесе олардың нысанын өзгерту. Қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бір нысандағы инвестициялық пай қорларын біріктіруге жол беріледі. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ал ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берілмейді.
Инвестор инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына біріктіру және кейіннен оларды осы қордың ережесіне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына береді. Инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерінде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенімгерлік басқару шартын көрсетілген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген талаптармен бірге инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шартында:
 шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртібі;
 қордың активтерін басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейінгі, соның ішінде оның инвестициялық портфельді басқару лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе қайтарып алған жағдайларда міндеттерін орындау шарттары мен тәртібі;
 тараптарды жауапкершілігі болуға тиіс.



Инвестициялық пай қорларының пайы, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және оларды орналастыру

Пайдың бағасы мен бір ұстаушыға тиесілі пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетілуі мүмкін. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенімгерлік басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады. Пай ұстаушы – инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға. Пай ұстаушының өз пайын иелігінен шығаруы сенімгерлік басқару шартының бұзылғанын білдіреді. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізуді тіркеуші жүзеге асырады. Қордың пай ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізу, пайларды нақтылы ұстауды есепке алу жүйелерінің, пайлармен жасалған мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері тіркеушінің ішкі құжаттарымен айқындалады. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерін сенімгерлік басқаруға байланысты туындаған міндеттемелер бойынша жауап бермейді және өздерінің пайларына тиесілі құн шегінде зияндардан тәуекелін, оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерінің рыноктық құнының өзгеруіне байланысты заңдар тәуекелін көтереді. Ашық инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының пайларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелеріне орналастыру мен айналымға жіберуге жол берілмейді.
Инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының құқықтары:
1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан өзіне тиесілі пайды Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен сатып алуды талап етуге құқылы;
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көзделген шарттармен және тәртіппен осы пай бойынша дивиденттерді мезгіл-мезгіл алып тұруға құқылы;
3. Инвестициялық пай қорының ережелеріне сәйкес басқарушы компанияның қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді уәкілетті орган басқарушы компания ұсынған мынандай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
1. Өтініш;
2. Басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімінің көшірмесі;
3. Басқарушы компаниясының жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші жалғыз акционері) бекіткен қор ережесі (2 дана);
4. Кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың көшірмесі;
5. Егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттары (2 дана) негізінде жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органнның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу процесінде уәкілетті орган:
 инвестициялық пай қорының ережесін;
 егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттарын келіседі.
Табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган басқарушы компанияға пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру және олар туралы мәліметтерді эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу арқылы пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган егер табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, инвестициялық пай қорының ережелерінде, оларға өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге табыс етілген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесіз мәліметтер болса және басқарушы компания қызметі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Инвестициялық пай қорының пайы – инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру. Инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен ғана төленуге тиіс. Қордың пайларына төленетін ақша оларды орналастыру кезінде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына аударылады. Бастапқы орналастыру кезеңінде инвестициялық пай қорының пайлары барлық инвесторлар үшін қор ережелерінде айқындалған бірыңғай нақтылы құн бойынша орналастырылады. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру үш айдан ұзаққа созылмайды және қор ережесінде көрсетілген мерзімде басталады.
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңі қор инвестициялық пай қоры активтерінің Заңда белгіленген ең төменгі мөлшеріне қол жеткізген кезде аяқталады. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейін қордың таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзартуға басқарушы компанияның өтініші негізінде уәкілетті органның рұқсатымен бір рет жол беріледі, бірақ ол үш айдан аспауға тиіс. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвесторлардың пайларын сатып алуға өтінімдері негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдерді басқарушы компания немесе оның өкілдері Заңда және осы қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен қабыдайды және орындайды. Өтінімнің болуы мен ақшаның түсуі пай ұстаушылар тізіліміндегі сатып алушының жеке шотына пайларды есепке алу шарты болып табылады. Пайларды есепке алу осы шарт орындалған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады. Пайларды орналастыру кезінде пайларды пай ұстаушылар тізіліміндегі сатып алушының жеке шотына есепке алу мәмілесін тіркеу басқарушы компанияның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Пайды кейіннен орналастыру бағасы, өтінім болған жағдайда, ақша түскен жұмыс күнінің соңындағы қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтінім ақша түскеннен кейін түскен жағдайда, пайды орналастыру бағасы өтінім түскен жұмыс күнінің аяғына қарай қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың ережелерінде көзделген болса, үстеме ақы қосылуы мүмкін.
Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудан бас тартуға:
1. Инвестициялық пай қорының ережесінде белгіленген өтінімдер беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;
2. Уәкілетті органның немесе басқарушы компанияның шешімі бойынша инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру тоқтатыла тұрған;
3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайларда ғана жол беріледі.



Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу

Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерінің құрамында бар немесе оларды өткізуден алынған ақша, сондай-ақ Заңмен белгіленген талаптарды сақтай отырып қарызға алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын бастапқы орналастыру мерзімі ішінде пайларды сатып алуға жол берілмейді. Ашық немесе аралық пай қорларының пайларын сатып алу туралы талаптар пайларды сатып алуға өтінімдер нысанында беріледі.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдерді басқарушы компания немесе оның өкілдері Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген шарттармен және тәртіппен пайлар сатып алынатын күннің алдындағы жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылдайды. Ақшаны өтінім берушіге беру (оның ішінде ақшаны олар көрсеткен шотқа есептеу) өтінім келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдер, егер қордың ережесінде көзделген болса, жеңілдіктер шегеріле отырып, өтінім қабылданған күннен кейінгі бірінші жұмыс күніндегі пайдың есептік құны негізге алынып айқындалған баға бойынша орындалады.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қордың пайларын сатып алуды оларды ұстаушылардың өтінімдері бойынша Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген құн бойынша, мерзімдерде және уақыт кезеңдерінде жүзеге асыруға міндетті. Аралық инвестициялық пай қорының пайларын айына бір реттен сирек сатып алуды жүргізген кезде пайларды сатып алуға өтінімдерді қабылдау кезеңі үш жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне пайларды ұстаушылар мүддесіне нұқсан келтіретін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, осы қордың пайларын ұстаушылар өздеріне тиесілі пайларды көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгізілген күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде сатып алуды талап етуге құқылы.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудан:
 қордың ережесінде белгіленген өтінім беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;
 Заңда көзделген тәртіппен қордың пайларын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.

Инвестициялық пай қорының пайларын кейіннен орналастыру немесе сатып алу кезіндегі үстеме ақылар мен жеңілдіктер.
Инвестициялық пай қорының ережесінде пайларды кейіннен орналастыру кезінде олардың есептеу құнына үстеме ақылар немесе пайларды басқарушы компания сатып алған кезде олардың есептеу құнына жеңілдіктер қолдану шарттары мен мөлшерлері көзделуі мүмкін. Жеңілдіктің ең жоғары мөлшері инвестициялық пай қорының пайын басқарушы компания сатып алған кезде оның есептеу құнының 3%-нен аспауы керек. Инвестициялық пай қорының, оның қызметі тоқтатылған жағдайда не ашық, не аралық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен пайларын сатып алу кезінде пайдың есептеу құнынан жеңілдіктер жасауға жол берілмейді.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру мен сатып алуды тоқтата тұру.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды:
 инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғалардың немесе қаржы құралдары немесе өзге де мүлкі инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын немесе шарттық міндеттемелерді бұзған немесе орындауы мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті органның ұйғарымы бойынша;
 ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне сәйкес басқарушы компания арқылы тоқтатыла тұрады.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды тоқтата тұру кезінде сонымен бір мезгілде осы қордың пайларын орналастыру тоқтатыла тұрады. Пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алу осындай тоқтата тұруға себеп болған бұзушылықтар жойылғанға дейін белгісіз мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда, басқарушы компания осындай тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою жөніндегі шараларды көрсете отырып, уәкілетті органға бұл туралы сол күні жазбаша хабарлауға міндетті. Орналастыру және (немесе) сатып алу басталған күні басқарушы компания уәкілетті органды орналастырудың және (немесе) сатып алудың қайта басталғаны жөнінде хабардар етуге міндетті.
Егер бұл қор пайларын ұстаушылардың мүдделеріне сай келмесе, уәкілетті орган басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруына тыйым салуға, сондай-ақ осындай тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғанға дейін пайларды орналастыру мен сатып алуды қайта бастауға тыйым салуға құқылы. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға басқарушы компанияның, тіркеушінің немесе кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылғаны немесе қайтарып алынғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап лицензияның қолданылуы қайта басталған, басқа басқарушы компания, тіркеуші, қордың басқа кастодианы тағайындалған немесе қордың жұмыс істеуі тоқтатылған күнге дейін тоқтата тұруға міндетт ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру