Биофизика | Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары

 Биофизика | Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................ 6
Негізгі бөлім
1.1 Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары ............................. 7
1.2 Қарындардың жіті гипотониясы және атониясы ................................... 8
1.3 Қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы....................... 11
1.4 Мес қарынның азыққа толып кетуі ........................................................ 13
1.5 Мес қарынның бүртіктерінің қабыршықтануы .................................... 19
1.6 Жалбаршақ қарынның бітелуі ................................................................. 24
2. Өзіндік зерттеу........................................................................................ 25-28
Техника қауіпсіздігі......................................................................................... 26
Қорытынды....................................................................................................... 27
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................. 28


Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары

Қарындардың аурулары ірі қаралар арасында жсірек, ал ұсақ малдар арасында сиректеу кездеседі. Қарындар ауруларын жиірек тудыратын себептерге уақтыны тамақтандырмау, сапасыз азықтар, азықтардың темір-тесектермен ластануы, шырынды азықтан құрғақ азыққа және керісінше тез ауыстыру, ылғс бір түрлі азықтармен-жеммен, сыра қалдықтарымен жане қойыртпағымен не қатқыл, дерекі, нәрсіз азықтармен азықтандыру жатады.
Қарындардың жиырылу қызметін бұзатын рефлекстерді қатпаршақтың, ұлтабардың барорецепторларын, аш ішектің химорецепторлерін ұзақ және әдеттегіден қаттырақ қоздыру әсерлері, сонымен қатар тақия қарынның жарақаттан ауырсыну реакциясы тудыруы мүмкін. Қарындар жиырылуының рефлекторлы түрде босаңсуы малдың буаз күндерінде, ортаның қызуы көтерілгенде және басқа да үрейлердің әсер етуінен пайда болуы мүмкін. Қарындар ауруларын тудыратын негізгі себептер қатарына олардың жиырылу қызметінің бұзылуын жатқызады. Олардың механо, термо және хеморейепторлары күшті тітіркенуден өзгергенде мес қарынның жиырылуы әлсірейді, күйіс қайтаруы бұзылады, соның салдарынан месқарындағы азықтың қорытылуы нашарлайды, рН өзгеріп қышқылданады, микробтардың әсерінен жын ыдырайды да уыттар құрылады. Уыттар және басқа да ферментация әсерінен пайда болған жадығаттар мес қарында, ұлтабарда және ішектерде денеге сіңіп организмге зияндық әсерін тигізеді.
А.А.Фадеев, Л.В.Панышев және В.В.Полякин қарындардың жиырылу процестерінің бұзылуын дистония деп атауға ұсыныс енгізді. Басалқы дистонияға мес қарынның мынадай аурулары (іш кебудің жіті және созылмалы түрлері; атония және гипертонияның жіті және созылмалы түрлері; жіті гипертония; парез), тақия қарынның (жарақаттан пайда болған ретикулит және ретикулоперитонит) және қатпаршақтың (ластануы) жатады. Қосалқы түріне жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару және жүйке жүйелері ауруларының салдарынан пайда болатын дистониялар жатады. Қосалқы түрі негізгі аурулардың қосымша белгілері ретінде қаралады. Дистонияның қай түрі болмасын, мес қарынның жиырылу күшінің бұзылу деңгейін, дәлірек, руминография әдісімен, тұспарлап қолмен анықтайды.
Қарындар жиырылуының бұзылуын жай, шартты түр ретінде гипертонияға, гипотонияға және атонияға бөледі. Егер мес қарынның жиырылуы күшейсе, оны гипертония, бәсеңдесе гипотония,ал жиырылуы сезілмеген жағдайда атония деп атайды.


Қарындардың жіті гипертониясы және атониясы (Hypotonia et atonia ruminis reticuli et omasi acuta – острая гипертония и атония преджелудков) – мес, тақия және қатпаршақ қарындарының жиырылуларының бұзылулармен сипатталынатын дерт. Гипертонияда олардың жиырылу күші әлсіреп саны азаяды, ал атонияда жиырылу қызметі тоқтайды.
Себептері. Қарындардың өз бетімен дамитын гипертониясы және атониясы, ірі қарада жиірек, ешкілерде сирегірек, шырынды азықтан қатқыл, құрғақ, клетчаткасы көп азықтарға (құрғақ сабан, кешеуілдетіп дайындаған не сілтіленіп кеткен пішен, бұтақтардан дайындалған азық) аяқ асты ауыстырғаннан пайда болуы мүмкін; әсіресе құрғақ күйінде жегізген егін және диірмен қалдықтары (топан, мекен, мақтаның, сұлының не тарының қауыздары), сонымен қатар жарылмаған жемді дән күйінде көп берген өте қауіпті. Қарындардың жіті гипертониясы малды құрғақ, сапасыз азықтардан тез арада тек қана шырынды азықтарға (арақ қойыртпағы, қант қызылшасының қалдығы, сығынды және басқалар) көшіріп оларды көп мөлшерде және тоңазытылған не ыстық күйінде бергеннен пайда болады. Азықтың бір түрінен екінші түріне аяқ асты көшірілуіне байланысты пайда болатын қарындардың жіті гипотониясы және атониясы, көбінесе, буаз, арық және көп мезгіл серуендетілмеген әлсіз малдар арасында жиі кездеседі.
Қарындардың жіті түрде өтетін қосалқы гипотониясы басқа ағзалардың қалыптан ауытқыған рефлекстерінің әсер етуінен пайда болады, мәселен, ұлтабар сұйық, жұмсақ, әсіресе қышқыл, жалбыршақ қарын мен ұлтабарға шайнамай-ақ тез өтіп кететін, азықтармен толып кеткенде, қарын қатпаршасы бітелгенде, желін қабынғанда, жылжымалы (блуждающий) жүйке зақымдалғанда, дененің қызуы көтерілетін ауруларда және басқа жағдайларда.
Дамуы. Жоғарыда келтірілген толып жатқан факторлар қарындардың қозғыштық қабілетін азайтып жиырылуын нашарлатады, соның салдарынан аурудың күйіс қайтаруы бәсеңдейді не мүлдем тоқтайды, жындарын кейінгі ағзаларға ауысып өтуі баяулайды, заттардың сіңірілуі және микробиалдық, ферментациялық процестері бұзылады. Жынның мес, тақия, жалбыршақ қарындарда кідірілуі микрофлора, микрофаундардың құрамын өзгертіп, рН-ры 6,3-5,8-ге дейін төмендетеді. Осындай өзгерістер барысында құралған улы заттар (белоктардың шіруінен пайда болған заттар, органикалық қышқылдар, газдар) денеге сіңеді де оны уландырады, соның нәтижесінде зат алмасуы процестері бұзылып ацидоздың дамуына бейімділік туады. Келтірілген өзгерістермен қатарласа, ас қорыту бездерінің сөл шығару қызметі нашарлайды, асқазан мен ішектердің жиырылып-созылуы бәсеңдейді, сөйтіп астың қорытылуы бұзылады, ашу-шіру процестері күшейіп организмнің өзін-өзі уландыруы үдейді.
Өлекседегі өзгерістер. Іші кебуі мүмкін. Мес қарыны құрғаған не ботқа тәріздес, қышқыл, жағымсыз иісті жынға толады. Жалбыршақ қарында көп мөлшерде тығыздалынған, кейде құрғаған жын анықталынады. ауру ұзаққа созылғанда мес қарынның, жалбыршақ қарынның қатпарларында, ұлтабардың кілегей қабықтарында қызарғандық және нүктелі қанталағандық байқалынады.
Белгілері. Аурудың бастапқы кезеңіндегі белгілері – азыққа деген зауқы нашарлайды, бұзылады не толық жоғалады. Азыққа зауқының өзгеруімен қатар күйіс қайтару саны азаяды, күйіс қайтару уақыты қысқарады не толық жойылады, кекірінуі сақталынады. Мес қарын аурудың басында тығыз, кейінірек жұмсарған не сұйылған жынға толады; сол жақ аш бүйірі газға толады, оны қолмен және перкуссиялап оңай анықтауға болады. Гипотония кезінде мес қарынның жиырылу күші біркелкі болмайды, әлсірейді; атония кезінде қолмен тексеріп мес қарынның қозғалысын анықтай алмайды, ал руменограммада қимылы болар-болмас қана байқалынады. Жиырылу қызметінің әлсіреуіне байланысты жалбыршақ қарындағы, ұлтабардағы, ішектердегі табиғи шуылдар бәсеңдеу естіліп, дауысы қатаңдау шығады. Ауру ұзаққа созылған кезде іші қатады, қатпа іші өтуімен алмасып тұрады. Іші өткен кезде нәжісі өте сасық болады. Мес қарыннан алынған жында инфузорийдің саны күрт азаяды, олардың майда түрлері көбейіп, жылжымалылығы нашарлайды, сүт, май, сірке қышқылдарының және басқа да органикалық қышқылдардың көбеюіне байланысты рН қышқыл жағына қарай өзгереді. Мал әлсізденеді, көп уақыт жатады, мәжбүрлегенде ғана барып қиналып тұрады, тістерін шықырлатады. Ауру ауыр өткен жағдайда уақтылы-уақтылы жеңіл түрде қозады, бұлшық еттерінің талшықтары жыбырлап тартылады, кейде тырысып қалады. Дене қызуы және тамыр соғуы әдеттегі қалпынан өзгермейді, ал тыныстануы жиіленеді. Дененің улануы айқындала бастағанда мал жабығады, әлсізденеді, жүрек соғысы жиіленіп дененің ішкі қызуы төмендей бастайды. Қанның морфологиялық құрамы қалыпты мөлшер шегінен шықпайды не аздап қана регенеративті ығысқан түрде нейтрофильді лейкоцитоз жағына өзгереді. Сиырдың сүті күрт кемиді. Гипотонияның қосалқы түрінде негізгі аурудың белгілері анықталынады.
Барысы. Ауру жеңіл өткен жағдайда тудырған себептерін жойып уақтылы ем қолданса, мал 3-5 тәулік ішінде айығып кетеді, ауыр өткен жағдайда, әсіресе жалбыршақ қарынның толып кетуімен не ұлтабардың, ішектердің қабынуларымен асқынған кездерінде ауру 10-15 тәулікке созылады. Зиян келтіретін факторлар көп мезгіл әсер етсе жіті түрі созылмалы түріне ауысады.
Анықтау. Жеңіл түрде өтетін гипертонияның себебі тек қарындардың қызметінің бұзылғандығынан емес ұлтабар, ішектердің және басқа да ағзалардың қызметтерінің нұқсан келтіруінен болатындықтан ауруды анықтарда жиналған мәліметтерді есепке ала отырып олардың клиникалық белгілерін салыстырады.
Сараптау. Клиникалық белгілердің сонымен қатар руменограмма көрсеткіштерін және қанның морфолоиялық құрамын салыстырады. Гипертония жіті өткенде руменограмма кертештері аласарады, мес қарынның тынығу аралығы өзгереді, атонияда кертештер қатты аласарады, сиректейді, кейде түзу сызықтанады; жарақатты ретикулоперитонитте кертештер біршама биіктенеді, биіктері әр түрлі шамада болады, қарынның жиырылу ырғағы байқарлықтай бұзылады.
Емі. Басалқы гипертонияда емді, іріп-шіру процесін шенеуге, жиырылу-созылу қызметін қалпына келтіруге, микробиалдық процестерді қалыптастыруға, улануды азайтуға, ал қосалқы гипертонияда – негізгі аурулардың белгілерін жоюға бағыттайды.
Қарындардың жиырылу-созылу қызметін қоздыру, уытты заттарды сыртқа шығару және рН көтеру мақсатымен мес қарынды 30-40 л 1% натрий сульфат не гидрокорбанат ерітінділерімен жуып-шаю ұсынылады. Ол үшін Черкасов не Кумсиев зондтарының біреуін қолданған ыңғайлы. Ас қорыту жүйесі ағзаларының жиырылу – сөл бөлу қызметін арттыру мақсатымен, ерте буаз малдарға тері астына мынадай дәрілерді бөлшектеп енгізеді: карбоханил – ірі қараға 0,001-0,003, қойға – 0,0002-0,0004; пилокарпин гидрохлоратын – ірі қараға – 0,05-0,4, ұсақ малға – 0,01-0,04; прозерин не физостегмин салицилатын. Холиноэнергиялық дәрілерді берудің алдында, мес қарындағы бығып, тығыздалынып қалған жынды жуып-шаю арқылы не 5% натрий немесе магний сульфат ерітінділерін ірі қараға 400-700 г, ұсақ малға 40-80 г, беру арқылы сұйылтады. Оның үмтіне іш өткізетін дәрілер беру, іш қатқанда жақсы нәтиже береді. Чемерицаның түнбасын ірі қараға аузы арқылы 5-12 мл, қой мен ешкілерге 2-4 мл береді, не тері астына ірі қараға 5 мл енгізеді; препаратты енгізгеннен кейін 20-30 минуттен соң мес қарынның жиырылуы күшейе түседі, күйіс қайтару басталады. Тұнбаны енгізген жері аздап домбығып ісінеді.
Қарындардың жиырылу-созылу қызметін жақмарту, азыққа тәбетін ашу және күйісін қоздыру мақсатымен малға ащы азықтар: ірі қараға тәулігіне 2 реттен 20-30 г ермен, 20-25 г горечавка түбірін, 100-150 мл арақ, ұсақ малға – 5-10 г ермен, 50-100 г жасанды карловар тұзын береді.
Малдың сол жақ аш бүйірін жоғары қарай сағат тілінің бағытына қарсы дөңгелектеп, күніне 2-4 рет 10-20 минуттен уқалағаны, соллюкс лампасымен 30-40 мин., қыздырған, ультра күлгін сәулесін (ПРК-2) 10-15 минут түсірген; 20-30 минут 2-2,5 А диатермия тоғын қолданған жақсы әсер етеді. Тәулігіне 2-3 рет жарты сағаттай әрлі-берлі жетелеп бой жандырған және тереңге бойлатып, салқын клизма жасаған пайдалы.
Мес қарындағы азық жынының бейтарап ыдырауын тоқтату үшін жуып-шаюдан басқа ірі қара малға күніне 2-3 рет бір бөтелке суға 1-2 ас қасық тұз қышқылын құйып сұйылтып береді. Ферментациялық процесті қалпына келтіру мақсатымен 20-40 мл қойыртылған сірке қышқылын 500 г қант қосылған 2 литр суға қосып береді.
Мес қарын азыққа толып кеткен жағдайда малды 1-2 күн аш үстайды. Су ішуіне шек қоймайды. Ауруды тудырған себептерін еске ала отырып, азықтандыру тәртібін ретке келтірудің маңызы зор. Қындардың қызметтерін қалыптастыруды, азыққа зауқын ащуды дәне күйіс қаймаруын рефлектолы түрде қоздыру үшін аздан-аздан жиілетіп жоғары сапалы пішім не пішімдеме, көк шөп, сұрлей, майда туралған қант қызылшасына сәбізге не картопқа ас түұзын сеуіп, ұннан жасалған ботқа, 50-100г нан не сыра ашытқысын береді. Малдың жалпы жағдайы жақсарған сайын азықтың мөлшерін бірте-бірте қалыпқа дейін көбейте береді. Сау малдың мес қарнынан 1-2 л жын алып, таза күйінде ауру малдың қарнына енгізген дұрыс.
Зат алмасу процесін жақсарту мақсатымен тері астына 100-200 ЕД инсулин, 3-4,5 г натрий кофеин-бензоат және қан тамырына 250-300 мл 20-40% глюкоза ерітіндісін, 500-600 мл 10% натрий хлорид ерітіндісін, кальций хлорид ерітіндісімен 1 кг салмаққа шаққанда 0,04-0, 06 г араластырып енгізеді.
Сақтандыру шаралары: Бұзылған үсіген азықтарды және тарымын, сұлының қауыздарын құрғақ күйінде беруге болмайды. Азықтың бір түрінен екінші түріне біртіндеп көшірген дұрыс. Сапалы азықтандыруды күнделікті, 4-6 км аралыққа жүйелі түрде серуендетумен үйлшестіріп тұру, қарындардың гипотониясы мен атониясын сақтандырудың сенімді жолы.

Қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы (Hypotonia et atonia rvminis rericvji et omasi chronica) (хроническая гипотония и атония проджелдкоя) - қарындардың жиырылу-созылу қызметтерінің бұзылуының ұзаққа созылып тұрақты етуімен сипаталатын басалқы, көбнесе қосылқы түрде дамитын дерт.
Себептері. Созылмалы гипотения және атония кейде олардың жіті түрінен өрбіп дамиды. Олардың өз бетімен дамуына бірынғай және сапасыз азықтармен, мысалы, көп уақыт қүрғақ сабанмен, кесіп ұнтақтаған сабанмен, көшеуілдетіп шабылған не сілтіленіп кеткен пішенмен, бұтақтардан дайындаған азықпен, топанмен, мекенмен, сонымен қатар сапасы нашар сүрлемемен азықтандыру себепкер долады. Малды көп мезгіл серуендетпеу қарындардың гипотониясы мен атониясын тудыруға әкеліп соқтырды.
Қарындардың созылмалы түде өтетін қосалқы (ілеспелі) гипотониясы және атониясы көбнесе белоктардың миниралды заттардың және атониясы, көбнесе блоктардың, минералды заттардың және витаминдердің жетіспегендігі нен зат алмасуының бұзылуларынан; углеводтер және майлай алмасуларының бұзылуларынан; ас қорту жүйесінің кей бөлімдерінің қабынуларының; іш қуысындағы ағалардың бір-бірімен жабысып қабынуларынан, мысалы жарақтты, ретикулоэитонитте:
Дамуы. Қарындардың қимыл қызметтерінің ұзақ уақыт бұзылуына байланысты, жіті гипотониядағыдай, азық жынында микроорганизмдердің құрамы өзгереді, шіру процесі күшейе түседі, рН қыщқылданады, уақыттар жиналады. Уаттар, жынының сұйығымен денеге сініп организмді уландырады. Инфузорйдін құрамы өзгереді не олар мүлдем жоғалып кеткеді.
Өлекседегі өзгерістер. Мес және жалбыршақ қарындар кейде керіліп кетеді. Мес қарымдағы жын тығыздалынады , кейде қоймалжынданады, өткір жағымсыз иіс шығады. Жалбыршақ қарындағы жын, көбнесе кеуіп, құрғақтанып, қатып қалады. Жалбыршақтар беттерінің кей жерлері қызарынқырайды, ошақтанған шірулер байқалынады. Қосалқы гипотонияда іш қуысы ағзалардың бір-бірімен жабысып, өсіп кеткен жерлері анықталынады; дене уланып зат алмасуы бұзылған кезде - бауырда , бүйректеде, жүректе азғындағандық, кейде сірі қабықтар астында және паренхиматозды ағзаларда қанталағандық көрінеді.
Белгілері. Малдың азыққа деген зауқы өзгереді, көбнесе төмендейді немесе бұзылады, кейде мүлдем қабылдамайды. Жалпы жабығады, әлсірейді, арықтайды, сауынды сиырдың сүті құрт кемейді. Түктері тікірейіп, өзі бүкірейг» түрады. Ауру асқындаған жағдайда ыстығы көтерілмейді; тамыр соғуы, тыныстануы жиіленеді. Күйіс қайтаруы және кекіруінең түрақтылығы бұзылады, сирейді, күйіс қаәтару мерзімі қысқарады, кейде кейде жоғалып кетеді. Кекіргенде шыққан газдар жағымсыз сасық иісті болады. Анда-санда сасық иісті жын құсуы мүмкін. Мес қарынның толу дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Азықтанып болғаннан кейн мес қарында газдың құралуы тездетілгендіктен, сол жақ еш бүйірі қампиып, аш кезінде түсіп кетіп тұрды. Мес қарындағы жынның консистенциясы, көбнесе, нығыздалынған не серпімді (газдар), сиректеу толқындалынған (флюктуация) болып келеді. Мес жалбырлық қарындарының маңын қолмен басқанда, кейде мал ауырсынады, мазасызданады. Мес қарынның жиырылу күші әлсірейді және сиректенеді немесе мүлдем жоғалып кетеді. Руменграммада кертештердің аласырғаны және демалыс мерзімінің ұзарғаны байқалады.
Барысы. Ауру 2-3 аптаға, кейде 1-2 айға созылады. Қарындардың қосалқы гипотониясы және атониясы ұаққа созылады.
Анықтау. Қарындардың басалқы түрде өтетін аурулардың анықтауға олар туралы жиналған мәліметтер мен клиникалық белгілері жеткілікті бола алады. Созылмалы түрде өтетін қосалқы гипотонид мән атониясының белглі негізгі аурулардың – сүйектің жұмсаруы (остеомаляция), ацетонның қанға көбеюі (ацетонемия), акобальтоз, гаотроэнтериттер және басқаларының белгілерімен толықтырады. Буаз малда гипотония жәй дамиды. Перитониттің, іш қуысы ағзаларының бір-бірімен жабысып өсіп кеткен аурулардың салдарынан пайда болатын қосалқы гипотонияны анықтау киынға түседі. Ауруды анықтарда жараққаты ретикулит және жалбыршақ қарынның ластануын еске аоған жөн.
Емі. Басалқы созылмалы гипотонияда ауруды тудырған себептерді, ауруды тудырған себептер сапасыз азықтармен азықтадырылғаннан болады, оларды жоюға бағыттайды. Мес қарынның, ішіндегі жиналған газдардан зонд арқылы тазартады, 30-32оС дейін жылытылған сумен шаяды. Тереңге бойлаған салқын клизма жасау арқылы рефлекторлы тұрде қарындардың күш – қуатын, жиырылу қызметін арттырады. Қарындардың рефлекторлық және жиырылу-созылу қызметтерін қалпына келтіру мақсатымен мес қарынды күнңне 10-15 минуттен 2-3 рет уқалайды; мес, жалбыршақ қарындарға, ултабарға және ішектерге диатермия жасайды; мес қарынға фарадизция жүргізеді; тері астына, бөлшектеп, карбохолин не пилокарпин гидрохлорид ерітінлділерін, қан тамырына 300-400 мл 10% натрий хлорид ерітіндісін енгізеді, сол мақсатпен сиырларға новокаинмен бүйректер маңына блокада жасайды.
Іш өткзетін дәрілерден бөлшектеп әр 3 сағат сайын 3-4 литрден. 2-3% магний не натрий сульфат ерітінділерін іш өткенге шейін, ал асқазан және ішектердің кілегей қабықтары қабынған кездерінде 400-500 г шемішке, мақта не басқа өсімдік майларына антибиотиктер қосып береді. Жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметі және зат алмасу бұзылғанда қан тамырына глюкоза (20-40% ерітіндісін 150-300 мл), тері астына – 100-200 ЕД инсулин және 3-4 г натрий кофеин – бензоат енгізеді. Азықтандыруды тәртіпке келтірудің маңызы өте зор. Аурудың бастапқы кезінде азықты жиілетіп, аздап: пішінді 1-2% натрий хлорид ерітіндісімен бүркіп, шардәрі не жаңадан шабылған көк шөп, сапалы сұрлеме, сәбіз, қант қызылшасы, пішендеме, сыра не нан ашытқыоларын, ашытылған азықтар береді. Азықтардың ендік әсерін 10-40 мл сұйытылған сірке қышқылын және 2 л суда ерітілген 500г қант беріп толықтырады. Тәулігіне екі реттен 20-30 минуттік қажытпайтын серуендету ұйымдастырады.
Қосалқы гипотонияда жоғарыда келтірілген симптоматикалық емнен басқа негізг ауруды жоюға бағытталған ендік-диеталық әрекеттер жүргізеді.

Мес қарынның азыққа толып кетуі (Paresis rvminis abingestis - переполнение рубца) -мес қарынның азық-жынға тығыздалып толып кетуін азық үйіндсі не мес қарынның бұлшық еттерінің шала салдануы деп атайды.
Себептері. Малдың, дән-күйіндегі астықты (үқыпсыз сақтағанда) – арпаны, қара бидайды, жүгерінің дәндерін, үнды, сонымен; қатар тамыр жемістерін, қойыртпақтарды, патока, қыспақ және басқа да техникалық өндіріс қалдықтарын көп жеп қоюы, сабанмен, кеш дайындалған құрғақ қамыспен көп уақыт азықтануы аталмыш ауруды тудыруға себепкер болды. Мес қарынның толу малдар, әсіресе мардымсыз азықтардан кейін шөбі мол жайылымға еркін жайылғанда жиі байқалынған.
Даму. Көп желінген азық мес қарынның қабырғасын көргендіктен кейде огның бұлшық еттерің түйілдіруге дейін апарып қатты ауырсынады; кейінірек керілу үдей түскенде мес қарын қабырғасының жиырылу күші, әлсіреп, шала салдануға дейін жету мүмкін. Жалбыршақ қарынның барорвцепторлары толған азықтың қаты бөлшектермен тітіркенгендіктен алдындағы қарындардың жиырылу-соэылу қызметтері рефлеторлы түрде тоқпақ қалады. Кекіру және күйіс қайтару процестері кідіреді. Жындағы он төмендегендігіктен клетканы ыдыратып - жарықшақтандыратын инд инруэориялерді саны азалды, бактериялардың грамм он түрларінің саны көбейеді. Қарындарда жатып азық-жын тығызданылады, ыдырайды, сөйтіп қабыну реакцияларын тудыру организмді уландырады. Ұлтабар және ішектердің жиырылу-сөл бөлу және басқа да қызметтері жиі бұзылады. Іш қуысының қысымы артқандықтан тыныстану және қан айналу процестері қиындайды. Кей малда дене қазуының көтерілуі қарындарда,көбінесе жалбыршақ қарында, ұлтабарда және ішектерде қабыну процестері басталғанда байқалынуы мүмкін.
Белгілері. Бастапқы белгілері-азыққа зауқы болмайды, аздап тынышсызданады. Мал басын бүріп бүйірлеріне қарай береді, бүкәрейіп тұрады, құйрағын бұлғақтата береді, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді, кейде жатады, тез тұрып кетеді, мазасызданып ыңыранады. Күйіс қайтаруы және көкірінуі тоқтайды,ауызынан сілекейі ағады, кейде құсады. Сол жақ аш бүйірі қабыртқа дөңгейіне төнеледі. Мес қарындағы артық жынының консестенциясы тығызданылады, қолмен басқанда пайда болған шұңқыр біртіндеп барып жоғалады. Аурудың бастапқы кезінде мес қарынның жиырылуы жиілейді, үздік – создық болып қысқарады; мұндай белгілер аурудың тыныссыздану кезіне сәйкес келеді. Кейінірек азық жыны ісініп, кейде жоғалып кетеді. Жалбыршақ қарынның, ұлтабардың және ішектердің қимылдары әлсіреп шуылдары бәсендейді. Нәжістенуі сиректейді, нәжісі қоюланып қатқыланады, қоймалжын шаранамен бүркелінеді, кейде қорытылмай қалған жемшөптің қалдықтары көп кездесі. Ауру ұзаққа созылған жағдайда организм уланады, кейбір бұлшық ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру