Экономика | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытта

 Экономика | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытта

Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................5
1. Салық мәні, салық салу принціптерінің қызметтері................................6
2. Салық жүйесінің қалыптасуы.....................................................................8
3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағыттаавры.....19
Қорытынды...............................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................27

Кіріспе
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәлеледі теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти «Салық пен жиынтық трактаты» -(1662 ж.), Д. Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» - (1817ж.), А. Смит «Халықтар байлықтарының себептері мен табиғатын зерттеу» - (1776 ж.).
А. Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. Ф. Аквинский (1226-1274 жж.) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс «Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықтады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1790 жж.) . «Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.
Шарль Монтекье (1689-1755 жж.) ризықтың қанша бөлігін бодандардан тартып алып, қаншасын солардың сыбағасы етіп қалдырудың амалын табатын данышпандық пен ақылгөйліктен асатын ештеңе жоғын толық сеніммен негіздеген.
А. Смит салық салудың үшін принціпін айқындаған. Оның осы прициптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.
1. Өзіңе бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға (қаржыландыруға) қатысады. Мемлекеттік қорғауымен қамқорлығын пайдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады.
2. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.
3. Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілген дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алынғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі , салықты халық қалтасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенеуліктердің көп болуы талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.
А. Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік-экономикалық салдарын барынша терең талдады.
1. Салық мәні , салық салу принціптерінің қызметтері
Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын (фирмамен) тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке
(өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Салық – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің жүргізіп отырған заңының негізінде міндетті түрде төленетін төлемдер.
Салық – экономикалық категория ретінде мемлекеттің табысы (бюджеттің кіріс бөлігі); материалдық котегория ретінде белгілі бір ақша сомаы; заңгерлік категория ретінде заң.
Салық саясатының тиімділігі салық салудың негізгі принціптерін дәйекті жүйелі қалыптастыруға байланысты.
А. Смит салық салудың басты принціптерін төмендегіше анықтады:
1. Салықтың бәріне ортақтылығы (жалпылық) және оның табысқа пропорционалдылығы;
2. Салықтың айқындылығы (уақыты, тәсілі, көлемі);
3. Салықтың қарапайымдылығы (есепиеу жолдарын қиындату) және икемділігі , Қолайлығы;
4. Салық төлеушілерден салық арзан алынып, оларға ауыртпалық салмауы керек.
Жоғарыдағы келтірілген принциптер, осы күнге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Аталған принципке қосылатын принциптер: салықтың бір объектіге бір рет салынатындығы, тұрақтылығы, міндеттілігі және туралығы (шындығы).
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
- салық табыс мөлшері мен әл аукаттылык деңгейіне тәуелді болады.
Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:
- фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру, қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;
- бөлу қызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс аландар бойынша жүргізеді;
- реттеуші қызметі, мемлекет салықтық көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді;
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі — ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекетгің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу — әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) "қайыр көрсету" (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне балды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке "салықтар — оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны" деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың ұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді барлық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міңдеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыга бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңгай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-ққұықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардьң мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін жарналар мен аударымдар жатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан, табыстан (пайдадан), еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция — барлық мемлекетгерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мүның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын тағдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңщдіісгер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірісгің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар — бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетгі ақшалай төлемдер.
2. Салық жүйесінің қалыптасуы
Салық жүйесі, ол салықтардың, оның әдістерінің, құрылу прициптерінің жүйесі. Салық жүйесі мемлекеттің заңды актілеріне (Салық кодексіне) сәйкес негізделіп, нақты құрылым әдістерін және салық салуды орнықтырады (орнатады) , яғни салықтың нақты элементтерін анықтайды.
Салық элементтері:
а) салық субъектісі – заңға байланысты міндетті салық төлейтін жеке немесе заңды тұлға.
б) салық жүктелушісі (носитель) - салық төлейтін тұлға. Салықтың бұл элементін енгізу себебі, салық субъектісі салық ауыртпалығын белгілі бір экономикалық механизмдер арқылы (мысалы, салықты тауар бағасына қосу) басқа тұлғаға аударуымен байланысты.
в) салық объектісі – бұл салық салынатын табыстар мен мүліктер (жалақы, пайда, құнды қағаздар табысы, жылжымайтын мүліктер және т.б.).
г) салық мөлшері (ставка) – салық объектісінің бірлік өлшеміне салық салу мөлшері.
Д) салық жеңілдіктері – салық мөлшерін азайту немесе одан толық босату.
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюнктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудығы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, түтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Салық салуды ұымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады (сурет-1)
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құр мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі (единицасы), салық мөлшерлемесі, үлес (квота), салық пұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субьектісі немесе салық төлеуш. Ол — салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға — салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар — нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық обьектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық базасы — салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құқық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
табысқа сапынатын салық. Бұдан корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;
тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған пұлға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
капиталға салынатын салық олар жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі — салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасыңда мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қара-мастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне);
үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;
прогрессивті салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогрессивтік салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді;
регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді, және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді. 1 Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салық пұл — субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері — заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
салық салынбайтын минимум — салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;
табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге — халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан — пайдаға салынатын салық бойынша және т.т.); салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтеме ақы төлемдерінің сомасы);
салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі — салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері — билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.
Салықтық бақылау — салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
- салық төлеушілерді тіркеу есебі;
- салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке алу;
- бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
- қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
- салық тексерістері;
- камералдық бақылау;
- салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
-фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;
- акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;
- мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
- өкілетті органдарға бақылау жасау.
Кедендік бақылау агенттігі өз құзыры шегінде Қазақстан Рес-публикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасьн, төмендеткен табыстарын тлаеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру