География | Жоңғар Алатауы
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................2
І Тарау Жоңғар Алатауына физикалық – географиялық сипаттама.
1.1. Жоңғар Алатауының жер бедерінің ерекшелігі.....................................4
1.2. Жоңғар Алатауының геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары................................................9
ІІ Тарау Жоңғар Алатауының топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
2.1. Жоңғар Алатауының климаты және ішкі сулары.............................12
2.2. Жоңғар Алатауының табиғат зоналары..............................................14
Қорытынды.......................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................17
Кіріспе.
Жоңғар Алатауы Қазақстанның Шығыс бөлігінде орналасқан дер бес тау жүйесі. Бұл тау жүйесі көрші жатқан тау жүйелерінен дербес пайда болып дамыған. Қазақстан жеріндегі Жоңғар алатауыСолтүстік және Солтүстік Батыс бөлігі болып табылады. Ол Тарбағатай жотасына алакөл мен Сасықкөл, ал Қытай территориясындағы Борлық пен Майлы жоталарын Жоңғар қақпасы арқылы бөлінеді. Жоңғар алатауы Солтүстікте Алакөл Қазақшұңқыры мен Іле аңғары аралығында ендік бағытта шамамен 450 км – ге созылып жатыр. Ені 100-200 км. Бұл тау жүйесі негізінен 2 жотадан тұрады.
1. Солтүстік Бас Жоңғар Алатауы.
2. Оңтүстік Бас Жоңғар Алатауы.
Солтүстік және орталық Бас жота ол солтүстік жағынан аласа әрі Шолақ тау жүйелері беттерімен жалғасып жатады. Олар Тастау, Күңгей, Жабық тағы басқа жоталар, төбелері тегіс және онша тілімденген осы тау алды жоталары Солтүстік Бас жоталарының Шығыс беткейлері. Алакөл ойысының батыс шетін жағалай жатқан тектоникалық үлкен жарыққа байланысты тік жота болып келеді.
Солтүстік Бас жотаның Солтүстік беткейлерінің көлбеу келуіне рельефі жазық болады. Бас жотаның Солтүстік беткейлері неғұрлым жіңішке бөлігі Сарқанд таулары меридиан бойымен орналасқан.
Жоңғар Алатауының солтүстік-батыс бөлігі Қазақстан жеріне қарай тарамдалып еніп тұр. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан. Қытайдағы Ебінүр көлінің ойысы мен Қазақстандағы Алакөлдің қазаншұңқырын қосып жатқан тау аңғарын Жоңғар қақпасы деп атайды. Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстанды Батыс Қытаймен жалғастыратын "Достық" темір жолы өтеді. Сауыр-Тарбағатай жапсарлас жатқан жоталар. Сауыр — бұл жоталардың ішіндегі ең биігі. Оның биіктігі 3816 метр. Тарбағатай Сауырға қарағанда аласа, бірақ едәуір ұзын. Тарбағатай тауының ең биік жері 3134 метр.
І Тарау Жоңғар Алатауының физикалық – географиялық сипаттама.
1.1. Жоңғар Алатауының жер бедерінің ерекшелігі
Жоңғар Алатауында биіктік деңгейіне, беткейлерінін экспозициясына қарай екі ландшафтылық белдеу кездеседі. Біріншісі — Солтүстік Жонғар белдеуі. Екіншісі — Оңтүстік Жоңғар белдеуі. Жоңғар Алатауы — ҚаЗақстанның шығыс бөлігіндегі тау жүйесі. Жоңғар Алатауы оңтүстігіңде Іле аңғарымен, солтүстігінде Балқаш-Алакөл тауаралық жазықтарында орналасқан. Шығыс жақ шеті Қытай Халық Ресцубликасының территориясына өтеді. Қазақстан жеріндегі бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатаулары деген қатпарлы-жақпарлы тау сілемдерінен тұрады.
Жоңғар Алатауы шығыстан батысқа 450 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ені 100—250 км. Жоңғар Алатауы екі жотадан — Солтүстік және Оңтүстік жоталардан құралған.
Жоңғар Алатауының жер бедері өте күрделі. Тау етегі жазык, адырлы, шоқылы, төбелі болып келеді, ал биіктеген сайың аласа жайпақ таулар, одан әрі орташа таулар, төбесін қар мен мұздық басқан жоталар жатады. Жоңғар Алатауы-ның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі тау беткейлерінде мүжілід аласарған тау жүрнақтары' кездеседі, оны кейде "жазықсымақ" деп те атайды. Тау жоталары бір-бірінен өзен шатқалдары арқылы бөлінген. Альпілік жер бедерімен сипатталатын биік шыңды, тік беткейлі тау бастары да кез-деседі. Онда аңғарлық және кар типтес мүздықтар орна-ласқан. Көкжота тауындағы Жоңғар Алатауының ең биік шыңы — Бесбақан (абсолют биіктігі 4464 м).
Жоңғар Алатауының орографиялық схемасы
Жоңғар Алатауының геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалды тақтатасты, кварцитті, гнейсті, әктасты жыныстардан түзілген. Таудың ең биік жерлерінде каледон граниттері кездеседі. Орта палеозой эрасында пайда болған теңіз шөгінділері, карбон мен пермь кезеңдерінде түзілген жанартаулық жыныстар бар. Тау етегінде кайнозой шөгінділері де кездеседі. Бүлар гіалеоген мен неоген дәуірлерінің қүмтасты, сазтасты және антропогеннің қойтасты, малтатасты қабаттарынан түзілген. Төменгі палеозой шөгінділерінде полиметалл (Текелі, Кексу кеніштері), жанартаулық жыныстарда мыс және сирек металдар бар.
Жоңғар Алатауының тектоникалық құрылымы да күрделі, ол алғашында герциндік орогенез нәтижесінде қатпары тау болып кетерілген. Кейіннен мезозой эрасы мен кайнозой эрасының палеоген кезеңінде тегістеліп, қалқанды платформалық жазыққа айналған. Одан әрі альпілік орогенез нәтижесінде катпарлы-жақпарлы таулар пайда болған. Бүл түста бір жер биіктеп орқаш тауға айналса, екінші жер-лері темендеп, опырмалы ойысқа айналған. Тектоникалық қозғалыстарының жалпы амплитудасы 6—7 км-дей, ал нео-тектоникалық қозғалыстар әлі тоқталған жоқ. Тянь-Шань тауларыңдағыдай қарқынды болмағанымен 4—5 баллдық жер сілкінулер болып түрады. Қатпарлы-жақпарлы блоктар-ды белетін тектонйкалық жарықтар ізімен жер астьг терең қойнауынан жер бетіне ыстық бүлақты арасан суы шығады. Олардың емдік касиеті орасан зор. Солардың негізінде "Қапаларасан", "Жаркентарасан" санаторийлері жүмыс істейді.
Жоңғар Алатауының қазіргі жер бедері жердің ішкі және сыртқы күштерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы күштер әрекеті әлі тоқтаған жоқ. Ішкі күштердің әрекеті кейінгі тау түзілу процестері, биік таулы аудандардың шетінде болатын көтерілулер мен төмен түсулерден байқалады. Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстарды тектоникалық қозғалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық қозғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) дәуірлерін қамтиды. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы тауларға айналды. Тау жасалу процесі қазір де жүріп жатыр. Бұған тау бөктерлерін терең тілімделген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ақ Қазақстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну - аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Бірақ олардың бәрі апатты емес. Жер сілкіну - жер асты дүмпу күштерінің әсерінен жер беті қыртысының тербелуі. Жер сілкіну жер бетіндегі біліну, сезілу күшіне сәйкес халықаралық кесте (МЗК-64) бойынша 12 балға ажыратылады. 1964 жылы үш сейсмолог фамилияларының бас әріптерінен құралған кесте қабылданды. ТМД аумағында қолданылатын осы кесте бойынша 1 балл мен 4 балға дейінгі аралықта жер сілкіну күшін жан-жануарлар мен адамдар сезеді. Ал 4 пен 9 балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирауы байқалады.
Жоңғар Алатауының жер бедері алуан түрлі және күрделі. Республикамыздың жер бедері мен жер қыртысының дамуы жердің геологиялық даму тарихы барысында қалыптасып, қазіргі қалпына келгенше үздіксіз өзгеріп отырған. Жер бедері мен жер қыртысының дамуы қазір де жүріп жатқан процесс.
Жоңғар Алатауының физикалық картада Қазақстанның қазіргі жер бедерінің жалпы сипаты бейнеленген. Картадан Қазақстан жері шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай бірте-бірте төмендейтінін байқауға болады. Қазақстанның солтүстік-батысында теңіз деңгейінен -28 м. төмен Каспий маңы ойпаты жатыр. Каспий маңы ойпаты оңтүстігінде Маңғыстау түбегімен шектеседі. Түбектің жер бедері сортаңды ойпат, көтеріңкі тау жоталарымен алмасып отырады. Оңтүстігінде теңіз деңгейінен -132 метр төмен жатқан Қарақия, -57 метр төмен жатқан Қауынды ойыстары орналасқан. Маңғыстау түбегінің шығысынан Арал теңізіне дейінгі аралық үстіртті келеді. Арал теңізінің солтүстігі мен шығысында үлкен және Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұм, оңтүстікке қарай Қызылқұм шөлімен жалғасады. Қызылқұм шөлі Тянь-Шань таулы өлкесіне дейінгі кең алқапты алып жатыр. Тянь-Шань таулы өлкесіне Талас Алатауы, Өтем, Қаратау жотасы кіреді. Қаратаудың шығыс жағындағы Мойынқұм шөлі солтүстігінде Бетпақдалаға жалғасады. Балқаш көлінің солтүстігінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі аралықты ұсақ шоқылы Сарыарка алып жатыр. Балқаш көлінің оңтүстігінде Сарыесік — Атырау құмды жазығы Тарбағатай, Жоңғар Алатауына дейінгі аумақта жатыр. Республикамыздың шығысында Алтай тауының сілемдері жеке жоталарға тарамдалған....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Жоңғар Алатауы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар